Тәрбие жұмысы бойынша шебер-сыныпқа қорытынды сөз!



Дата01.03.2024
өлшемі17.53 Kb.
#493749
түріБағдарламасы
Қорытынды сөз


Тәрбие жұмысы бойынша шебер-сыныпқа қорытынды сөз!

2023-2024 оқу жылы бойынша Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жылдық жоспар құрылып іс шаралар өткізілді.


Барлығымыз білетіндей мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Біртұтас тәрбие бағдарламасы ұлттық адами құндылықтарға негізделген.
Президент Қ. Тоқаев айтқандай: «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс» - дегендей бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесі еліміздің болашақтағы жарқын келбетін айшықтайды. Құндылық адамның өмірлік ұстанымына, таңдауына, шешім қабылдауына ұстын болатын көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын анықтайды.
«Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үштағаны деуге болады» - деп Президент ұлттық құрылтайда атағандай әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік, ризашылық, бауырмашылдық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарыту қажет.
Ұлттық мүдде құндылығы Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға атсалысуға, оңтайлы имиджін қалыптастыруға, еліміздің мүддесіне, қоғам игілігіне адал қызмет етуге, ұлттық мұраға ұқыптылықпен қарауға және оны дәріптеуге, қазақ тілінің аясын кеңейтуге үлес қосатын, құқықтық, экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеуге тұғыр болады.
Ұлттық мүдде құндылығын дарыту арқылы отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, мемлекеттік рәміздерді қадірлейтін, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық мұраны, мәдениетті дәріптейтін, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеуді көздейді.
Ар-ұят құндылығы этикалық принциптерді қалыптастыруға, өзін және өзгелерді құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мінез-құлықты нығайтуға және жауапты азамат болуға ынталандырады және мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулуды көздейді. Өйткені білім де, ғылым да ерен еңбекпен келеді. Еңбек адам өмірінде маңызды. Адамның рухани дамуына, кәсіби әлеуетінің жетілуіне, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ел экономикасын көркейтуге тұғыр болады. Ар-ұят құндылығы академиялық адалдық қағидатын қолдау, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, отбасының, өз ортасының абыройын асыру, әдеп нормаларын ұстану, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну, мейірімділік таныту арқылы қалыптасады.
Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді.
Талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Сол себепті талап құндылығы білім алушылардың сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу, салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Талап құндылығы құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.
«Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз. Ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керек. Бұл салада кемшіліктер көп екені жасырын емес. Мектептегі тәрбие жұмысы ақсап тұр. Соңғы кезде оқушылардың бір-біріне қысым, зорлық-зомбылық, әлімжеттік көрсетуі жиі болып кетті. Оны, тіпті, бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салу «сәнге» айналды. Кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіреді» - деп Президент ерекше айтты.


Жоспар бойынша төмендегі шаралар өткізілді:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет