Кітапты оқып болған соң:
1. Кітаптағы қиын не таныс емес сөздердің мәнін анықтап түсіндіріңіз.
2. Баладан кітап несімен ұнағанын, одан нендей жаңа нәрселерді білгенін сұраңыз.
3. Баладан басты кейіпкер туралы, кітапта өрістейтін оқиғалар туралы сұраңыз .
4. Оның есінде қандай сөздер немесе сөз тіркестері қалған екен?
5. Бұл кітап не нәрсеге үйретеді?
6. Бала кітаптың ең қызық жерін бейнелейтін сурет салу туралы немесе оны жаттап алу жөнінде ұсыныс жасаңыз.
Кітапты күтіп ұстау ережелері !
Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.
Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
Кітапты қалай болса, солай ұстама.
Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.
Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
Кітап бетіне сурет салма.
Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасындағы ересектерден алған үлгіге байланысты екеніне ата- ананың көзін жеткізу мақсатында өткен акцияға мектеп оқушылары мен ата- аналары белсене қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |