Математика негіздерінен ойын-жаттығу.
"Сан алуан жапырақтар".
Мақсат-міндеттері. Балалардың "көп", "біреу", "бірде-біреуі жоқ" деген ұғымдарды ажырату дағдыларын жетілдіру; заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру дағдыларын қалыптастыру; қолдың ұсақ моторикасын, көз мөлшері, зейінді, есте сақтау қабілетін, жағымды эмоцияларды дамыту.
|
Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу.
"Аула сыпырушы".
Мақсат-міндеттері. Балаларды аула сыпырушының жұмысымен таныстыру; аула сыпырушының атқаратын жұмысының ерекшелігі мен еңбек нәтижесінің маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
Дидактикалық ойын. "Аула сыпырушының құралдарын тап".
Мақсат-міндеттері. Аула сыпырушының құралдарын тауып, құралдың атауын атауды үйрету.
"Күлкілі маймылдар" театрландырылған ойын.
Мақсат-міндеттері. Зейінді, бақылауды, реакция жылдамдығын дамыту.
Барысы: балалар шашыраңқы тұрады (маймылдар). Олардың алдында бала - хайуанаттар бағына келуші, ол әртүрлі қимылдар мен қимылдарды орындайды. "Маймылдар" баланың іс-әрекеттерін қайталайды. (көркем әдебиет)
|
Құрастырудан ойын-жаттығу.
"Сары жапырақтар жерге түсті".
Мақсат-міндеттері. Балаларды құрастыруға икемді қағазды жұмарлау, бүктемелеу, жыртып алу амалдарымен, қасиеттерімен таныстыру; қағазды жыртып алып, қолдағы кескінді белгілі пішінге, жапыраққа, ұқсатуды үйрету; күз мезгілі жөнінде ұғымдарды кеңейту, жапырақтардың сарғайып түсуі жөніндегі түсініктерді анықтау.
Құрылыс нәтижесімен ойнату.
Мақсат-міндеттері. Күзгі жапырақтарды ағаш бұталарына жапсыру, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу. (жапсыру)
"Әлемге саяхат" театрландырылған ойын.
Мақсат-міндеттері. Өз мінез-құлқын ақтай білу, сенімі мен қиялын дамыту, балалардың білімін дамыту.
(көркем әдебиет)
|