Теориялық биология курсы ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет4/16
Дата30.09.2022
өлшемі71.42 Kb.
#461694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
теор.био. дәріс тезистер (1)

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Жердегі заттар айналымы
2. Тірі материяның негізгі қасиеттері;
3. Биоценоздар
Тест тапсырмалары
1. Өмірдің глобалдылығы туралы заңы
А) Дарвин заңы
В) Кренке заңы
С) &Вернадскийдің бірінші заңы
D) Сент - Илер заңы
Е) Морган -Эфрусси заңы
2. В.И.Вернадскийдің «Биосфера» атты еңбегі жарық көрген жыл
А)& 1926
В) 1943
С) 1896
D) 1922
Е) 1936
3. Организмдердің биомассасынан құралған органикалық дүние планетарлық жұқа қабықты және жер қыртысының геологиялық құрылысына, өсімдіктер мен тірі микроорганизмдердің эволюциясына, адамзаттың пайда болуы мен оның өмір сүруіне себепші болған, оның өмір сүру ортасы
А)& Биосфера
В) Гидросфера
С) Литосфера
D) Атмосфера
Е) Топырақ
4. Жер биосферасының құрамына енетіндер:
А) литосфера
В) жер қыртысы
С) жер қыртысы және жер мантиясы
D) литосфера және жер қыртысы
Е)& жер қыртысының жоғарғы бөлігі
5. Биосфера – бұл :
А)& Жердегі тіршіліктің таралу аймағы
В) Жер планетасындағы қазір тіршілгі жоқ аймақ
С) Қазіргі және бұрынғы тіршіліктің таралуы
D) Айдағы тіршіліктің таралу аймағы
Е) Ғарыштағы тіршіліктін таралу аймағы

1

№ 4
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Тіршілік үшін күрес
2. Популяция туралы түсінік
3. Табиғи сұрыптау түрлері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әрбір түр популяциясының (тарқалымының) құрамы тұқымқуалаушылық өзгермелілік процесінің арқасында генетикалық жағынан біркелкі болмайды. Бұл әртүрлілік арқылы особтардың, оның кейінгі ұрпақтары ортасының нақты жағдайына бірдей бейімделе алмауынан келіп шығады.
Өмір сүру үшін күрес жағдайда көбірек бейімделген особтардың өмірін жалғастыруға мүмкіншілігі көп болады да, олар көбінесе тұқымды көп таратады. Осының арқасында бейімделген тұқымқуалаушылық өзгерістер тұқымнан-тұқымға көбейе береді де, олардың иелері тарқалым особтарының арасында басымдыққа ие болады. Тұқымқуалаушылық, өзгермелілік және табиғи сұрыптау, яғни көбірек бейімделгендердің ұрпақтар бойы көбірек сақталатындығы, биологиялық эволюция процесінің қарапайым факторлары болып саналады. Табиғи сұрыпталу оның бағыттылығын, бейімделулілік сипатын анықтайды. Кеңестік пен уақытта өзгеруші биогеноценоздарда, әртүрлі түр тарқалымдарының географиялық, экологиялық және генетикалық оқшаулануымен күшейтілген тұқымқуалаушылық өзгерістерді табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ерекше сапалы жаңа түрдің келіп шығуын тудыратын, дивергенция (ажырау) процесі өтеді.
Биологиялық эволюцияға, оның бейімделушілік сипаттамасына және де түрлердің, одан да жоғарырақ деңгейдегі жүйелерді сапа ерекшеліктеріне ықпал жасайтын факторларды Дарвин сұрыптау механизімін теориялық тұрғыдан талдау және алынған нәтижелерді жабайы табиғатта өсетін процестерге экстраполяциялау барысында ашқан болатын. Сөйтіп, сұрыптау Дарвинге табғи сұрыптаудың моделі қызметін атқарды.
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының жаңа сорттары мен тұқымдарын жасаған кездегі бағытталған түр пайда болу процессінің негізінде Дарвиннің көрсетуі бойынша мыңа төмендегі үш фактор жатады: тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, яғни адамның қажетіне көбірек жауап беретін особьтар мен олардың басқа да түрлерін сақтап қалу және көбейту. Сұрыптаудың жабайы табиғаттағы аналогі табиғи сұрыптау, яғни көбірек бейімделген особьтардың сақталуы және олардың тұқымдарының өсіп көбеюіндегі басымдылығы. Табиғи сұрыпталудың оның селекциялық кезінің келіп шығу себептерін Дарвин кез-келген особьтардың арасында кездесетін тіршілік үшін күрес деп білді. Эволюцияның бейімділік сипаттамасын тек табиғи сұрыптау ғана қамтамасыз етеді, себебі оның механизмінің әрекеті көбірек бейімделгендердің сақталып қалуына бағытталған. Ал эволюцияның қалған екі факторларына келсек (тұқымқуалаушылық, өзгергіштік) бұлар да тірі форманың барлығына бірдей тән.
Морфофизиологиялық процесс – бұл тірі формалардың эволюция барысында ұйымдасуының күрделенуі, ол морфофизиологиялық процесс басымдық беретін орта жағдайының биотикалық және абиотикалық күрделену жағдайындағы табиғи сұрыптаудың нәтижесі. Сөйтіп, оның себебі текке қандай да бір сұрыптау емес, ол белгілі бір жағдайда өтетін сұрыптау. Органикалық формалардың тарихи дамуының негізгі бағыты есебіндегі морфофизиологиялық процесс – бұл өмірдің пайда болуынан бастап, тірі табиғаттың тарихи дамуының ең жоғарғы кезеңі болып есептеленетін, адамның қалыптасуына дейінгі биологиялық эволюцияның заңды ерекшелігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет