Тәрбие сағатының тақырыбы: Мамандық – өмір таңдауы Білімділік



бет3/4
Дата09.06.2023
өлшемі21.39 Kb.
#474900
түріСабақ
1   2   3   4
Тарбие сагаты Мамандык

Әңгімелесу
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет