Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім



Дата15.12.2023
өлшемі16.87 Kb.
#486725
Сынып сағаты тәуелсіздік тірегім 5 сынып


Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік - тірегім
Мақсаты: Тәуелсіздік күні, желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға патриоттық тірбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Барысы:
-Біз қай мемлекеттің азаматымыз?


-Мемлекеттік тіліміз қандай ?
-Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді?
-Тәуелсіздік деген не ?
-Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
ҚР астанасы?
Тұнғыш президенті кім?
Қазіргі президенті кім?
-Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз ?

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың териториясына жеті мемілекет сияды. Жер көлемі жағынан 180 мемлекеттің ішінде 9- шыорында, ал ТМД елдері бойынша 2- ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстан 17 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы-Астана қаласы.


Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз ?
Біздің ҚазақстанРеспубликасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш,күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.
Оқушылар әр нәрсені, әр затты, тіпті керемет нәрселерді адамдар қолынан жасап шығарады. Мен сендерден сұрағым келіп тұр, рәміздеріміздің авторларын білесіңдер ме ?
1.Гимннің авторы кім?
(Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев.)
2.Тудың авторы кім? ( Ш.Ниазбеков.)
3. Елтаңбаның авторы кім? (Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.)


 Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен Қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет