Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Мектеп сыныбының тәрбие жұмысы жүйесіндегі рөлін анықтаңыз.
2.Сынып жетекшісінің ортаны ұйымдастыру және дамыту әрекетін сипаттаңыз.
3. Оқушылар ұжымы дегеніміз............. Олардың мақсаты.
4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының құрылымы қандай?
5. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің мақсатын анықтаңыз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
Дәріс 14. Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы.
Мақсаты: Оқушылардың дамуындағы проблемаларды анықтау жолдарын меңгерту. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруы үшін өз оқушыларын жақсы білуі қажеттігін түсіндіру, олардың дамуын қадағалауы, тәрбиесіндегі проблемаларды көре білу жолдарын меңгерту.
Дәріс жоспары:
1. Оқушылардың тәрбиелік диагностикасының мазмұны.
2.Оқушы мен сынып ұжымының диагностикасына қойылатын талаптар
Сынып жетекшісінен өз оқушылыарын және сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп білу талап етіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ең алдымен оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне назар аудара отырып, сыныптағы балалар құрамын мұқиат тани білгені жөн.
Сынып жетекшілері жаңа оқу жылының басында немесе тоқсан соңында оқушылар мен бірге атқарылған жұмыстарына талдау жасайды және ары қарай не істеу керектігін ойластырады. Олар күнделікті балалармен қарым –қатынас жасай отырып оқушыларымды жақсы білеміз деп есептейді. Дегенмен, бұл үнемі ойлаған мен жанаса бермейді.
Мұғалімге балалармен қатынасы жақсы, олар барлығын дұрыс орындайтын сиақты болып көрінеді, ал оқушылдардың мұғалімдер мен қарым –қатынасқа көңілдері толмайды, олар өздерін тереңірек түсінуді, олармен санасуды, сабақтарды басқаша формада өткізуді, мұғалімдермен өзара қатынасқа өзгеріс еңгізуді қажет етеді. Сабақтағы қателіктер және тәрбие жұмысындағы сәтсіздіктердің көпшілігі мұғалімнің өз оқушыларын жетік білмеуінен болатыны белгілі жайт, демек, бұл сынып жетекшісі жұмысының диагностикалық маңызын арттырды.
Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және оқушыларды кешенді зерттеу) ‑бұл педагогикалық диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу.
«Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика»:
Әр оқушының жеке басы және оқушылар ұжымын жетік зерттеу тәрбиелеу процесінің нақты жағдайлары мен анықталатын, келесі талаптарды есепке алып жүргізуді қажет етеді.
зерттеу әр оқушының дамуындағы ерекшеліктерін анықтауға бағытталуы керек.
әр оқушының және оқушылыр ұжымының диагностикасы осының алдындыағы диагностика нәтижелерімен салыстыру арқылы жүргізіледі оның мақсаты‑ осы уақыт аралығындағы дамудағы өзгерістерді анықтау.
әр оқушыға және оқушылар ұжымына жүргізілетін диагностикалық жұмыстар, оның бүкіл мектептегі оқу жылдарында жүзеге асырылады, өйткені мектеп жылдарында бала психикасы мен мінезінде көптеген өзгерістер болады. Міне, осылардың барлығы сынып жетекші және әр мұғалім болуы керек. Егер бұл талап орындалмаса, мұғалімдегі оқушы туралы қалыптасқан алғашқы түсінік сол қалпында қалады.
әр оқушының жеке басын және оқушылар ұжымын зерттеу‑ нақты педагогикалық міндетті шешуге бағытталуы керек. Сондықтан диагностикалық әдістемелер осыны есепке алып таңдалынады.
зерттеу кезінде оқушылардың жасын ескеру, яғни эксперименттік тапсырмалар оқушылардың жасына сай ұйымдастырылуы қажет.
оқушылыарды оқыту және тәрбиелеу процесінде зерттеп білген дұрыс.
Сонымен әр оқушының жеке басы және оқушылыар ұжымын зерттеуге қойылатын негізгі талаптар осылар.
Достарыңызбен бөлісу: |