Мирхат :Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Тоқаев бастаған,
Жаңа Қазақстан деген елденбіз.
Фатима:Теңге күнім – мерекем
Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз теңгеміз бар бізде,
Өз теңгемнен құралады үлкен іс.
Алдияр:
Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқымның қамын ойлап қамыққандар.
Әл Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.
Назерке:
Ұлттық теңге – даму көзі елімнің,
Қазыналы – халық асыл байлығы.
Құндылығын сақтап мәңгі жерімнің,
Арта берсін, мәртебесі, бар жыры.
3. Көрініс. Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.
2 дос саябақта келе жатып, 1 еуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. 2-шісі оған:
- оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы былай деп:
- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - жауап беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: |