Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет49/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

Құрал-жабдықтар: сантиметрлік лента, кушетка
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге зерттеу жүргізетіндігін және зерттеу алдында қуығын босатуды ескертіңіз.
2. Жүкті әйелді аяғын созып кушеткаға жатқызыңыз.
3. Сантиметрлік лентаны алдынан іштің кіндік деңгейіне, артынан бел тұсына қойып, өлшеңіз.
4. Нәтижесін белгілеңіз.
5. Сантимерлік лентаны іштің ортаңғы сызығының бойымен бір ұшын симфиздің жоғарғы тұсына, екінші ұшын жатырдың ең жоғарғы жеріне қойып өлшеңіз.
6. Анықтаған өлшемдерін белгілеңіз.
7. Жүкті әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз.
8. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
9. Анықтаған нәтижені медициналық құжатқа жазыңыз.

6. «Акушерлік стетоскоптың көмегімен ұрықтың жүрек соғысын тыңдау»
Зерттеу мақсаты: Ұрықтың жүрек соғысының жиілігін және тонын анықтау.
Құрал-жабдықтар: Акушерлік стетоскоп, секундомер, кушетка.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге тексеру жүргізілетіндігін ескертіңіз.
2. Жүкті әйелді кушеткаға аяғын созып арқасымен жатқызыңыз.
3. Леопольд тәсілінің көмегімен ұрықтың жатуын, позициясын, түрін анықтаңыз.
4. Жүрек соғысын ұрықтың арқасы жатқан жақтан стетоскопты алдыңғы іш қабатына тығыз тіреп, тыңдаңыз. Ұрықтың жүрек соғысы жақсы естілген жерді тапқанша, стетоскопты жылжытып отырыңыз.
5. Ұрықтың 1 минутттағы жүрек соғысын санаңыз.
6. Сонымен қатар жүкті әйелдің тамыр соғысын есептеңіз (ұрықтың жүрек соғысы деп қалмау үшін).
7. Алынған нәтижені белгілеңіз.
8. Жүкті әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз.
9. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
10. Стетоскопты дезифекциялық ерітіндімен сүртіңіз.
11. Алынған нәтижені медициналық құжатқа жатқы
7. «Жүктіліктің мерзімін анықтау»
Мақсаты: Жүктіліктің мерзімін анықтау.
Әзірле: Геникологиялық кабинетті жабдықта.
1. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен зерттеу жүргізген күнге дейін, күнтізбенің көмегімен апта санын есептеңіз.
2. Ұрықтың бірінші қимылдаған күнінен күнтізбенің көмегімен апта санын санаңыз. Сол санға бірінші тумаларға 20 апта, босанған әйелдерге 18 апта қосыңыз.
3. 12 апталық жүктілікке дейінгі бимануалды зерттеудегі жүктілік мерзіміне зерттеу жүргізгенге дейінгі жүктіліктің апталығын қосыңыз.
4. Жүкті әйелге УДЗ жүргізіңіз.
5. Жүктілік мерзімін, жүктіліктің үлкен айлығында жатырдың ұзындығы бойынша анықтаңыз:
16 аптада-12см (симфиз бен кіндіктің ортасында)
20 аптада-16см (кіндіктен 2 саусақ төмен)
24 аптда-20см (кіндік тұсында)
32 аптада- 20см (кіндік пен төс сүйегінің ортасында)
36 аптада- 28см (қабырға тұсында)
40 аптада-28-32см (кіндік пен төс сүйегінің ортасында)
6. Нәтижені медициналық құжатқа жазыңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет