Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
Жауаптар:
- Компьютерді білу;
- Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.
- Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.
- Өз тауарын, қызметін өткізе білу.
- Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау.
- Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.
Бекіту сұрақтары:
Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?
Қорытынды: «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Отырар атындағы жалпы орта мектеп
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Мамандық – өмір таңдауы
2020-2021 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |