Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет45/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

Босанудың III кезеңі
Нәресте туылғаннан кейін активті түрде босанудың III кезеңі басталады.
1. Нәресте туылғаннан кейін әйелдің ішіне екінші ұрық бар жоқтығын анықтау үшін пальпация жасалынады. Екінші ұрық жоқ болған жағдайда әйелдің санына 10 Б окситоцин енгізеді.
2. Кіндік бауын бақылау қажет, кіндік бауын спиртпен өңдеп, қысқаштың біріншісін кіндік сақинасынан 10 см, екіншісін одан 2 см қашықтықта орналастырып, олардың арасын қайталап спиртпен өңдеп, стерильді қайшымен кіндік бауын кеседі.
3. Нәресте туылғаннан кейін баланың жағдайын бағалайды. Егер нәресте жағдайы жақсы болса, нәресте денесін құрғақ, жылы жаялықпен сүртіп, орау қажет.Анасының кеудесіне жатқызамыз, нәрестені таза және жылы бас киім, шұлық кигіземіз және таза жаялықпен, одеяломен ораймыз.
Дәрігер үшінші кезеңді өте ұқыптылықпен жүргізеді. Әйелдің кіші дәретін арнайы түтікшемен шығарып, бала жолдасының бөліну белгілерін анықтайды.
1. Шредер белгісі - жатыр пішіні мен оның деңгейінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда жатыр деңгейі кіндік тұсында орналасады, плацента бөлінген кезде, ол кіндіктен жоғары көтеріліп, оңға қисаяды.
2. Довженко белгісі – әйел терең тыныс алған кезде бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмаса, оның жатыр қабырғасынан бөлінген белгісі.
3. Чукалов – Кюстнер белгісі бойынша, алақан қырымен жатыр үстін шат жігінің жоғарғы жағынан басқанда, егер плацента жатыр қабырғасынан бөлінсе, бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмайды.
4. Альфелда белгісі – плацента бөлінген кезде, кіндік бауға салған лигатура 8-10 см төмен түседі. Плацента жатыр қабырғасынан бөлінгеннен кейін, әйелді күшендіріп, бала жолдасын тудырып алады.
Егер бала жолдасы өздігінен түспесе, онда мына тәсілдерді қолданады:
1. Жатырды сипалап, уқалап, содан кейін екі қолмен құрсақ еттерін ұзыннан бүктеп көтеріп, әйелді күшендіреді. Әдетте, жатыр қабырғасынан бөлінген бала жолдасы тез арада түседі(Абдуладзе тәсілі)
2. Дәрігер жатырды уқалап, оның деңгейін ортасына келтіріп, босанған әйелдің сол жағынан тұрып, оң қолдың бас бармағын жатырдың алдыңғы қабырғасына, төрт саусақты артқы қабырғасына, алақанды жатыр түбіне орналастырып, содан кейін жатыр түбін алға, төмен басып бала жолдасын тудырады(Креде Лазаревич тәсілі)
Дәрігер бала жолдасының бөліктері мен қағанақ қабықшаларын түгелдеуі қажет. Егер жатыр қуысында бала жолдасының бөліктері қалса, онда жатыр қуысын қолмен тексереді, босану жолдарын арнайы қынаптық айнамен қарап, жарақаттанған жерлерге жіп салады.
Үшінші кезеңде әйелді тасымалдауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет