3.Ежелгі шығыс өркениеттеріндегі педагогикалық ойдың дамуын салыстырмалы талдау жасау.
Ежелгі шығыс өркениетіне Конфуцийдің енгізген жаңалықтары зор пайдасын тигізді. Ол Ежелгі Қытайдағы тәрбие мен білімдегі тәжірибені жетілдірді. Ғылым мен білімнің дамуына үлес қосты. Ол тәрбиені – адамгершіліктің, адам болмысының факторы ретінде қабылдады. Оның идеясының негізінде жалпы философиялық және әлеуметтік көзқарас көрініс алды. Тәрбиенің күші қанша керемет болса да, оның барлық мәселеге әлі жете бермейтінін, бұл арада тұқымқуалаушылықтың да әсерінің мол екенін ұмытпау керектігін ескертті. “Тәрбиелі адамға” тән қасиеттерді атап көрсетті: шынайылық, рухани мәдениеттілік, ақылдылық, жаңалыққа талпынушылық, халыққа сыйлы болу, мейірімділік, білімділік т.б. Конфуций, табиғатынан барлық адамның мүмкіндіктері бірдей еместігін екенін атап көрсетті: «тумасынан дарыны барлар – білімді меңгереді, мемлекетті басқарады, ондай қабілеті жоқтар қара жұмыспен айналысады» деген педогогикалық ойларын негіздеді.
4.Антика әлеміндегі тәрбие мен білім беру ісіндегі жетістіктердің мазмұнын ашу.
Ежелгі Шығыс мәдениеті Греция мен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Антика әлеміндегі тәрбиенің қалыптасуына Спарта мен Афинаның үлесі зор. Спартадағы тәрбиенің мақсаты – болашақ құлиеленушілерді құлдарға қарсы қою, оларға жиіркенішпен қарауға, аямаушылыққа үйрету (мысалы, түнгі жарық, құлдарды өлтіру т.б.). Моральдық және саяси тәрбиеге көңіл бөлінді: мемлекет басшысымен кездесулер, ерлік , шыдамдылық туралы әңгімелер өткізу және т.б. Тәрбиеленушілер нақты, ықшам жауап беруге үйретілді. Афинадағы тәрбиенің мақсаты – құлиеленушілерге әскери-дене тәрбиесімен бірге білім саласынан мағлұматтар беру, құлдарға жиіркенішпен қарауға, оларды «сөйлейтін құрал» ретінде пайдалануға тәрбиелеу. Нақтырақ айтқанда: жан-жақты жетілген, ақыл-ойы толысқан, сыртқы түр-тұрпатына ішкі жандүниесі сай – идеалды адамды тәрбиелеу. Тәрбие жүйесінің бұлай күрделі болуы Афинаның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болды, атап айтсақ: Афинаның экономикасы Спартадағыдай тұйық, оңашаланған емес, құлдар жеке меншікке айналған. Мәдениет қарқынды дамыды. «Жан-жақты жетілген оңды адамды тәрбиелеуді» мақсат тұтты.
Достарыңызбен бөлісу: |