Тәрбие сағатының тақырыбы: Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа райының әсер етуі Тәрбие сағатының мақсаты


Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді



бет3/3
Дата15.02.2023
өлшемі113.99 Kb.
#469582
1   2   3
Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа райының әсер етуі

Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:
Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойындажайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.
Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.
Есіңе сақта.
Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
• Жол қиылысында аса абай бол.
• Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
• Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.

Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
• Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
• Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.



Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады.
Қорытындылау:Өмірдің өзі бағдаршамға ұқсайды екен - ау! Бағдаршамның «жүр!» деп жасыл түсі жанғанындай, «өмірге кел!» деген бұйрықпен жарық дүние есігін ашамыз. Бағдаршамның сары түсі «дайындал!» дегенді білдіретіндігіндей, өмірге келген адам өлімге қарай қадам басып, жалғаннан мәңгілікке кетуге дайындалады. Бағдаршамның «Тоқта!» дегенді білдіретін қызыл түсі жанғанындай, күндердің бір күнінде тағдырдан «Тоқта!» деген бұйрық келеді. Жолдың ар жағына өткен адамдардай біз де өлімнен кейін әлдеқайда бет аламыз. Не жұмақтан, не тозақтан тұрақ табарымыз Алладан басқасына аян емес. Бағдаршамдағы сары түстің ұзақ жанбайтыны бәрімізге белгілі. Адамның өлшеп берілген ғұмыры да көзді ашып жұмғандай тез өте шығады. Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма
Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп
Бекітемін:
Тәрбие ісінің орынбасары:
А.Мухамбетжанова


«Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа райының әсер етуі»


Сынып жетекшісі: Қалымжан Г.Т.


2022-2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет