Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлттық валюта теңге Мақсаты



бет2/3
Дата30.11.2022
өлшемі23.52 Kb.
#466132
1   2   3
теңге

Мирхат :Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Тоқаев бастаған,
Жаңа Қазақстан деген елденбіз.
Фатима:Теңге күнім – мерекем
Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз теңгеміз бар бізде,
Өз теңгемнен құралады үлкен іс.
Алдияр:
Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқымның қамын ойлап қамыққандар.
Әл Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.
Назерке:
Ұлттық теңге – даму көзі елімнің,
Қазыналы – халық асыл байлығы.
Құндылығын сақтап мәңгі жерімнің,
Арта берсін, мәртебесі, бар жыры.
Қорытынды
Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер! Бір болайық, бірлігіміз жарасқан ел болайық! -айтып, соңында барлығы жүректі бірге ұстап, жоғары көтеріп, «біз біргеміз» деген сөзді айтып, сабақты аяқтайды.
Сіздерге қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.


Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте – Абай, елу теңгелікте – Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған.


Ұлттық валюта – теңге банкноты және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета Өскемендегі монета сарайында дайындалынып шығарылады.


3. Көрініс. Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.


2 дос саябақта келе жатып, 1 еуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. 2-шісі оған:
- оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы былай деп:
- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - жауап беріпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет