Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет30/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

Жоба міндеттері:
-
денсаулықты нығайтуға бағытталған күн тәртібін құрастыру; 
-
денсаулыққа пайдалы физикалық жаттығулар туралы ақпарат табу, 
талдау, сынып оқушыларына жаңа жаттығу түрін ұсыну; 


62 
-
дене шынықтыру жаттығулары мен қимыл-қозғалыс ойындары 
барысындағы қауіпсіздік ережелерін таныстыру; 
-
таңертеңгілік жаттығудың пайдасын түсіндіру; 
-
таңертеңгілік жаттығу түрлерін жасау және таныстыру; 
-
даладағы қимыл-қозғалыс ойындарын ұсыну; 
-
таза ауада серуендеудің денсаулыққа маңызын түсіндіру, серуеннен 
алған әсерін әңгімелеу.
Сабақтан бір апта бұрын мұғалім оқушыларды топтарға біріктіріп, 
жобаның мақсат-міндеттеріне сай әрекет етуге шақырады. 
Оқушылармен жоба нәтижесін таныстыру формасын таңдап, белгілеп 
алған тиімді. Балалар өз қабілеті мен мүмкіндіктерін ескере отырып, 
таңдауға мүмкіндік алады. Жобаға балаларымен бірге ата-аналардың да 
белсенді қатысуы маңызды. Ата-аналар күн тәртібін құруға қолдау 
көрсетуге, таңертеңгі жаттығуларды орындауға, денсаулық сақтау 
шараларын ұйымдастыруға және үдерісті фото және видеоға түсіруге 
мүмкіндік алады. Мысалы, кешкісін сағат 20.00-20.40 аралығында аулада 
баласымен бірге қимыл-қозғалыс ойынын ойнауға немесе таза ауада 
серуендеуге болады. Балалар апта бойы кей шараларды топ 
оқушыларымен бірігіп (ауладағы ойын, дереккөздермен жұмыс), кейбір 
тапсырмаларды жеке орындай алады. 
Жоба барысында оқушылардың түрлі дереккөздерден ақпарат 
алып, денсаулыққа пайдалы жаттығулар туралы мағлұмат негізінде 
сыныпқа жаттығулардың түрін ұсынуын қадағалау. Осы мақсатта «Дене 
шынықтыру» және «Музыка» пәні мұғалімдерінен сұхбат алуды 
жоспарлау. Қазақ тілі сабағында оқушылармен сұхбатқа арналған 
сұрақтар тізімін құрастыру және сұхбатты жазып алу тәсілін жоспарлау 
маңызды. Сабақ барысында «Сұхбат» рөлдік ойынын ұйымдастыру. 1-
нұсқадағы оқушылар журналист, 2-нұсқадағы оқушылар сұхбат беруші 
болады. Сұхбат аяқталған соң, оқушылар рөлдерімен алмасып, қайта 
сұхбат жүргізе алады. Нәтижесінде оқушылардың диалог құру, сөйлеу 
мәдениетін дамыту, сұхбат алу тәжірибесін қалыптастыруға ықпал 
етеміз. Пән мұғалімдерімен байланысып, сұхбат алу орны мен уақытын 
белгілеу керек. Топ оқушылары қажетті ресурстарды дайындап, 
рөлдерді өзара бөліп алады. Екі оқушы «журналист», екі оқушы 


63 
«оператор» рөлін атақарады. Операторлар видео түсіру үшін өзара 
орындарын белгілеуге қолдау көрсету қажет. Сұхбат нәтижесінде 
оқушылар сабақ барысында қимыл-қозғалысқа негізделген «Сергіту 
сәтін» ұйымдастырып, сыныпқа денені ширату жаттығуларын ұсына 
алады. 
«Әдебиеттік оқу» сабағында «Жас зерттеушілер» тобымен мектеп 
кітапханасында дереккөздерден ақпарат табу жұмысын ұйымдастыруға 
болады. Оқушылар өздеріне ұнайтын қимыл-қозғалысқа негізделген 
ұлттық және спорттық ойындары туралы мәліметтер, жұмбақ, өлеңдер
жинайды. Сынып оқушыларына таныстыру, дайындау барысында 
мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіреді. Ойынның ерекшелігін, шартын, 
қауіпсіздік шараларын, пайдасын және ойнауға қолайлы уақыты мен 
орнын анықтайды. Ойындарды мектеп ауласында сабақтан тыс уақытта
ұйымдастыру маңызды. Оқушылармен ойын барысындағы қауіпсіздік 
шараларын сақтау туралы алдын ала келісіп, қадағалауды ұмытпау 
керек. Ата-аналарға атқарылған жұмыстар туралы оқушылармен бірлесіп 
шағын хабарламалар дайындауды ұмытпау керек.
Жоба аясында сынып оқушыларымен күн тәртібіне сай таза ауада 
серуендеу уақытын ұйымдастыруға болады. Мысалы, «Дүниетану» 
сабағын таза ауада өткізуге болады. Серуен барысында қоршаған 
ортаны зерттеп, «Зерттеуші журналын» толтыру. Ол үшін серуенде нені 
көріп, нені естіп, иіскей және сипап сезе алатынын бақылап, өз ойларын 
кестеге сурет немесе тірек сөздер арқылы жазу тапсырылады. 
Оқушылар мектеп маңында не көргенін, қандай өсімдіктер өсетінін 
белгілеп алады. Айналадан қандай дыбыстар естіді? Бұл дыбыстар оның 


64 
көңіл күйіне қалай әсер етті? Дыбыстар адам денсаулығына ықпал ете 
ме? Серуен барысында қандай иісті сездің? Бұл ненің иісі болуы 
ықтимал? Қандай иістер адам денсаулығына зиян келтіреді? Серуенде 
нені ұстап көре алдың? Айналадағы барлық заттарды ұстауға бола ма? 
Серуеннен соң неліктен қол жуу маңызды? т.с.с сұрақтарды түрлендіріп, 
талқылау жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Оқушыларға серуеннен 
алған әсерлерін жеткізуге мүмкіндік беру арқылы туған жерінің 
табиғатын зерттеуге, қамқорлықпен қарауға баулимыз.
Жоба қорытындысын оқушылар тобымен бірге плакат (постер, 
үндеу, буклет) әзірлеп, денешынықтыру жаттығуларын ұсынып немесе 
видеоролик түрінде сынып алдында таныстыра алады. Жоба бойынша 
рефлексия жүргізіп, мектепішілік үлкен шарамен жалғастыруға болады. 
Мысалы, «Денсаулық күнін» өткізу ұсынылады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша күнделікті өмірмен байланысты электр 
қуатын, суды үнемдеудің маңыздылығын түсіну мақсатында бір ай бойы 
«Электр қуатын үнемдейік!»,«Суды ысырап етпейік!», «Таза су», «Ауаны 
таза сақтайық!», «Төлдерге күтім жасайық!», «Жануарларға қамқорлық 
көрсетейік!», «Өсімдіктерді күтіп баптайық!» т.с.с. көптеген тақырыптар 
бойынша тәрбиелік мәні бар жобалар ұйымдастыруға болады. Бұл 
жобалар оқушылар бойында қоршаған орта мен қоғамда орын алатын 
мәселелерді түсінуге, экологиялық орта қалыптастыруға үлес қосады.
Сонымен қатар өзін сол ортаның бір бөлшегі ретінде сезінуіне мүмкіндік 
береді. Сыныпта, мектеп дәлізінде немесе аулада әр оқушыға бір 
өсімдіктен бөліп беріп, соны күтіп, баптауды қамтамасыз етуді 
тапсыруға болады. Нәтижесінде оқушылар еңбек етуде табандылық пен 
жауапкершілік танытуды, табиғатқа қамқорлық жасауды үйренеді. 


65 
«Дүниетану» пәнінің оқу мақсаттары негізінен құндылықтарды 
оқушы бойына сіңіруге бағытталған жобалық жұмыстар ұйымдастыруды 
көздейді.
Түрлі жобалар баланың танымдық әрекетін арттырып, оқудың 
маңыздылығын және алған білімін өмірде қолдану қажеттілігін түсінуіне 
жетелейді. Жоба оқушыларды зерттеу жүргізуге, алға қойған мәселені 
шешуге, тапқыр және шығармашыл болуға ынталандырады. Оқушылар 
әртүрлі дереккөздермен жұмыс істейді, ақпаратты жинап, талдап, 
жобада қолдануға дайындайды. Оқушыларға біздің қалауымыздан тыс 
өзгерістер болуы ықтимал екенін, бірақ сол өзгерістердің орын алуын 
түсінуге, болжауға, тиісті әрекет етуге, жағдайды бағалай алуға дайын 
болу қажеттілігін, өзін дамытудың маңыздылығын кіші жасынан үйретуді 
қолға алу ұсынылады. Құндылыққа негізделген оқу-тәрбие үдерісін 
жүйелі әрі тұтастықта жүзеге асыру жемісті болады.
3-сыныптағы «Жақсы деген немене? Жаман деген немене?» деген 
ортақ тақырыбы аясында оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау үлгісі.
«Дүниетану» пәнінде көтерілген мәселені басқа да пән мазмұнында 
кіріктіру арқылы бір күндік жобаны ұйымдастыру ұсынылады.
Пән 
Тұжырымдамалық 
сұрақтар 
Мазмұны 
Дүниета- 
ну 
Өзгерістер 
адамның 
қарым-қатынасына 
қалай әсер етеді? 
Оқушылар 
адам 
мінез-
құлқындағы өзгерістерді, оның 
айналасына қалай ықпал ететінін 
зерттейді. Өзара пікір алмасу 
кезінде өзінің бастапқы пікірін 
өзгертіп, өзгенің пікірімен келісуі 
айналасындағы адамдарға қалай 
әсер 
ететінін 
талқылайды. 
Оқушылардың пікірлері әртүрлі 
болған 
жағдайда 
сыныпта 
ұжымдық 
шешім 
қабылдау 
жолдарын ұсынады. 


66 
Қазақ тілі 
Біз 
өзгерістерді 
болжай аламыз ба?
Болжай білу адам 
өміріне, 
оның 
қызметіне әсер ете 
ме? 
Оқушылардың 
оқу 
әрекеті 
«өзгеріс», «көңіл күй», «қарым-
қатынас», «сезім» сөздерінің 
лексикалық мағынасын меңгеруге 
бағытталады. Фонетика бөлімі 
бойынша білімдерін пысықтау 
мақсатында 
мәтіндерді, 
сызбаларды, 
кестелерді, 
диаграммаларды талдап, емлесін 
меңгереді.
Әдебиеттік 
оқу 
Ертегілер 
мен 
әдеби 
шығармаларды оқып, талдайды. 
Кейіпкерлер әрекетіндегі, мінез-
құлқындағы 
өзгерістерді 
болжайды. Оның салдарының 
айналасындағыларға 
әсерін 
болжап, сипаттайды. Қоршаған 
ортада орын алған өзгерістерді 
дұрыс 
қабылдауға 
үйренеді. 
Қолынан келгенше жақсылық 
жасауға, жамандық жасамауға, 
әділ, сабырлы және кешірімді 
болуға үндейді.
Матема- 
тика 
Деректердің бірінің 
өзгеруі ауданның 
өзгеруіне 
әкеліп 
соға ма?
Шамалар арасындағы тәуелділікке 
берілген 
есептерді 
талдап, 
шығарады. 
«Математикада» 
«өзгерістердің» есепті шешудегі 
маңызын 
талқылайды. 
Нысандардың 
ауданын 
салыстырып, 
диаграммалар 
құрастырады. 
2-3 
амалмен 
шығатын есеп түрлерін кесте, 
сызба, қысқаша жазба түрінде 
модельдейді. Күнделікті өмірмен 
байланысты аудан тақырыбы 
бойынша практикалық бағыттағы 
есептерді шығарады. 


67 
Жараты-
лыстану 
Қоршаған ортаның 
әртүрлі 
жағдайлары 
өсімдіктердің 
тіршілігіне ықпал 
ете ме? Табиғи 
өзгерістер 
мен 
адам іс-әрекеттері 
өсімдіктердің 
саналуандығына 
қалай әсер етеді? 
Оқушылар қоршаған орта 
жағдайларының өзгеруі, жыл 
мезгілінің ауысуының өсімдік 
әлеміне тигізер әсерін, оның жаңа 
жағдайға бейімделуіне қалай 
мүмкіндік беретінін талқылайды. 
Жарық, 
ылғал 
мен 
жылу 
мөлшерінің өзгеруі өсімдіктің 
өсуіне қалай ықпал ететінін 
тәжірибе 
арқылы 
зерттейді. 
Табиғатта 
орын 
алатын 
өзгерістердің 
салдары 
экологияның бұзылуына әкелетінін 
түсінетін 
болады. 
Еліміздің 
табиғатын сақтаудың қажеттілігін 
сезіне алады. 
Пәнаралық байланысқа негізделген жоба мысалдары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет