Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Қимылды ойын. «Бәйге». (дене шынықтыру)



бет4/8
Дата22.08.2023
өлшемі18.36 Kb.
#476174
1   2   3   4   5   6   7   8
Қимылды ойын. «Бәйге». (дене шынықтыру)
Балаларды әртүрлі жарысқа қатысуға үйрету (кім бұрын жылжиды, кім бұрын озады сол жеңіске жетеді). Балаларды достарының жеңісіне жеткеніне қуануға үйрету.
Еңбек. Тәрбиешіге қардан жолды тазартуға көмектесуге тарту. (еңбек дағдылары)
Тәжірибе.
Қардың қасиеттері.
1. Аязды күні қарды қолғаппен алса, ол жабыспайды, шашылады.
2. Қарға су құйсаң, ол мұз болып қатады. Қар дымқыл әрі жабысқақ, болады.
Қортынды.
Қардың дымқылдығынан қар әдемі тұтас түрде болатындығын байқадық.

Қар басуын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Жұмбақ.
Ұстай қалсаң еріп кетер,
Әуре болма теріп бекер. (қар)
Болжау.
Қар түссе - күн жылынады
Бақылау: балаларға қардың түсуі жөнінде түсінік беру. Қыста күн бұлттанса қар жауатына туралы айту. Аспаннан жапалақтап қар жауғанын бақылау (ұлпа, ақ, жеңіл). Қар, жүн көрпе секілді жерді қымтайды.
Қимылды ойын. «Қармен ойнау». (дене шынықтыру)
Балаларды қармен ойнауға үйрету. Нысанаға қарды ата білуге жаттықтыру. Ойын ережесін орындауға дағдыландыру.
Еңбек. (еңбек дағдылары)
Күректі қолдануды үйрету, ауланы қардан тазарту. Қоғамдық жұмыс уақытында бір-біріне кедергі келтірмеу. Қиыншылықтарды жеңе білу.
Өз бетімен ойындар.
Тыныш қуанышты жағдайды қолдауға және ұйымдастыруға талаптандыру; дербестілігін және бастамашылдығын көтермелеу.

Серуеннен оралу

Балалардың бас киімін, шалбарын, түймелері ағытылған жейдесін, бәтеңкесін белгілі ретпен шешуі; жүйелі шешінуге дағдыландыру; киімдерін шкаф сөрелеріне орналастыру; қолдарын жуу; көбік пайда болғанша қолдарын көбітіп, жақсылап шаю, беттерін жуу, беттерін және қолдарын сүлгімен құрғату. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет