Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы


ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР КАРТОТЕКАСЫ



бет31/34
Дата10.12.2022
өлшемі120.67 Kb.
#466970
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
орта топ циклограмма 2022 ДУРЫСЫ

ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР КАРТОТЕКАСЫ


Қоян мен қасқыр (Тәрбиеші балалармен бірге)
Санамақ бойынша қасқыр мен лақты сайлап ортаға шығарады. Қалған балалар қойшылар болады. Қойшылар бір-бірінің қолын ұстап шеңбер болып айналып жүреді. Шеңбердің ортасында лақ жайылып жүреді. Шеңбердің сыртындағы қасқыр ортадағы лақты жеуге ұмтылып жүреді. Егер қасқыр лақты шеңбердің ішінде ұстап алса ойын жалғасады.


Т ы р н а л а р - т ы р н а л а р
(Балалар тырналарға ұқсап тізіліп тұрады)
Ойынды жүргізуші «Тырналар-тырналар, қане тізіліп тұрыңдар» деп бастайды. Барлық ойыншылар тізіліп тұрады. «Тырналар-тырналар, енді қане жіп болындар» дейді. Балалар жіпке ұқсап тізіліп тұра қалады. Тәрбиеші «Тырналар-тырналар жылан сияқты болыңдар» дегенде балалар жыланға ұқсап, ирелек-ирелек болып тура қалады. Жаттығулар жас ерекшеліктеріне байланысты шапшаңдықпен өткізіледі. Егер ойыншылар ойыннан қателесіп кетсе, ойынды қайтадан бастайды.


Тышқандар мен мысық.
Балалар — тышқандар.
Балалар - тышқандар өз індерінде отырады (бөлменің қабырғасын жағалай, немесе алаңның жан-жағына қойылған орындықтарға). Алаңның бір бұрышында мысық отыр. Мысықтың рөлін тәрбиеші атқарады. Мысық ұйықтап кеткенде тышкандар бөлмеде жүгіреді. Бірақ мысық оянады, керіліп-созылады, мияулайды және тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар тез қашып кетеді және індеріне тығылып (орындықтағы өз орындарына отырады) қалады. Барлық тышқандар індеріне қайтып келген соң мысық қайта ұйқыға кіріседі. Ойын 5-6 рет қайталанады.
Шыбыққа қалпақ кигізу
Балалар тәрбиешінің көмегімен екі топқа бөлініп тұрады. Әр топ баласы белгілі қашықтықта тұрған шыбыққа, кезегімен қалпақты лақтырып кигізеді... Балалар бір бағытты бағыттай білуге үйренеді.
Өз түсіңді тап.
Тәрбиеші балаларға 3-4 түсті кішкене жалаушаларды таратып береді: кызыл, көк, сары, жасыл. Түсі бірдей жалаушасы бар балалар, жалаушаның түсімен алдын ала белгіленген бөлменін әр бұрышына жиналады. Тәрбиешінің «Ойнап келіңдер!» деген белгісі бойынша балалар алаңның (бөлменің) әр жағына тарап кетеді. Тәрбиеші «Өз тусіңді тап!» деген кезде балалар өз түстері бар жалаушаның қасына жиналады. Тәрбиеші қай топ бұрын жиналғанын белгілейді. Сонан соң, ойын қайталанада. (5-6 рет)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет