Теориялық биология курсы ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет3/16
Дата30.09.2022
өлшемі71.42 Kb.
#461694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
теор.био. дәріс тезистер (1)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Өмірдің біртүгастылығы және көптүрлілігі немесе Сент - Илер заңының тұрымдамасы
2. Органикалық форманың көптүрлілігі
3. Биология дүниесінің жіктелуі
Тест тапсырмалары
1. Өмірдің біртұстылығы және көптүрлілігі туралы заң
А) Дарвин заңы
В) Кренке заңы
С) Вернадскийдің бірінші заңы
D)& Сент - Илер заңы
Е) Морган -Эфрусси заңы
2. Әртүрлі органикалық формалардың қүрылысы мен қызметінің үқсастығы ортаның ұқсас жагдайына бейімделіп дамуының параллельділігі
А)& Аналогия
В) Гомология
С) Иерархиялық
D) Помология
Е) Адаптивтілік
3. Теориялық биологияда қолданылатын белгілі бір объектіге тиесілілік қасиеті
А)& Атрибутивтілік
В) Дәлелділік
С) Тарихилығы
D) Жүйелілік
Е) Атаулығы
4. Әртүрлі органикалық формалардың қүрылысы мен қызметінің үқсастығы олардың келіп шығу шегінің біреу болуына байланыстылығы
А) Аналогия
В)& Гомология
С) Иерархиялық
D) Помология
Е) Адаптивтілік
5. Тип түсінігінің эмбриологиялық негіздемесін жасаған ғалым
А)& К.М.Бэр
В) А.И.Опарин
С) В.И.Вернадский
Д) Н П.Кренке
Е) Ханс Дриш

1

№ 3
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Биосфера туралы түсінік
2. Тірі материяның негізгі қасиеттері
3. Биосфера, атмосфера, гидросфера және литосфера
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Организмдердің биомассасынан құралған органикалық дүние планетарлық жұқа қабықты және жер қыртысының геологиялық құрылысына, өсімдіктер мен тірі микроорганизмдердің эволюциясына, адамзаттың пайда болуы мен оның өмір сүруіне себепші болған, оның өмір сүру ортасы – биосфераны құрайды. Биосфера терминін ең алғаш австриялық геолог Э.Зюсе 1875 жылы ұсынған болатын. Бұл түсінікке ол Жердің барлық тірі ағзаларды жатқызды. Бұл ұғымды орыс ғалымы В.И.Вернадский «Биосфера» (1926) атты кітабында егжей-тегжей тоқталып, оны жетілдіріп, толықтырды. Бұл кітапта Жердің бірден-бір тіршілігі бірінсіз бірі өсіп-өңбейтіні, оның үдемелі орын тепкен жүйе екені баяндалды.
В.И.Вернадский ғаламшардың сыртқы қыртысының химиялық күйі оған орын тепкен ағзалардың, бүтіндей әсерінде болатынын көрсетті. Оның биосфера туралы ілімі тек тірі материаның негізгі қасиеттерін ғана және қоршаған ортаға ықпалын ғана анықтап тексеріп қоймақ, тіршіліктің абиотикалық (өлі) ортаға (атмосфера, гидросфера және литосфераға) орасан зор кері әсерін де бірінші рет ашып берді. Жердің бүкіл сыртқы ұабығы тұңғыш рет біртұтас қалпында түсіндірілді.
Биосфераның құрылымы биоценоздар, табиғаттың зоналар мен жер бетінің көрінісі, биогеографиялық облыстар, өсімдіктер формациясы сияқты оның құрамдас бөліктерінің қалыптасу динамикасы және оның дамыуымен анықталынады. Биосфера, атмосфера, гидросфера және литосфералармен тығыз байланысты және оның дамуының себебі бола отырып планетадағы энергия мен заттардың айналымын және олардың орын алмасуын қамтамасыз етеді.
Жердегі заттардың айналымы қоршаған ортамен ерекше қатынасының арқасында глабальды рөл ойнауға себеп болған өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалардың тиісті қарым-қатынасымен анықталады.
Өмірді глобальды құбылыс ретінде түсіну – оны теориялық ұғыну кезеңдерінің бірі деп есептеуге болады зерттеулер барысында әртүрлі деңгейдегі биоценоздар мен экожүйелер, түсініктер пайда болып олар дами бастады. Биосфераның жердің экологиялық тарихын анықтайтын фактор есебінде қарастыратын кең концепция пайда болды. Бұл В.И.Вернадский (1863-1945) ұсынған концепциясы - өмірдің глобальдығы заңының өзегі болатын.
Глобальдық масштабты алсақ, біздің планетаның биомассасы онша үлкен емес, ол жер шарының массасының 1/6000000 бөлігін ғана құрайды. Сонымен бірге, оның әсер ету ауқымына қарасақ, биомасса планетадағы ең бір құдіретті күштердің бірі болып саналады.
Атмосфераның газдық құрамының қалыптасуы мен тұрақтылығы – бұл өмірдің нәтижесі.
Жердегі фотосинтез өнімінің жылдық мөлшері 42-46 млрд. т. органикалық көміртегін құрайды.
Фотосинтез жасаушы өсімдіктер, яғни жасыл өсімдіктер мен кейбір бактериялар СО2, Н2О, азот қоспалары, фосфор, күкірт сияқты органикалық емес заттарды органикалық заттарға айналдырады.
Өздерінің биологиялық айналымдағы рөлінің арқасында жасыл өсімдіктер тобы органикалық заттардың продуценттері деген атаққа ие болады. Консументтер (пайдаланушылар) тобы негізінен жануарлардан тұрады. ал ағзалардың ақырғы (бактериалар, актиномециттер, өте майда саңырауқұлақтар) үшінші тобы органикалық заттарды бүлдіріп, оларды минералдандырады.
Бұл топтың өкілдері редуценттер деп аталады.
Биосфера табиғаттық зоналарға, ал олар болса өз кезегінде табиғаттың жер бедерлеріне бөлінеді. Бір табиғаттық жер бедері шеңберінде көптеген биоценоздар болады. Әрбір биоценоз жер бетінің белгілі бір бөлігімен байланысты.
Биоценоздың құрамдас бөліктері белгілі бір материалды дене болады: тірі және қатып қалған. Оның тірі құрамдас бөліктеріне: продуценттердің, консументтердің, редуценттердің нақты популяциялары жатса, қатқандарға – атмосфера, су, тау жыныстары, топырақ, яғни оның тірі емес бөлігі жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет