Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет64/140
Дата25.04.2023
өлшемі485.93 Kb.
#472704
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   140
Айгөлек циклограмма ҚҚҚЖқ

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты).Ауа –рай құбылыстары жайлы әңгіме жүргізу.
Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау.
(сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.




Серуен

Бұлтты бақылау.
Балаларға бұлттар жайында түсінік беру. Бұлттар қалай пайда болатының айту.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Еңбек:ойын алаңындағы шіріп қалған жапырақтарды жинау.
Мақсаты:Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын:
«Жабайы аңдар»
Мақсаты: Жабайы және үй жануарларын ажырата білуге үйрету.
(қимылды іс-әрекет, танымдық іс-әрекет)
Жеке жұмыс: бір-сап бойымен жүруді үйрету.
Мақсаты: Балаларды бір-бірінің артынан сапты бұзбай, тік жүруді үйрету.
Балалардың өз бетімен ойнауы.



Күз мезгіліндегі адамдардың киім киісін бақылау.
Адамдардың неліктен күз мезгілінде жылырақ киінетіндігін балаларға айтып түсіндіру.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Еңбек:ойын алаңындағы қураған шөптерді жұлу.
(еңбек іс-әректі)
Қимылды ойын:
«Күн мен жаңбыр»Ұйымшылдыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу
(қимылды іс-әрекет, танымдық іс-әрекет)
Жеке жұмыс
: «Күзгі киім»
Балаларға күзгі киімдерді үйрету.
Сөздік қорларын молайту.
(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас іс-әрекет)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Желді бақылау.
Желдің түрлерімен таныстыру,салқын жел,жылы жел,ұйытқып соққан жел.
Еңбек:ойын алаңындағы шашылған ағаш бұтақтарын жинату. Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту, ұқыптылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
(еңбек іс-әректі)
Қимылды ойын:
«Айгөлек- ау айгөлек»
Балаларды ептілікке, шапшандыққа баулу. (қимылды іс-әрекет, танымдық іс-әрекет)
Жеке-жұмыс: Жұмбақ шешу,
Жұмбақты жаттата отырып ,балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру,сөздік қорларын дамыту,
(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас іс-әрекет)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.

Ауа-райын бақылау.
Мақсаты:ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, зерттеушілік қабілеттерін дамыту)
Еңбек: Таза алаң.
Мақсаты:Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын: «Тымпи-тымпи»
Мақсаты: Балаларды икемді болуға, шапшаң болуға үйрету.
(қарым-қатынас іс әрекеті)
Жеке-жұмыс:Е.Өтетілеуов « Күшік» күшік тақпағын жаттатқызу.
Мақсаты:Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.
Үреді үйшікте
Аулада күшіктер
Біреуі оның қап-қара,
Біреуі сары ала
Біреуі қардай ақ,
Біреуі сұр жолақ
Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:
Үреді абалап
Дербес ойындар.
Мақсаты:
қызығушылықтары бойынша ойындарды таңдау(балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру)

Көшедегі машиналарды бақылау.
Мақсаты:Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.
Машина адам үшін, уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру. Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін дұрыс сақтап жүруге үйрету, түстерін ажырату.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, математика негіздері)
Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту.
Мақсаты:Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.
(еңбек іс-әрекеті)
Қимылды ойын:
«Ұшты-ұшты»
Мақсаты: Балалардың дене бітімін нығайту. Шапшаңдыққа, татулыққа тәрбиелеу(қимылды іс-әрекет, танымдық іс-әрекет)
Жеке-жұмыс: « Алтын күз » тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу.
Мақсаты:Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.
(сөйлеуді дамыту, қарым-қатынас іс-әрекет)
Еркін ойын: қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауға тәрбиелеу, балалардың таңдау мүмкіндігін ескеру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет