«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл


Жансая: Мектеп-кеме, білім-теңіз, Барар жерге тез жетеміз. Адаспаймыз ұлы жолда Ұстаз берген білім қолда. Ернұр



бет8/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Жансая: Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз. Адаспаймыз ұлы жолда Ұстаз берген білім қолда.
Ернұр: Қадірлі мектеп, бұл мектеп, Оқыған ата-анамыз. Атыңды сенің құрметтеп, Әрқашан еске аламыз.
Хор: «Мектебім»
Мұғалім: Жеміске құты тола ма, Бір-бірлеп теріп алмасаң? Әп-сәтте шыға қоя ма, Еккен дәнің ойласаң? Білім де сондай, қарағым Біртіндеп сіңер ойыңа, Ұғып ал білім боларын Шам-шырағың жолыңда... - деп ақын М.Әлімбаев ағамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.
Оқушылар хормен: Біз «Әліппені» бітірдік.
Мұғалім: - Ия, бітірдіңдер, қазір біз Әліппені ортаға шақыртып, оған арналған өлеңдерімізді айтып шығарып салайық.
Әліппе: - Балалар, сендер мені оқып, бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендер менімен қоштасасыңдар, әрі қарай білім беретін мына «Ана тілі» болады, оны да жақсы оқыңдар.
Ана тілі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Оқушылар: - Сәлеметсіз бе, «Ана тілі»?!
Әліппе: - Міне, сендерді де таныстырдым, сендерге сәт сапар тілеймін! Сабақтарыңды жақсы оқып, мұғалімдеріңді, ата-аналарыңды қуанышқа бөлеп жүре беріңдер! (Әліппе кетуге ыңғайланады).
Гульниса: Әліппем, менің әліппем, Сені қолға алып мен, Есігін аштым мектептің Ертеңгі сәуле жарықпен.
Алдияр: Қош бол, құтты әліппем, Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің.
Сарбиназ: Ашыла берді алдымнан Кең дүние есігі. Соғылған сомдар алтыннан Әліппе - білім бесігі!
Аманбек: Әліппе деген алтын жол, Апарар сені алысқа. Жеңіл емес, ауыр жол. Тырмысып бақ намысқа.
Алина: Барлық әріп бағалы Айттық әділ бағаны. Әріпсіз сөз болмайды, Буын онсыз толмайды.
Гүлсезім: Ең алғаш алғанымда әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?! Ұстазым оның кілтін алып берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет