Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеу әдістері


Зерттеудің тарихи - педагогикалық әдістері



бет3/3
Дата02.05.2024
өлшемі28.71 Kb.
#500340
түріАнализ
1   2   3
Теориялық және тарихи- педагогикалық зерттеу әдісі

3.Зерттеудің тарихи - педагогикалық әдістері
Тарихи-әдіснамалық қағида негізінде педагогикалық зерттеуде педагогикалық құбылыстардың дамуын бақылап және салыстырып отыруға мүмкіндік беретін салыстырмалы-тарихи әдіс қалыптасып, белсенді қолданылып келеді. Мысалы, аталмыш әдіс шеңберінде білім деңгейін сараптау, бұл ұғымның қалыптасуын, даму кезеңдерін, білім беру тұжырымдамасының пайда болуын, жеке тұжырымдамалардың құрамдас бөліктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын, өзгерісін бақылауға, бұрынғы білім тұжырымдамаларының шектеулілігі мен біржақтылығын, жаңа теорияға қандай элементтерінің қосылғанын көрсетуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, өткенді терең зерттей отырып, салыстырмалы-тарихи талдау білім берудің қазіргі мәселелері туралы түсінікті толықтырады. Тарихи әдіс педагогика тарихын зерттеуде қолданылады. Педагогикалық ғылымның бұл саласы нақты тарихи жағдайда оқыту-тәрбиелеу мекемеле-рінің пайда болуы, жай-күйі және дамуын түсіндіреді.
Сонымен қатар, тарихи-педагогикалық зерттеулерде әр түрлі жалпы ғылыми қисынды әдістер (талдау, синтез, жіктеу, индукция, дедукция, салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи) және педагогика тарихы үшін ерекше рэсімдер, мұрағат құжаттары, ресми құжаттар, есеп берулер, оқулық және оқу құралдары қолданылады. Қосымша ақпарат көзіне естеліктерді, күнделіктерді, халықтық көркем туындыларды жатқызуға болады. Сондықтан, педагогика тарихын зерттеуші жалпы тарихты, фэлсафаны, мәдениеттануды және басқада тарихи білімді игеруі қажет.
Сонымен, зерттеу әдісі ретінде историзм өткен құбылыстарды сипаттауға экеледі. Ол құбылыстардағы өзгерістердің ішкі бөліктерін, дамудың нақты кезеңіндегі себептік байланыстарды анықтауға, құбылыстың ескі қасиетінен жаңа қасиеттің пайда болуын бақылауға мүмкіндік береді.
Зерттеу барысында педагогикалық құбылыстардың тарихи дамуын қисынды талдау, және керісінше, қисынды жүргізілетін теориялық талдау құбылыстың тарихи дамуын түсіндіреді. Бұл әдістер өзара өрбіп, бірін-бірі толықтырып отырады.
Зерттеуге байланысты, таным қандайда бір әдістің біріне мән береді, бірақ деректерді қарапайым сипаттау мен хронологиялық тізбектеуден аулақ болған жөн. Себебі, дамудың заңдылықтарын ашу, қажеттілік пен кездейсоқтықты айыру, тарихи деректерді түсіндірудің ғылыми негізін жасау, педагогикалық теория мен тәжірибенің болашағын зерттеу қажет.
Қазіргі педагогикалық ұғымына әрине, оның тарихы да енді. Тек тәрбиелеудің, оқытудың және басқа да педагогикалық түсініктердің өткенін білу арқылы оның келешек дамуын анықтауға болады. Қисынды және тарихи талдаудың бірлігі педагогикалық зерттеу үрдісіндегі міндеттерді сапалы шешуді қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет