Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық


«Бастың төбемен орналасуындағы босану биомеханизмі»



бет52/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Акушерия теориялық және симмуляция

11.. «Бастың төбемен орналасуындағы босану биомеханизмі»
Бас сагиталды жігімен жамбасқа кіре берісте көлденең немесе сирек қиғаш өлшеміне орнығады. Үлкен және кіші еңбектері бір деңгейде тұрады.
І сәт - бас сәл шалқаяды, үлкен еңбек төменге түсіп жетекші нүкте болып табылады.
ІІ сәт- бастың іште бұрылуы. Жамбас қуысында бас шүйдесімен артқа қарап бұрылады, сагиталды жігі тік өлшеміне сәйкес келеді.
ІІІ сәт -бастың жарып шығу а) бастың иілуінен; б) жарып шыққан бастың шалқаюынан тұрады. Жыныс ернеуінен алғашында төбе үлкен еңбегімен, сосын маңдай көрінеді. Кеңсірік аумағы шаттың төменгі жиегіне тіреліп, бірінші бекіту нүктесін құрайды. Осы нүктенің бойында бас иіліп, шүйдесі шүйде ойығына дейін жарып шығады. Шүйде ойығы сегізкөзбен құйымшақ байланысқан жерге тіреліп, екінші бекіту нүктесін құрайды, соның бойында бас шалқайып, шаттың астынан беті туылады.
IVсәт- бастың сыртта және иықтарының іште бұрылыс жасауы. Бұл жағдайда бас жамбастан тік өлшемімен өтеді. (12см – 34см).
Босану ісігі үлкен еңбектің аумағында орналасады, бастың конфигурациясы брахицефалды болады (мұнара секі
12. «Маңдайымен келгендегі босану биомеханизмі»
1 сәт – бастың шалқаюы. Бас өзінің үлкен қиғаш өлшемімен жамбастың кіреберісіне орнығады. Жетекші нүкте мұрынның қыры болып табылады. Маңдай тігісі жамбастың кіре берісінің көлденең өлшеміне орнығады. Осы қалпында жамбастың түбіне дейін түседі.
2 сәт – бастың шүйдесінен арқаға қарап іште бұрылыс жасайды. Маңдай жігі жамбастың шыға берісінің тік өлшеміне өтеді.
3 сәт – бастың кесіп шығу кезінде, бастың
а) бүгілуінен
б) шалқаюынан тұрады. Бірінші жыныс ернеуінен маңдай сосын көз бен мұрын көрінеді. Үстіңгі жағы шаттың төменгі қырына тіреледі (бірінші бекіту нүктесі), бас иіледі, төбесі мен шүйдесі туылады. Сосын шүйде ойығы сегізкөз бен құйымшақ байланысқан жерге тіреледі (екінші бекіту нүктесі), бас шалқаяды, осы кезде шаттан иегі мен аузы көрінеді.
4 сәт – басы сыртта, иығы іште бұрылыс жасайды. Бастағы босану ісігі өте үлкен, маңдай тұсында орналасады. Басқа пирамиданын пішінін береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет