Лекцияның тақырыбы. Заңдық актілер.
(1 сағат)
Жоспар:
1.Заң түсінігі.
2.Актілерді деректемелік зерттеулері.
3.Ресей заңдық құрылымдарының ерекшеліктері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Актуальные проблемы современного источниковедения. Беседа
за круглым сролом. .∕ История СССР, 1989.№6
2. Архивоведение и источниковедение отечественной истории.
Проблемы взаймодействия на современном этапе. М., 1995.
3. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.В. Методологические
проблемы исторического познания. М., 1981.
4.Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректарулық негіздері”
Алматы 2002.
5. Қазақ тарихы Әдістемелік-журнал 2007ж 4.
Лекцияның мәтіні.
Тарихнама.Заң: анықтама түсінігін талдауға ұмтылу.Әдет-ғұрып пен заң арасындағы қарама қайшылықтардың қарым-қатынасы.Заңдық актілердің публикациялығының жүйесі.Заңдық актілердің классификациясы. Актілерді деректемелік зерттеу мәселелері. Заңдық актілердің құрылымының негізгі стадияларын зерттеу.Деректемелік анализ методикалы әдістері.Ресей заңдық құрылымдарының еркшелігі.Сібір қазақтарының жарғысы ( 1822ж 22 маусым), орынбор қазақтарының жарғысы ( 1844ж 14 маусым), Жетісу және Сырдария облыстарын уақытша басқару ережесі ( 1867 ж), дала облыстарын уақытша басқару ережесі ( 1868ж), Ақмола, семей, Орал, Торғай облыстарын басқару ережесі ( 1891 ж).
Басқа мемлекеттер тарихы сияқты, Қазақстан республикасы тархының да дерек көздерінің үлкен бір тобын заң актілері құрайды.қазақ халқының, осы жерді мекендеген өзге де ұлттар өкілдерімен бірлесіп, құқықтық мемлекет құру жолына түсуі заң актілерінің тари дерек көздері ретіндегі маңызын арттыра түсті.Өмірдің барлық саласының заңдық негіз алуы, қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістердің белгілі бір заңдарға сәйкес жүргізілуі, ел тарихының әр алуан заңдарда бейнеленуіне алып келді.Демек, заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білу – тәуелсіз Қазақстан тарихының объективті жазылуының басты алғышарттарының бірі.
Посткеңестік кеңістікте, әсіресе дәстүрлі деректану мектебі ғасрлар бойы қалыптасып, дамыған Ресейде, қазіргі заман тарихының заңдық деектеріне деген қызығушылықтың артуы байқалады.Олардағы ғылыми зерттеудің қазіргі деңгейі, идеологиялық құрсаудан босану, білімнің интеграциялық үрдісі т.т. заңдық дерек көздеріне деген деректанулық талдауға жаңа талаптар қойып отыр.Осыған байланысты Ресей ғаламдары заң шығарушылықтың рөлін жаңа тұрғыдан бағалауға, заңшығарушының құқықтық санасының, оның ішінде қоғамның өзінің де , өзара байланыстылығын анықтауға ерекше көңіл бөлуде.Ресей ғалымдарының заң актілерін өз тарихының дерек көздері ретінде зерттеудегі іс тәжірибе біздер үшін де пайдалы болуы мүмкін.Себебі, заң актілерін дерек көздері ретінде талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері бәрінде де бірдей дерлік.
Қазіргі Ресейде, бұрын белгісіз болған немесе жасырылып келген құжаттардың ғылыми айналымға тартылуына, заң актілері түрлерінің, көбеюіне, заң актілерін талдаудың жаңа тәсілдері мен әдістерінің іздестірілуіне байланысты бұл сакланы зерттеу ауқымының артуы байқалады.Сонымен қатар, заңдар мен басқа да құқықтық актілерді – жеке, топтық, әлеуметтік мүдделердің нақты бейнеленуі ретінде, қоғам мен мемлекеттегі және әлемдегі өзгерістердің нәтижесі ретінде жүйелік бірлікте қарау үрдісін де байқауға болады.Деректану ғылымы енді ғана қалыптасып келе жатқан Қазақстан тарихшылары үшін Ресей ғалымдарының мұндай тәжірибесін зерттеудің маңызы зор екендігі түсінікті.Ол бізге өз еліміздің заң актілерінің дерек көздері ретіндегі ерекшеліктерін анықтап. Сол ерекшеліктерге сай деректанулық талдаулар жүргізуге көмектесері анық.
14-лекция.
Лекцияның тақырыбы: Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек.
(1 сағат)
Жоспар:
1.Жеке адамның жазбалары.
2.Мемуарлық деректердің табиғаты,орны,маңызы.
3.Саяси процес тер материалы тарихи дерек.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Источниковедения истории СССР. Под. Ред. И.Д.Ковальченко. М.,
1973.
2.Кабанов В.В.Источниковедение истории современного общества.
М., 1997.
3. Ковальченко И.Д. Исторический источник в свете учения об
информации – История СССР, 1982.
4.Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректарулық негіздері”
Алматы 2002.
Лекцияның мәтіні.
Анықтама.Классификация.Эволюция.Тарихнама.Мемуарлар. Күнделіктер.Жек адамның жазбалары.Мемуарлық деректердің табиғаты, орны, маңызы.Мемуарлардың құрылымы.Мемуарларды публикациялау дамуының негізгі кезеңдері.Мемуарлық деректердің классификациялау принціптері, мақсаты және анализі.Саяси процестер материалы – тарихи дерек.
Классификация.Негізгі түрлер.Анализ принціптері.Соттық тергеу процестеріндегі нақтылығы, толықтығы.Саяси процестердің деректемелік дамуына әсер ететін факторлар.
Тарихи дерек көздерінің үлкен бір тобын өзінің пайда болу жағына жеке адамдарға тән дерек көздері құрайды.Сондықтан олар ғылыми әдебиеттерде „жеке адамдық дерек көздері” деп аталады.Дерек көздерінің өзіндік ерекшеліктері мол осы тобы туралы деректанушы Қ.Атабаев: „Қазіргі деректану ғылымында жазба деректерді сыныптауда” жеке адамдық дерек көздері” сияқты дерек көздерінің ерекше түрін бөліп көрсету және зерттеу кеңінен қалыптасқан.Оған: заманхаттар ( мемуарлар), естеліктер, күнделіктер, жеке жазбалар, хаттар, т.б. жатады. Бұлардың ең басты түрлік ерекшелігі пайда болу негізі жағынан жеке адамдық деректер тобына жатқандықтан, олардың аса субъективтілігі. Сонымен қатар, ол дерек көздерінің түрлік айырмашылықтарының айқынсыздығы.Ол бір жағынан ондағы мәліметтердің құжаттылығында ( немесе ғылымилығында), екінші жағынан олардың мазмұны мен формасының көркемділігі мен публицистикалығында” деп жазды.
Жалпы, жеке адамдық сипат барлық дерек көздеріне де тән, бірақ ол барлық уақытта айқын көріне бермейді.Мысалы, халықтық сипатқа ие болған ауызша тарих айту дәстүрінің туындылары – фольклордың өзінде де жеке адамдық бастау болған.Кезінде оларды да белгілі бір адамдар, белгілі бір оқиғаларға байланысты дүниеге әкелген.Бірақ, олар ауыздан-ауызға берілу арқылы ғасырлар барысында жеке адамдық сипатынан айрылып, халықтық сипатқа ие болған. Өзінің жеке адамдық бастауын сақтап қалған „Тәуке ханның тура жолы”, „Қасым ханның қасқа жолы”, „Есім ханның ескі жолы” сияқты дерек көздері соның дәлелі.
15-лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |