Қимылды ойын: "Досынды ата" Допты бір-біріне лақтыру арқылы достарын атап шығады
(қимылды әрекет).
«Менің отбасым» фотосуреттерді қарастыру. Мақсаты: Отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді атау. (қоршаған ортамен таныстыру)
Шаттық шеңбер:
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
"Қайырлы таң! деп айтамыз,
Бір болып кеште қайтамыз.
(сөйлеуді дамыту)
Педагог жетекшілігімен ойын: «Отбасынды ата» Мақсаты: Отбасындағы үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, кішілерге қамқорлық танытуды үйрету.
(қоршаған ортамен таныстыру)
Еркін ойын: «Жақсы-жаман бала»
Шарты: Берілген суреттерден жақсы-жаман қылықтарды атап, сол туралы әңгімелесу.(қазақ тілі, сөйлеуді дамыту.)
Құрылымдалған ойын: «Отбасымыздағы мереке»
Шарты:балаларды үш топқа бөліп, бірінші топ мерекеге арналған тәтті бәлішті, түрлі-түсті қағаздан қиып, жапсырады. Екінші топ - әдемі шардың суретін салып, бояйды. Үшінші топ - тәтті бәлішті әсемдеп, құрайды (сурет салу, жапсыру, құрастыру).
Ойын: "Отбасында қанша адам?"(математика негіздері)
|
Бірдей заттарды салыстыру (ұзын,қысқа)
Мақсаты: бірдей заттарды салыстыра білуге үйрету
үйрету.
(математика негіздері)
Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру
(қазақ тілі)
Ойын: "Сиқырлы сан"
Бір санын орналастырып, бояу.(математика негіздері, сурет салу)
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып.
Біз бір дем алайық.(сөулеуді дамыту, қимылды іс-әрекет)
Құрылымдалған ойын: Қызанақ пен қиярды тиісті орнына орналастыру.
Шарты: қызанақты бір банкаға,қиярды екінші банкаға орналастырып жапсыру.
(қоршаған ортамен таныстыру, жапсыру)
|
«Үйшік» ертегісі
Мақсаты: ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, мазмұндап әңгімелеуге үйрету . ертегіні рөлдерге бөліп ойнау.Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.(көркем әдебиет,
қазақ тілі, қоршаған ортамен таныстыру).
Шаттық шеңбер:
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
(сөйлеуді дамыту)
Ертегіні мұқият оқып беру.
Педагог жетекшілігімен ойын: Сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын сұрау.
Құрылымдалған ойын: "Үйшік" ертегісін сахналау.(көркем әдебиет, қарым-қатынас іс-әрекеті)
Еркін ойын: "Орнын тап"
Шарты: Жануарларды пішініне қарай құрастыру
(құрастыру, математика негіздері)
|
Балалардың сөздік қорларын дамыту
Мақсаты: балалардың сөздік қорын адамдардың мамандықтарының атауларымен, заттардың бөліктерімен, заттардың сапаларымен қасиеттерін білдіретін зат есімдерімен байыту.
Шаттық шеңбер:
Еңбек етсем ертеңгі,
Бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер.
(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас
іс -әрекеті)
Педагог жетекшілігімен ойын: «Бұл қай мамандық» әткеншек әдісімен екі қатар жасап тұрады. бірінші қатардың қолдарында мамандықтардың суреті болады, екінші қатар сол мамандықты, қызметін атайды. Орындары ауысып тұрады.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру).
Құрылымдалған ойын: "Мамандықтар"
Еркін ойын:
«Өскенде кім боламын»
Балалар өздерінің кім болғылары келетінін атап, сол мамандыққа тиісті заттарды тауып, бояйды, жапсырады. (мысалға: шаштараз-тарақ, мұғалім - кітап)
(сурет салу, жапсыру).
|
Әбіш Кекілбаев
«Әке» өлеңін жаттаймыз.
Әке деген екінші жүрек. Өмірдің мәнін үйреткен,
Әкенің орны бір бөлек. Әке деген жалғыз барың,
Әке деген ұятың-арың(көркем әдебиет)
Педагог жетекшілігімен ойын:«Үлкен – кіші»
Мақсаты: Көлемі бойынша(үлкен – кіші) заттарды салыстыру , заттарды осындай белгілеріне қарай топтау; заттарды табуға деген ынтасын тәрбиелеу.
Шарты: Үлкен –кіші суреттерді сызық арқылы қосуды тапсырады
(математика негіздері)
|
|