Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл» Өткізген: 621 топ кураторы


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы



бет3/3
Дата25.06.2022
өлшемі322.88 Kb.
#459469
1   2   3
тәуелсіздік

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.
2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
2020 жыл Қазақстан Республикасы үшін ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатқан жыл болды. Коронавирус індеті елміздің бірлігін одан сайын арттырып, бірлікте болуға үйретті.
Қазақстан Республикасы осы 30 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, өзінің мәңгі ел екенін әлемге паш етті. Тәуелсізідігіміз мәңгі болғай!
Қорытынды. Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі "Тәуелсіз елім - Қазақстаным " атты тәрбие сағатымыз аяқтаймыз. Келгендеріңізге р а х м е т !!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет