«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл


Мәруан: Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға басқа кітап аламыз Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз. Хор: «Әліппе»



бет9/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

Мәруан: Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға басқа кітап аламыз Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Хор: «Әліппе»
Балалар хормен: Әліппеге мың алғыс! Қош, сау болыңыз, Әліппе!
Әліппе: Рахмет, сау болыңдар!
Арайлым: Оқуды көп ойладық Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат аштық, тойладық.
Мұғалім: Балалар, жаңа сендерге «Әліппе» оқулықтарың енді «Ана тілін» оқитындарыңды айтып, таныстырған болатын. «Ана тілімен» бірге «Математика» оқулығы да келіпті. Енді оқитын оқулықтарымыз не айтпақ екен, соларды тыңдайық.
Ана тілі: Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып, мені ұқыпты оқысаңдар, көп нәрсе үйренесіңдер.
Туған елдің тілімін, Ақылы мен танымын Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін.
Нұрдәулет: Ана тілім - болашақ келешегім, Сен арқылы биікпен теңесемін. Өлең жазып,ой толғап өз тілімде, Шыңға қадам басамын мен өсемін.
Жансая: Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!
Мұғалім: - Енді математика пәніміз бізге не айтпақ екен, соны тыңдайық.
Математика: Есептеуге жүйрік болғын жасыңнан Математикаға орын берсең басыңнан Досың солар табылатын қасыңнан

  • Балалар, мен сендерге санауды, есеп шығаруды, математикалық жұмбақ шешуді үйреттім. Мені қалай меңгергендіктеріңді сынап көрейін деп сендерге біраз математикалық жұмбақтар әкеп отырмын. Тыңдап, шешуін табыңдар. (Оқушылар жұмбақтардың шешуін табады.)

Математика: Жарайсыңдар, сендерге рахмет. Сабақты жақсы оқитын оқушы болыңдар.
Мұғалім: Ия, сабақты жақсы оқумен қатар тәртіпті, әдепті болуымыз қажет.
Әдептілік жөнінде не білеміз?
- Мақсат құрмай алдыңа, қыдырып құр қаңғыма.
- Асықпай іш тамақты, жалама ыдыс, табақты.
- Қарсы ал ерте күн көзін, төсегіңді жина өзің.
- Құр бекерге қылтима, болмашыға бұртима.
- Салма аузыңа инені, үзбе жұлып түймені.
- Сыйлап үлкен кісіні, қамқорлыққа ал кішіні.
- Әдет қыл бұл ісіңді, тазалап жүр тісіңді.
- Сақта көше тәртібін, бағдаршамның ал тілін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет