Лекцияның тақырыбы. Зерттеушінің деректермен жұмыс тәртібі.
(1 сағат)
Жоспар:
Тарихи деректерді зерттеудегі жалпы методика.
2.Деректің пайда болуының тарихи жағдайлары.
3.Деректерді іздеу және табу.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Источниковедения истории СССР. Под. Ред. И.Д.Ковальченко. М.,
2.Кабанов В.В.Источниковедение истории современного общества.
М., 1997.
3. Актуальные проблемы современного источниковедения. Беседа
за круглым сролом. .∕ История СССР, 1989.№6
4. Архивоведение и источниковедение отечественной истории.
Проблемы взаймодействия на современном этапе. М., 1995.
5. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.В. Методологические
проблемы исторического познания. М., 1981.
Лекцияның мәтіні.
Тарихи деректерді зерттеудегі жалпы методика.Деректің пайда болуының тарихи жағдайлары. Деректерді іздеу және табу ( деректану эвристикасы).
Деректану анализінің макқсаттары, ескерткіштің сыртқы ерекшеліктерінің анықтамасы, оның түпнұсқасын анықтау, текстік анализ, уақытты, авторды, шыққан жерін анықтау, деректің ғылыми құндылығын, толықтығын, нақтылығын анықтау.Авторлық текст, шығарманың және оның әлеуметтік мәдениеттік қоғамдағы рөлі.Шығарманың мәдениеттегі функциясы.Деректанудың интерпретациясы. Мазмұн анализі.Деректану синтезі.Адам жайындағы деректану ғылымы.Деректанудағы мағлұматтарды зерттеудегі әдістер.Әдістердің жалпы сипаттамасы.Тарихи зерттеудегі жалпы ғылымының әдістері мен оның орны.Сандық әдістер.
Біздің зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне орай дәл осы топтағы еңбектер оның негізгі тарихнамалық деректерін құрайды.Мысалы, Н.Д.Дингельштедтің, И.И.Гейердің еңбектерінен бастап, Қазақстандағы капиталистік қатынастар туралы қалам тартқан бүгінгі таңдағы зерттеушілердің туындыларына дейін осы топқа жатқызылады.Бұдан срң жарияланбаған, қолжазба күйінде сақталатын, бірақ ғылыми талқылаудан өткен, және сол негізде ғылыми дәреже берілген ғылыми зерттеу жұмыстары – диссертациялар маңызды тарихнамалық дерек қызметін атқарады.Бұл жерде, негізінен, диссертациялары монография болып жарияланбай қалған М.С.Бекбергенов, Г.Есенғалиева, Б.Ш.Шымырбаева сияқты тарихшылардың еңбектері сөз болып отыр.
5-лекция.
Лекцияның тақырыбы.Деректер. Жылнамалар.
(1 сағат)
Жоспар:
1.Жылнамалар-тарихи деректер және оның зерттелуі.
2.Жылнаманы зерттеудегі деректер.
3.Деректану анализіндегі ерекшеліктер.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректарулық негіздері”
Алматы 2002.
2.Тарих адамзат ақыл-ойаның қазынасы. 3 томдық. 3 том.
Астана 2005.
3. Архивоведение и источниковедение отечественной истории.
Проблемы взаймодействия на современном этапе. М., 1995.
4. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.В. Методологические
проблемы исторического познания. М., 1981.
Лекцияның мәтіні.
Жылнамалар – тарихи деректер және оның зерттелуі.Т.Щлецер, А.А.Шахматов. Зерттеу әдістер.Жылнамалық топ.Жылнама.Прототик.Жылнаманы зерттеудегі деректер.Деректану анализіндегі ерекшеліктер, тарихи эфристика, аударма және текстің интерпретациясы, орта ғасырлақ қытай тарихшыларының мтериалды берудегі тарихи әдет – ғұрыптары, субъективизм элементтері.
Ортағасырлар тарихының аса маңызды жазба деректерінің бір тобын – оқиғаны болған жылы бойынша баяндайтын жылнамалар құрайды.Әр халықтың даму ерекшеліктеріне қарай олардың тархи дерек көздерінің де өзіндік ерекшеліктері болады.Мысалы, қазақ халқының өткен тарихы негізінен ауыз әдебиеті туындылары аңыз-әңгіме, жыр-дастандар, шежіре т.б. айтылып, ауыздан-ауызға тарау арқылы баяндалса, орыс халқының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларды бейнеленген. Сондақтан, орыс тарихы үшін жылнакмалар негізгі дерек көздерінің бірі болып табылады.
Дегенмен, жылнамалар тек славян халықтарының ғана емес, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде даналақтардың, яғни қазіргі қазақтардың да тарихының дерек көздері міндетін атқара алады деуге болады.Өйткені, біріншіден, орыс жылнамаларында көшпенділер туралы да нақты, ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер көптеп кездеседі.Ол туралы, кезінде Ш.Уәлиханов: «Қазақтың өткен тарихы туралы Әбілғазы мен Жалайри мәліметтері соншалақты жүдеу болғанымен, орыс жылнамалары көшпенділердің ертедегі өткенін хронологиялық ретпен, там-тұмдап болса да мәлімдеп отырады» - дей келе , «Қазақ аңыздарындағы ең белгілі хан Жәнібек билік құрған кездің де құпия пердесін біраз сырады» - деп, нақты дәлел келтіреді.
6-лекция.
Лекцияның тақырыбы. Мазмұндау формасы.
(1 сағат)
Жоспар:
1.Тарихи деректердің ерекшеліктері.
2.Жылнамалық материалдың проблемалары.
3.Қазақстан тарихын зерттеудегі орыс жылнамалық тарихының рөлі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Архивоведение и источниковедение отечественной истории.
Проблемы взаймодействия на современном этапе. М., 1995.
2. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.В. Методологические
проблемы исторического познания. М., 1981.
3.Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректарулық негіздері”
Алматы 2002.
4. Актуальные проблемы современного источниковедения. Беседа
за круглым сролом. .∕ История СССР, 1989.№6
Лекцияның мәтіні.
Тарихи деректердің ерекшеліктері. Жылнамалық материалдың проблемалары. Ғамид ад дин „Жылнамалар жиыны”. И.Н.Березиннің аудармалары.Қазақстан тарихын зерттеудегі орыс жылнамалық тарихының ролі. „Алтын орда” тарихының В.Г.Тизенгаузен, Қыдырғали Жалаири „Жами ат-тауарих” материалдар жинағы.Пайда болу сыны, деректер, авторын анықтау.
Жылнамалық ақпараттардың шынайылық және өкілеттілік проблемалары.Тарих ғылымында орыс жылнамалары 300 жылға жуық зерттелініп келеді. Осы уақыт аралығында жылнаматану негізі қалыптасты.Жылнаматану – тарихи дерек ретінде жылнаманың өзіндік ерекшелігімен тікелей байланысты зерттеу проблематикасы.
Қазіргі жылнаматану проблемалары:
Жылнамаларды зерттеуге байланысты проблемалар шеңбері өте кең.Олардың негізгілері:
А) Жылнамажазушылықтың бастапқы кезеңінің қалпына келтіру проблемасы. ( проблема реконстукциясы).
ә) Жылнамалық ақпараттардың шынайылық және өкілеттілік пробемалары.
Жылнамалық шығармалардың екі түрі белгілі:
А) жылдары көрсетілмеген жылнамалар;
ә) жылдары көрсетілген жылнамалар.
Жылдары көрсетілмеген жылнамаларда ( мысалы, ХІІІғ. Галицко-Волынск жылнамасы, т.б.) уақыты бір-бірімен салыстырмалы түрде ғана айтылған.Сондықтан нақты уақыты көрсетілмеген.Дегенмен, жылнамалардың басым көпшілігінде жылы көрсетілген.Сондықтан жылнама деп аталынған, олар жылдан-жылға жалғасып отырған жазбалар. Онда көптеген нақты даталар: жылы немесе айы, ал кейде аптасы және күні, тіпті сағаты да көрсетіледі. Жылы көрсетілген жылнамаларда уақиғалар уақыты Ежелгі Русьте қалыптасқан жылсанау жүйесі бойынша жүргізілген.Ол жылсанаудың өзіне тән көптеген қиыншылықтарына қарамастан оқиғалардың болған уақытын шамамен дәл көрсете алады.
7-лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |