Дидактикалық ойын: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: Балаларды әртүрлі мамандықпен таныстыру, еңбекті құрметтеуге дағдыландыру, өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.
Ойын шарты: Суреттер тақтаға ілінеді. Бала өзі таңдаған мамандығын қалап алады да, сол мамандық туралы әңгімелейді. Неге ұнататынын, қандай жақсылығы барлығын әңгімелейді.
(көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру)
|
Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға, олардың қимылын, қалай дыбыстайтынын айта көрсете білуге үйрету. Оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балаларға үй жануарларының суреті таратылып беріледі. Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын, қимылдарын айтқызады.
(көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру)
|
Дидактикалық ойын: «Қарап ал да, есіңе сақта»
Мақсаты: Балаларды көрген суреттерін есіне сақтап, көз алдына елестете, әрқайсысын ретімен атап шығуға, үй жануарларын, аңдардың және құстардың жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Әр түрлі суреттер көрсетіледі. Балалар бірінші суреттен қой, сиыр, ешкі, түйе-үй жанураларын, екінші суреттен аю, қасқыр, түлкі-жабайы аңдарды атайды.
Үшінші суретте қарлығаш, көгершін, тоты құс-құстарды атап шығады.
(көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру)
|