Теориялық биология курсы ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет15/16
Дата30.09.2022
өлшемі71.42 Kb.
#461694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
теор.био. дәріс тезистер (1)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Ақпараттық, байланыстылық, тұрақтылық теориялары
2. Ақпарат теориясы
3. Хабар
Тест тапсырмалары
1. Тіршілік процестерінің ырғақтары табиғи циклдерге сәйкес келетінін байқаған ғалым
А) & А.Богомолец
В) Р.Клаузиус
С) В.И. Вернадский
D) Т. Морган
Е) Н.П.Кренке
2. Организмнің тіршілігіне байланысты табиғи ырғақ түрі
А) Сыртқы циклдар
В) Адаптациялық биологиялық ырғақтар
С) Тәуліктік ырғақтар
D) &Ішкі циклдар
Е) Эндогенді тәуліктік ырғақтар
3. Организмнің қоршаған ортадағы өзгерістерге байланысты бейімделген табиғи ырғақ түрі
А) &Сыртқы циклдар
В) Адаптациялық биологиялық ырғақтар
С) Тәуліктік ырғақтар
D) Ішкі циклдар
Е) Эндогенді тәуліктік ырғақтар
4. Хромосоманың мөлшері, саны пішіні, көбею және эмбриогенез мерзімі, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алуы қамтылу өлшемі
А) Физиологиялық-биохимиялық өлшем
В) &Генетикалық өлшем
С) Анатомиялық-морфологиялық өлшем
D) Эволюциялық-географиялық өлшем
Е) Туылым өлшемі
5. Байланыстың математикалық теориясы еңбегінің авторы
А) & К.Шеннон
В) Р.Клаузиус
С) В.И. Вернадский
D) Т. Морган
Е) Н.П.Кренке Тіршіліктің пайда болу ерекшеліктері

1

№ 15
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Тіршіліктің мәні
2. Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар
3. Тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайындағы гипотезасы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тіршіліктің мәні жайындағы проблема – биологиядағы қиын проблемалардың бірі. Бұл туралы материалистік ұғым ғылымдағы идеалистік және механистік бұрмалаушылықтармен және діни соқыр сенімдермен шиеленіскен күресте дамыды.
Биологияда витализм әрқашан ғылымға қарсы реакцияшыл ағым болып келеді. Ондағы негізгі жағдай табиғаттағы барлық тірі денелерде ерекше тіршілік күші (vis vitalis) немесе «жан» бар деп тану.
Тіршілік күші материясыз ерекше субстанция саналып, материялы дүниеге тәуелсіз деп қаралды. Сондықтан виталистік концепцияны бір беткей жақтаушылар тіршілік күші кұдайдың құдіретімен жаралған деп санады. Осыған келіп, ақыреттік өмір бар деген діни сенімге байланысты жан (ажалсыз) мәңгі деген ұғым туады.
Витализмге карама-қарсы, табиғат жайында механистік көзқарас пайда болды. Бұл XVIII ғасырда француз материалистерінің ықпал етуіне байланысты кеңінен таралды.
Тіршіліктің мәні жайындағы мәселенін қазіргі жағдайы. Соңғы жылдары биохимия, биофизика, генетика және басқа биология ғылымдарының салаларында ірі табыстарға байланысты, тіршілік проблемасы және оның пайда болу мамандығы әр түрлі ғалымдардың зейінін аударуда. Соңғы 15 жылда биосинтез бен тұқым қуалау процесінде ақуыз емес заттардың (нуклеин қышқылдарының) өте маңызды ролі жайында көптеген материал жиналды.
Микроскоптың ашылуымен және тірі микроағзаны зерттеумен байланысты тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайындағы гипотеза басқа бейнеге ие болады.
Тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайындағы гипотезаны идеалистік бағыттағы ғалымдар ғана жаратылыс зерттеуші-материалистер де жақтады. Тіршіліктің өздігінен пайда болуын Ламарк та жақтады.
Микроағзалардың өздігінен пайда болу жайындағы жаратылыс зерттеушілердің арасындағы талас 1862 жылғы дейін созылып келді. Бұл гипотезаны осы жылғы Луи Пастердің тәжірибелері жоққа шығарды.
Пастердің осы жұмыстары белгілі бола басталысымен тіршілік мәңгі деп танитын идеалистік гипотезалар да бастады. Бұған космостық ұрықтар (космозойлар) гипотеза мен панспермия (жалпы ұрықтар) гипотезасы жатады.
Космостың ұрықтар идеясын 1865 ж. алғаш айтқан неміс дәрігері Г.Рихтер болды. Ол тіршілік мәңгі, тіршілік ұрықта бір планетадан екінші планетаға ауысып отырады де түсіндірді.
1907 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус панспермия гипотезасын ұсынды. Бұл гипотеза да алдында айтылған тіршілік мәңгі деп таниды. Бірақ Аррениус ұрық метеорит ілісіп жерге түсу мүмкіндігі жоқ, деп санайды, себебі метеориттің сыртқы ауа мен үйкелісуінің нәтижесінде соншалық қатты қызады, ондағы ұрықтардың қандайы да, өну қабілетін жояды деп қарайды. Панспермия гипотезасы бойынша басқа күн системаларының құрамындағы планеталардың бетінен ұшқан сондай ұрықтарды жарық сәулелері ілестіріп Куннің тарту сферасына енгізеді.
Аталған гипотезалардың екеуі де тіршілік мәңгі деп қарайды, демек, бұлар Жер бетінде тіршіліктің пайда болу проблемасын материалистік тұргыдан шешудің жолын жабады.
Сөйтіп, тіршіліктің өздігінен пайда болуы туралы гипотезаның қайсысы болса да, тіршілік мәңгі деген гипотеза да Жер бетінде тіршіліктің пайда болу проблемасын шеше алған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет