Дене шынықтыру
Тақырыбы: Ерекше орындықтар
Міндеттері: тапсырмаларды орындап, гимнастикалық орындық үстінде жаттығулар орындау, тепе-теңдікті сақтау. Тізе мен алақанды тіреп, бір қатарға қойылған заттардың арасымен еңбектеп жүру қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Аяқ пен қолдың қозғалысын үйлестіру және заттарға жанаспай жүруді үйрету. Ептілікке, шыдамдылыққа баулу, үйлестіру қабілетін дамыту; тәртіпке бағынуға, батылдыққа баулу.
Ойын ұйымдастыру: «Балапандар».
Серуенге дайындық
|
Балалардың өзіндік қозғалыс белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық-ойын жабдықтарын және спорттық керек-жарақтарды дұрыс пайдалану туралы балалармен әңгімелесу.
Жүйелі киіну (ауа-райына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзін-өзі тыңдау дағдылары, үлкен және ұсақ моториканы дамыту)
Егер сендер серуендегілерің келсе,
Тез киінулерің керек.
Шкафтың есігін ашыңдар,
Тәртіппен киініңдер!
- Сендер қалай ойлайсыңдар, біз бірінші кезекте не киеміз?
Балаларға реттілікпен киінуді айтады. (көркем әдебиет және сөйлеуді дамыту)
|
Серуен
|
1.Күннің қатты аяз соғып, суытуын бақылау
Мақсаты: күннің суытуын бақылай білуге үйрету.
(Қоршаған ортамен таныстыру)
2.Еңбек: Аула сыпырушының еңбегін бақылау.
Мақсаты: үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
(еңбек әрекеті)
Көркем сөз.
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап
балалар ойнайды.
(Көркем әдебиет)
|
Достарыңызбен бөлісу: |