"Үй құрылысының ретін көрсет" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Түстерді ажыратуды жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процестерін дамыту. (сөйлеуді дамыту)
|
Үстел үсті ойындары: "Басқатырғыш", "Құрастырғыш".
Мақсат-міндеттері: логикалық ойлауды, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. (танымдық дағдылар, құрастыру, сөйлеуді дамыту)
|
"
Қадыр Мырза Әлидің "Сары" атты тақпағын жаттау.
Сәлем беріп,
Сән көріп,
Сүйгеніңді ал,
Бәрін ал!
Сары шабдал,
Сары өрік,
Сары ірімшік,
Сары бал. (көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)
"
|
"Дәл осындай гүлді тап" үстел үсті ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларды суреттегі кескінге ұқсас заттарды табуға жаттығу, зейінділікке тәрбиелеу, балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру. (сөйлеуді дамыту)
|
"Қуыршақты серуенге даярлайық" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балалардың киім-кешек және киіну тәртібі туралы білімдерін бекіту және нақтылау. Сөздік қорларын байыту және толықтыру. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
|