Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет58/140
Дата25.04.2023
өлшемі485.93 Kb.
#472704
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   140
Айгөлек циклограмма ҚҚҚЖқ

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты).Ауа –райы құбылыстары жайлы әңгіме жүргізу.
Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.

Серуен

Құстарды бақылау.
Балаларға құстар жайында түсінік беру.Құстардың тіршілігімен таныстыру.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Еңбек:Ойын алаңын сыпыру.
Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту, ұқыптылыққа, қамқорлыққа, тазалыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге үйрету.
(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын:
««Лақтыр және қағып ал»
Балаларға допты лақтыру және қағып алуды жаттықтыру.
(қимылды іс-әрекет, танымдық іс-әрекет
Жеке жұмыс: «Алтын күз»тақырыбында әңгімелесу
Балалармен әңгіме жүргізу арқылы сөздік қорын молайту.)(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас іс-әрекет)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Күз мезгіліндегі адамдардың киім киісін бақылау
Адамдардың неліктен күз мезгілінде жылырақ киінетіндігін балаларға айтып түсіндіру.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Еңбек:Ауладағы жапырақтарды жинау
(еңбек іс-әректі)
Қимылды ойын:
«Күн мен жаңбыр»
Ұйымшылдыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу
(қимылды іс-әрекет, танымдық іс-әрекет)
Жеке жұмыс
«Күзгі киім»
Балаларға күзгі киімдердің атын атап үйрету.
Сөздік қорларын молайту.
(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас іс-әрекет)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Желді бақылау
Желдің түрлерімен таныстыру,салқын жел,жылы жел,ұйытқып соққан жел.
Еңбек:Учаскедегі шашылған ағаш бұтақтарын жинату Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту, ұқыптылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
(еңбек іс-әректі)
Қимылды ойын:
«Айгөлек- ау айгөлек»
Балаларды ептілікке, шапшандыққа баулу.(қимылды іс-әрекет, танымдық іс-әрекет)
Жеке-жұмыс:
«Алтын күз» тақпақ
Тақпақ жаттату арқылы,балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту
(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас іс-әрекет)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Балабақша аулысындағы ағаш түрлерін бақылау .(қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеушілік қабілеттерін дамыту)
Еңбек: топ ауласын қоқыстардан тазалауға қатыстыру (еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын: «Үшінші артық», (қарым-қатынас іс әрекеті)
Жеке-жұмыс:ағаштың адам өміріндегі пайдасы қ
(қоршаған ортамен таныстыру)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Желді бақылау
Желдің түрлерімен таныстыру; салқын жел,жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа- райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Еңбек: Ойын алаңын тазалау
Балаларды тазалыққа үйрету.
(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын:
«Ұшты- ұшты»
Балаларға әр-түрлі қимыл жасату арқылы көңілдерін көтеру(қимылды іс-әрекет, танымдық іс-әрекет)
Жеке-жұмыс: «Күшік» өлеңі Е.Өтетілеуов
Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.
Үреді үйшікте
Аулада күшіктер
Біреуі оның қап-қара
Біреуі сары ала
Біреуі қардай ақ,
Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ;
Үреді абалап.
(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас іс-әрекет)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет