60
c. Балалар аулада футбол ойнап жүр. Самат та ойынға қызығып тұр.
Бірақ қолында тоқашы бар. Енді Самат не істеуі керек?
Нан тілімін қалдырып кету, қалған нанды тастау, далада жүріп нан
қиқымын түсіру әрекеттері «обал» және ысырап болатынын түсінуіне
көмектесу.
Тұрып қалған нанды кептіру және оны салатқа қосу, сорпаға салып
жеу сияқты әрекеттің «сауап», яғни жақсы әрекет екенін балалардың
өздігінен тұжырымдауына ықпал ету.
Жобалық жұмыстың нәтижесі ретінде үйде желінбей қалған нанды
ата-анасымен бірге кептіру ұсынылады,
1-тәсіл:
a.
нан тілімін ұсақтап турау;
b. ыдысқа салып, бетін қағаз майлықпен жабу;
c. 1-2 күнге қалдыру.
2-тәсіл:
a. нан тілімін ұсақтап турау;
b.
нанды пеш табағына салу;
c. нан бетіне ұнатқан дәмдеуішті (дәмдеуішті қалауы бойынша май
немесе суда еріту) себу;
d. пеште қыздыру арқылы кептіру.
Нанды құрметтеу, оны ысырапсыз
пайдалану адамның жақсы
қасиетіне жататынын түсіндіру. Ауылды жерде тұрған жағдайда қалған
нанды мал азығына қосып беру, итке беру т.с.с жағдайларды жан-жақты
қарастырған жөн.
2-нұсқа.
Достарыңызбен бөлісу: