Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қаржылық есеп пен басқару есебінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?
2.Басқару есебінің объектілері қандай?
3.Басқару есебінің ақпарат көзі қандай?
4.Басқару есебіндегі функциялар қандай?
2 тақырып: Стратегиялық басқару, стратегиялық есеп және олардың тереңдетілген басқару есебіне ықпалы
Дәріс сұрақтары:
1. Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы ұстанымдар.
2. Шығындар функцияларын бағалаудағы өткен мәліметтерді пайдалануда ескеретін факторлар.
3. Қорлардың тиімді мөлшерін есептеу.
4. «Дәл мерзімде» жүйесі.
5. Тапсырыс мөлшерін анықтау.
1.Өндіріс шығындары бұдан да басқа мынадай топтамаларға бөлінеді:
-
жауапкершілік орталықтары бойынша;
-
құрамына қарай;
-
өндіріс процесіндегі экономикалық роліне қарай;
-
өндіріс көлемінен тәуелділік сипатына қарай;
-
өзіндік құнға жатқызылу уақытына қарай немесе есептік кезеңдерге қарай;
-
тиімділігіне қарай;
-
шығын түрлеріне қарай.
Өндірістің барлық шығындары өнімнің жекелеген түрлерінің немесе біртекті өнімдер топтарынын өзіндік құнына кіргізіледі. Өзіндік құнға қосылу тәсілінен тәуелді шығындар тікелей және жанама шығындар деп бөлінеді.
Тікелей шығындар алғашқы құжаттардың негізінде белгілі өнім (қызмет, жұмыс) түріне жатқызуға болатын шығындар. Оларға материалдық шығындар, еңбек ақы және одан аударымдарға шығындар жатады. Барлық тікелей шығындар калькуляциялық шоттарда бейнеленеді.
Жанама шығындар бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты, өнімнің өзінідік құнына оларды тарату арқылы енгізілетін шығындар.
Құрамы бойынша өндіріс шығындары бір элементті және кешенді болып бөлінеді, яғни шығындарға енгізілетін элементтерден тәуелді болады.
Өндіріс процессіндегі экономикалық ролінен тәуелді шығындар негізгі және үстеме деп бөлінеді. Негізгі шығындар өнім жасаудың өндірістік процессіне тікелей кіретін шығындар.
Үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.
Өндіріс көлеміне қатысты шығындар шартты-тұрақты және шартты- ауыспалы шығындардың мәні, олардың шамасы өндірілетін өнім көлеміне тікелей пропорционалды өзгеретіндігінде. Олар өнімнің бір бірлігіне нормаланады. Шартты тұрақты шығындар өнім өндірісі көлемінен тәуелсіз және ауыса қоймайды. Шамалары кәсіпорын бойынша шектеліп отырады. Ауыспалы және тұрақты шығындар шартты түрде алынады, өйткені олардың арасында шығындар мен өнім көлемінің қатаң есептігі жоқ.
Есептік кезендер немесе өзіндік құнға жатқызу уақытынан тәуелді өндірістік шығындар ағымдағы және бір мезгілдік қана болып бөлінеді. Өндіріс шығындарын ағымдағы және бір мезгілдік - деп қатаң бөліп қарау өнімнін өзіндік құнын ай сайын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.
Тиімділігінен тәуелді шығындар өнімді және өнімсіз деп бөлінеді. Өнімнін өзіндік құнының денгейіне өнімсіз шығындар көп әсер етеді.
Өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін шығындар шығын элементтеріне және шығындардың калькуляциялық статьяларына бөлінеді. Шығын элементтері - өндірісті ұйымдастыру мен технологиясына байланысты экономикалық біртекті шығындар. Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтау өндіріске қанша шығындалғанын көрсетеді.
Өнімнің (қызметтін, жұмыстың) өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындар экономикалық элементтері бойынша топталады:
-
материалдық шығындар;
-
еңбек ақы шығындары;
-
еңбек ақыдан аударымдар;
-
негізгі құралдырдың тозуы;
-
басқа да шығындар;
Өнім өндірісіне кететін шығындарды осылайша ғылыми жіктеу өзіндік құнды анықтауға тиімді есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, өндірісті ұйымдастыру және өндіріс шығындарының алғашқы және талдамалы есебін құрауда осы жіктеудің маңызы зор. Өнімнін өзіндік құнын анықтауда шығындар өнімнің өзіндік құнына кіретін үлесі есепті кезеңге сәйкес келетіндей боып таратылады. Өнімнің қандай түрі болмасын оның негізін құрайтын, яғни оны шығаруға кеткен шығындарды белгілі жіктелген, ғылыми негізделген шығын баптары арқылы есептеудің оның өзіндік құнын дәл анықтауына мүмкіндік береді. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік құнына кіретін шығындардың дұрыс есептелуі әрбір өнімнің, өнім топтарынын нақты өндірістік өзіндік құнын анықтайды.
2. Есеп және калькуляция объектілері бойынша жиынтық есеп. Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі. Бұл есеп өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық (есептік) объектке ашылған карточкалар немесе арналған ведомосы арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда — айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс калдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, кайтымды қалдыктарды есептен шығару жөне басқа да есептен шығарулар көрсетіледі. Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәліметтерді жазу үшін кажетті кұжаттар мен талдамалык кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс калдықтарынын сомасы — Бас кітапта керсетілген 8010-шот бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкаларынын) деректері бойынша шығарылған өнімнің накты өзіндік құны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладная) арқылы коймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің кұнына 1320 -"Дайын өнім" шоты дебеттеледі жөне 8010-шот кредиттеледі.
Өндірістегі шығындардың жиынтық есебі шығындардың жиынтық есебі ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардың жекелеген түрлері немесе тобы калькуляциялау объектілері болатындықтан, біртектес өнімнің бірін немесе бірнеше түрлерін жасауға жұмсалған шығындарды есептеу үшін ведомоста осыған ұқсас шоттар ашылады. және түрлі жағдайлардағы өнімнің өзіндік кұн бойынша бар нұсқауларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік кұн туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына өту үстінде екені белгілі. Осы тұрғыда материалдық қорлар есебін жүргізудегі ерекшеліктерге тоқталайық. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша қорларды есепке алу «Қорлар» деп аталатын 2 ХҚЕС – мен регламенттелінеді.
2 – ХҚЕС 9 – тармағында былай делінген: «Қорлар міндетті түрде өзіндік құн мен өткізудің мүмкін болатын таза құны сияқты екі шаманың азы бойынша бағалануы тиіс». Мұны аз бағалау ережесі (LCM – Lover of cost market) деп атайды. Сонымен, қорлар қаржылық есептілікте ең ұстамды баға бойынша ескерілетін болады.
Өткізудің мүмкін болатын таза құны (ӨМТҚ) – активті сату нәтижесінде алынуы мүмкін сома, одан сату шығындары шегеріледі. Әдетте, ӨМТҚ – ны бағалау кезінде қалыпты операциялар барысындағы сауда деп түсіндіріледі, демек, активті сату үшін керекті жағдайға келтіруге арналған кез – келген шығындарды ескеру қажет.ӨМТҚ – ның бағалау есептемелері ең сенімді айғаққа негізделеді. Қорлардың есеп – қисабын қаржылық есеп беруге қол қою күніне дейін қол жеткізілген ақпарат негізінде кәсіпорынның мамандары жүргізеді. ӨМТҚ – ның есеп – қисабын жасау кезінде бұл қорлардың неге арналатынын, есепті кезең аяқталғаннан кейін болған уақиғаларды кезең аяғында болған жағдайларды растайтын уақиғаларды сондай деңгейде ескеру керек.
Кәсіпорын ӨМТҚ – ның есебін расталуын қамтамасыз етеді.Бұл растау қорларды бағалауды жүзеге асырған сарапшының есеп беруімен рәсімделеді. Онда қорлардың нарықтық құнының өзгеру себептері, олардың құнын төмендету шамасы көрсетіледі және қорлар құнының өзгеру үрдісі болжанады. (кәсіпорында өтімсіз, құнсызданған және нормативтен артық қорларды анықтау жөнінде комиссия құрылуы тиіс). Бұл құжат өзіндік құн мен өткізудің мүмкін болатын таза құны арасындағы айырманы шығындарға есептен шығару үшін негіз болмақ.
Тәжірибеде қорларды сату олардың өзіндік құнынан төмен жүзеге асырылатын жағдайдың болуы мүмкін. Оның себептері мыналар бола алады:
-
тауарларға арналған жалпы нарық бағаларының төмендеуі;
-
қорлардың табиғи жағынан зақымдануы;
-
бұйымның жасалуын аяқтау үшін қажетті қосымша шығындар.
Қорлар құнының өткізудің мүмкін болатын таза бағасына дейін төмендетілу практикасы теориямен үйлеседі. Оған сәйкес активтерді оларды сатудан немесе пайдаланудан алу тұспалданған, сондай – ақ қорлардың өзіндік құнын өтей алмауы тұспалданған құнынан жоғары құны бойынша есепке алу дұрыс емес. Аз бағалау ережесі бойынша тауарлық қорларды бағалаудың үш негізгі әдісі бар:
-
Баптылық әдісі – қорлардың әрбір атауы бойынша өзіндік құны мен сату бағасы салыстырылады.
-
Негізгі тауарлық топтар әдісі – тауарлардың әрбір тобы үшін жалпы құны мен жалпы сату бағасы салыстырылады. Сосын әрбір топ неғұрлым төмен құны бойынша салыстырылады. Қорлардың тиісті атауларының өзара байланыстылығынан баптылық әдісті іс жүзінде қолдану мүмкін емес болғанда, осы тәсіл қолданылады.
-
Қорлардың жалпы деңгейі әдісі – барлық тауарлық қорлар өзіндік құны бойынша әрі сату бағалары бойынша бағаланады және неғұрлым төмен баға тауарлық қорлар үшін пайдаланылады деп тұспалданады.
Қорлар құнының төмендеу шамасы былай анықталады:
-баптылық әдіс кезінде – 7 мың теңге (600 – 593);
-негізгі тауарлық топтар әдісі бойынша – 5 мың теңге (600 – 595);
-қорлардың жалпы деңгейі әдісі бойынша - 4 мың теңге (600 – 596).
Қорлар құнының ӨТМҚ – на дейін төмендеудің жалпы шамасын, сондай - ақ қорлар бойынша барлық ысыраптарды мұндай төмендеу болған не осындай шығындар орын алған кезеңнің шығындары ретінде көрсеткен жөн.
Осы аталған әдістер бойынша қорлар құнын бағалау:
Кесте - Қорлар құнын бағалау
Қорлар түрлері
|
Өзіндік құны
|
ӨТМҚ
|
LCM баптылық
|
LCM тауарлық топтар бойынша
|
LCM қорлардың жалпы деңгейі бойынша
|
Кірпіш
|
100
|
103
|
100
|
-
|
-
|
Цемент
|
200
|
198
|
198
|
300
|
-
|
Құм
|
300
|
295
|
295
|
295
|
-
|
Жиыны
|
600
|
596
|
593
|
595
|
596
|
Бұл жағдайда қорлардың өзіндік құнын өткізудің таза құнына дейін есептен шығаруды мына шоттар корреспонденциясымен тікелей есептен шығару әдісі деп атауға болады.
Д-т 7216 «Қорлардың өзіндік құны ӨТҚ – на дейін есептен шығару бойынша шығындар»
К-т 1330 «Тауарлар»
Егер қорлар құнын ӨМТҚ –на дейін төмендетудің бұрын уағдаласқан шарттары өзгерсе, онда есептен шығару сомасы жаңа құн өзіндік құнның азы және мүмкін болатын өткізудің қайта қаралған таза құны болатындай етіп сторноланады. Яғни өткізудің мүмкін болатын таза құнын ұлғайтудан туындаған қорлардың кез – келген қайтадан қосымша есептеу шамасы есептеу жүзеге асырылған кездегі шығындар ретінде танылған қорлар шамасын кеміту ретінде танылуы тиіс.
Қорлар айналым қаржылары болғандықтан,олар жи» айналуы керек. Үш айға дейін қозғалыссыз жатуын қалыпты жағдай деп есептеуге болады, ал қалған мерзімдержөнінде бұлар «проблемалары бар» қорлар болады. Өндірістік қорлардың белгіленген нормативтері болмаған кезде нормативтік қорларға олардың орташа айлық шығынынан асатын қорлар жатады. Нормативтерден артық қорлардың туындау себептері пайдаланылмайтын, өтімсіз, жатып қалған материалдық қорлардың болуынан. Мұндай активтерді іске асыру жөнінде шұғыл шаралар қолдану қажет, ал әзірге сол қорлардың құнсыздануына резервтер жасау керек.
Қорлардың құнына қарай белгіленетін резервтеу пайызын кәсіпорынның өзі белгілейді және бұл оның есеп саясатында айтылады. 1 жылдан аса қойма бойынша қозғалысы жоқ қорлар – резервтің 100 % болады. Резервтер құру бойынша шоттар корреспонденциясы
Операция мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
Резервтер жасау
|
7216-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ – на дейін есептен шығару бойынша шығыстар»
|
1361-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ – на дейін жеткізу бойынша резерв»
|
Резерв жасау есебінен кейіннен қорларды есептен шығару
|
1361-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ-на дейін жеткізу бойынша резерв»
|
1330-«Тауарлар»
|
Өткізудің таза құнының ұлғаюына байланысты қайтадан қосымша есептеу (шығындардың кемуі)
|
1361-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ – на дейін жеткізу бойынша резерв»
|
7216-«Қорлардың өзіндік құнын ӨТҚ – на дейін есептен шығару бойынша шығындар»
|
Құнсызданған немесе нормативтен артық тауарлық – материалдық қорлардың кейбір түрлері бойынша қорлар құнының төмендетілуіне резерв сатудың мүмкін болатын бағасын толық деңгейде дәл белгілеу мүмкін болмайтын немесе мұндай бағаны айқындау едәуір ақшалай және уақыт шығындарын талап етілетін жағдайларда да жасалына алады.
Сонымен , ХҚЕС –ның аса маңызды талабы бизнестің мүмкін болатын проблемаларын қаржылық есеп беруде адалдықпен көрсету болып табылады.
4. «Дәл уақытында» жүйесі жалпы түрде өндірісті басқарудың формасы болып табылады. Ол 80-ші жж. Жапонияда пайда болды. Бұл жүйеде мерзімді жабдықтаулар қызмет етеді, яғни өндірістің келесі кезеңіне қажетті материалдар, қорлар, тауарлар тұтынушыға дәл қажет болған кезде жеткізіледі.
«Дәл уақытында» жүйесі материалдық-өндірістік қорларды есептеу мен басқаруға, өндіріс үрдісіне және дайын өнім шығарылымына тікелей әсер етеді. Осыған тәуелді өндіріс шығындарын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өзіндік ерекшеліктері пайда болады. Берілген жүйе кәсіпорынға тұтынушыға бірден жеткізу арқылы, дайын өнімді, сондай-ақ өндіріске қажетті шикізаттарды қоймада сақтау бойынша шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Тұтынушыларға дайын өнімнің жоспарланатын жеткізулеріне негізделетін өндірістің дәстүрлі (орталықтандырылған) үлгісінен айырмашылығы, «дәл уақытында» жүйесі нақты сұранысқа тура бағдарланған жүйеге сәйкес әрекет етеді, мұнда өндірістік бөлімшелердің тығыз қарым-қатынасына, өнім өндірісінде өндірістік үрдістің берілген кезеңінде қажетті ресурстарды ғана пайдалануға ерекше назар аударылады.
«Дәл уақытында» жүйесі идеалды түрде болғанда өнімге жұмсалатын уақыт оны өндіру уақытына дәл келуі қажет. Бұл қатынастың өндірісті ұйымдастыру жүйесінде шешуші мәні бар. Батыс мамандарының көзқарасы бойынша «дәл уақытында» жүйесін және материалдық ресурстарды жоспарлау жүйесін енгізбеген кәсіпорындарда өнім өндірумен тығыз байланысты уақыт өнімге жұмсалатын бүкіл уақыттың 10% құрайды.
Осылайша, бұл кәсіпорындарда уақыттың көп бөлігі өнім өндірісіне емес, оған ілеспелі үрдістерге, яғни сақтау, сапаны бақылау, тасымалдау, ішкі орын ауыстыруға жұмсалады. Өнімді шығаруға, дайындауға кететін уақыттың 90 % өнімнің өзіндік құнын емес, шығынды өсіреді. Өнімді шығаруға даярлау уақытының минимумдалуына тән «дәл уақытында» жүйесінің келесі қасиеттерге ие болуы, шығындарды қысқартуда маңызды артықшылықтар береді:
• материалды-өндірістік қорлардың шамалы болуы не мүлдем болмауы;
-
материалдар өндірістік бөлімшелерге қажетті жағдайда түседі, кейде бірнеше сағат ішінде;
• өндіріс процесі, аяқталмаған өндіріс қорларын қоймалаусыз, бірнеше цехта жүзеге асырылады;
• дайын өнім түтынушылардан алынған тапсырыстардан артық өндірілмейді.
• «Дәл уақытында» жүйесі материалдық-өндірістік қорларды басқарудың әдісі ғана емес, құнды жасаумен байланысы жоқ, шаруашылық операцияларды жою бойынша менеджменттің философиясын бейнелейді, яғни бүкіл өндірістік цикл ағымында өнім сапасын жақсартуға бағытталған.
«Дәл уақытында» жүйесінің негізгі принциптері болып келесілер табылады:
-
Сенімді жабдықтаушыларды іздеу.
-
Өндірілетін өнім сапасын өндіру.
-
Сатып алынған материалды-өндірістік қорлар бойынша шығындарды қысқарту.
-
Сатып алынатын материалдар партияларының санын азайту
және тапсырыстар көлемін өсіру.
-
Резервтік материалдық-өндірістік қорларды қысқарту.
-
Материалдық-өндірістік қорларды нөлге жеткізуге ұмтылу.
-
Өндіріс процесін қарапайымдандыру, оңтайландыру.
-
Өндіріс циклын қысқарту, мұның өзі аяқталмаған өндіріс уақытын қысқартады.
-
Елеулі емес ақаулар мен кемістіктердің болуы не олардың мүлдем болмауы.
«Дәл уақытында» жүйесі кәсіпорын менеджерлерінің жабдықтаушылармен тығыз қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді. Көп жағдайда бұлар бір-бірін бәсекелес деп қарастырмайды, керісінше қоян-қолтық қызмет ету арқылы серіктестік байланыстар орнатады.
Осылайша, «дәл уақытында» жүйесін пайдалану кезінде тапсырысша мен жабдықтаушы арасындағы қатынастарды сипаттай отырып, келесідей негізгі белгілерді бөліп көрсетуге болады:
-
ұзақ мерзімді келісім шарт жасау;
-
жабдықтаушы өзі жеткізетін өнімнің сапасына бақылау орнатады, өйткені ақаулардың анықталуы тұтынушы өндірісіндегі істен шығуларды болдыру мүмкін;
• материалдық-өндірістік қорлардың аз партияларына жиі тапсырыс жасау; бұл жағдайда жабдықтаушы жабдықтаулардың үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
-
жабдықтаушы мен тапсырысшы арасында ақпараттық байланыс идеалды болуы керек:
-
партнерлық қатынастарды жетілдіруді жалғастыру.
«Дәл уақытында» жүйесіндегі өндірістік технологиялық тізбектегі әрбір бұйым-бөлшек өндірістің келесі этапына қажет болған жағдайда ғана өндірілетінін бейнелейтін процесс. Осылайша, «дәл уақытында» жүйесі шығындар мен уақыттың неғұрлым аз көлемінде ақаусыз өнім өндірумен сипатталатын және бұйымдардың аз санын өндіру кәсіпорынға зиян әкелмейтін, өндірстік технологиялық процесті қатаң ұйымдастыруды талап етеді.
Материалдарға қажеттілікті жоспарлау жүйесінің негізгі элементтері болып келесілер табылады:
Әрбір бұйымның саны мен өндіріс уақытын тура анықтайтын, негізгі өндірістік кесте.
Соңғы өнім өндірісіне қажетті материалдар, бөлшектер, құрамдас бұйымдар көрсетілген, материалдар тізімі.
Әрбір бұйым, бөлшек немесе құрамдас өндірістерде пайдаланылатын, материалдық-өндірістік қорлар туралы есеп берушілік. Берілген бұйымдар туралы ақпараттар жеке компьютерлік файлдарға келіп түседі. Мұнда қолда бар материалдар туралы және алынуға тиіс материалдар саны және жеткізілу күні туралы ақпараттар белгіленеді.
Сатып алуға қажетті барлық материалдар үшін тапсырысты орындау уақыты және кәсіпорында өндірілетін бөлшектерді құрастырып жинаудың стандартты уақыты.
«Дәл уақытында» жүйесінің негізінде өнімге құн қосатын операцияларды ғана қарапайымдандыру идеясы жатыр. «Дәл уақытында» жүйесін пайдаланатын, кәсіпорындарда өндірістік шығындардың қарапайымданған жүйесін жүргізудің негізгі себептері келесідей:
Ұйым менеджерлері материалдар бақылауын анағұрлым тиімдірек жүргізеді. Материалдар мен аяқталмаған өндірістің үлкен көлемдерінің болмауы, нақты қолда бар материалдар мен аяқталмаған өндіріске бақылау жүргізуге және мониторинг өткізуге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Өнім өндірісі мерзімдерінің қысқаруы мен алдын ала жасалған тапсырыс бойынша өндіріс жүйесіне тәуелді, өндірістік шығындардың жалпы көлеміндегі аяқталмаған өндіріс шығындарының үлесі анағұрлым төмен.
Өндірістің әртүрлі стадияларында орын алатын, ақауларды
түзетумен байланысты, шығындардың егжей-тегжейлі есебін жүргізу қажеттілігінің азаюы.
«Дәл уақытында» жүйесін пайдаланғанда, әрбір бөлімшілерде өндірістік циклдың барлық кезендерінде шығындар есебін жүргізудің қажеттілігі жоқ, өйткені жұмыскерлер бүкіл процеске бақылау жасап, қажетті түзетулерді тез енгізе алады. «Дәл уақытында» жүйесін іске қосу кезінде материалдық-өндірістік қорларды бағалау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жүйені пайдаланғанда бірінші алынған материалдардың өзіндік құны бойынша (ФИФО) бағалау әдістерінің мәні төмендейді. «Дәл уақытында» жүйесін пайдалану жағдайында айтылған әрбір әдісті пайдалану жолымен есептелген қорларды бағалаудан ауытқуларындағы айырмашылықтар 100% шаққанда елеусіз болады. Бұл алынатын материалдардың өндіріске бірден түсуімен түсіндіріледі. Мұның нәтижесінде есепті кезең соңында ешқандай қорлар қалмауы мүмкін.
«Дәл уақытында» жүйесі бойынша шығындар есебінде уақыт ұғымының маңыздылығы жоғары, себебі өндіріспен және өзге де процестермен байланысты қызметтердің барлық түрлері дәл уақытында орындалу үшін жоспарланады. Өнім өндірісінің басынан аяғына дейін қажетті уақыт кезеңі, өндірістік цикл деп аталады және ол жеке 4 элементтен тұрады: өндіріс уақыты; сақтау ұзақтығы және ұйымдастырушылық не техникалық себептер бойынша бос тұрып қалу уақыты; өнімнің орын ауыстыруының уақыты; өнімнің сапасын бақылау уақыты.
Өндіріс уақытының ағымында ғана өнім құнының өсімі жүзеге асырылады. Идеалды түрде өндірістік циклдың басқа элементтері мүмкіндігінше азырақ болу қажет. «Дәл уақытында» жүйесінің тиімділігінің кең таралған көрсеткіші болып өндіріс тиімділігінің коэффициенті табылады. Ол келесі формула арқылы анықталады:
мұндағы То - операцияларға жұмсалған уақыт; Тоц- өндірістік цикл уақыты.
Берілген коэффициент өндірістердің жеке түрлеріне де, бүкіл кәсіпорынның өндірістік циклы ішінде есептелу мүмкін. Идеалды түрде өндіріс тиімділігінің коэффициенті 100% тең болу керек. Мұнда ол барлық уақыттың қосымша құн жасаумен байланысты операцияларға жұмсалатындығын көрсетеді. Тәжірибеде бұл көрсеткіш 100% анағұрлым төмен, көп жағдайда ол 10% тең.
Бұдан басқа, 1 сағатта өндірілген өнім бірлігінің саны, материалды-өндірістік қорларды сақтау уақыты, құрал-жабдықтарды қайта жөндеу уақыты (жабдықтарды қайта жөндеуге жұмсалған уақыттың өнім өндірісінің уақытына қатынасы) сияқты көрсеткіштер де пайдаланылады.
Егер компания өз өндірісінде ақаусыздық деңгейіне жетуге ұмытылса, ешбір ақау, жоғалтулар болмауы керек және бухгалтерлік есеп жүйесі барлық жоғалтулардың, ең елеусіздерінің де ақшалай өлшемдегі жеке есебі жүргізілетіндей етіп құрылу қажет. Басқарушылық есептің негізгі мақсаты болса ақаусыз өнім өндірісіне барынша көңіл бөлу және «дәл уақытында» жүйесіне сәйкес өнім өндірісінде сапа ұғымының ерекше мәні бар екенін көрсету.
Сапа көрсеткіштерінің бірі келесідей анықталады:
С= ақаулы өнімнің саны не өндіріс қалдықторының саны / өндірілген өнімнің жалпы саны
Өнім сапасын өлшеудің кең таралған тәсілі өндірілген өнімнің миллион бірлігіне шаққандағы ақау санын анықтау табылады (кейбір кәсіпорындарда 1 млн өнім бірлігіне шаққанда 1 ақау не одан да аз келеді). Бұдан басқа, өнім сапасы ақаулы өнімді қайтарумен, рекламация мен шағым жасау санымен де анықталады.
«Дәл уақытында» жүйесінің қызмет етуінің негізгі сұрақтарын қарастырып болған соң, бірқатар артықшылықтарды бөліп көрсетуге болады:
-
қойма қорлары көлемдерінің 75% қысқаруы, бұл шикізат пен материалдарға салынатын қаржыларды азайтуға әкеледі;
-
материалдық-өндірістік қорлардың ішкі орын ауыстырумен байланысты шығындарды қысқаруы;
-
материалдарды және дайын өнімді сақтау үшін арналған бөлмелер мен алаңдарды рационалды пайдаланудың арқасында инвестициялардың қысқаруы;
-
жабдықтаушылар, транспорттік ұйымдар, тапсырыс берушілер арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруы;
-
құрал-жабдықтар санына және жұмысшылар еңбегіне ақы төлеу шығындарына қажеттіліктің азаюы;
• материалдық-өңдірістік қорлардың ескіру, жоғалту және бүліну тәуекелімен байланысты, шығындардың қысқаруы;
-
жалпы шығындардың азаюы, әсіресе үстеме шығындардың (тиеу-түсіру жұмыстары, өнім сапасына, шикізат пен материалдарды сақтауға бақылау жасайтын инспекторларды ұстау);
-
құжаттарды толтырумен байланысты кеңсе жұмыстарының
қысқаруы («дәл уақытында» жүйесін енгізгеннен кейін тапсырыс,
талап, наряд жазудың қажеттілігі жоғалады);
• құрал-жабдықтарды жөндеу шығындарының 20% қысқаруы.
Материалдық-өндірістік қорларға инвестиция салу мәселесін қарастырғанда қорлар көлемінің қысқаруы нәтижесінде нақты болатын үнемге ерекше көңіл аударылады. «Дәл уақытында» жүйесін пайдаланатын ұйымдардың көбінде материалдық-өндірістік қорлар айтарлықтай қысқарғанымен, көп мөлшері әлі де сақталуда. Бұл кәсіпорындағы шикізат, құрастырушы бұйымдар, жартылай фабрикаттардан өзгеше қорлардың болуымен шартталады. Бұл қорларды берілген жүйеде үнемдеу өте қиын, сонымен қатар тауарлы-материалдық құндылықтарды нөлдік деңгейге дейін бірден қысқарту мүмкін емес.
5.Тапсырыстың оңтайлы мөлшері, сақталатын қорлардың саны немесе жасалынған тапсырыс саны әсер ететін, шығындар арқылы анықталады. Неғұрлым материалдардың үлкен саны бір уақытта тапсырылса, соғұрлым жыл бойы азырақ тапсырыс жасау қажет, яғни тапсырысты орындау құны азаяды. Алайда тапсырыс аз жасалса, орташа қордың үлкен көлемде болудың қажеттілігі өседі, мұның өзі қорларды сақтау құнының артуына әкеледі.
Басқарудың мақсаты тапсырыстың үлкен санын таратып орналастыру құнымен салыстырғанда көлемі үлкен қорларды сақтау құнын азайтуда жатыр. Тапсырыстың оңтайлы мөлшері - бұл бүкіл тапсырыс көлемінің және қорларды сақтау құнының ең аз мөлшерде болғандағы жасалатын тапсырыс көлемі. Тапсырыстың оңтайлы мөлшері тапсырыстың анағүрлым үнемді мөлшері атымен де таныс, оны әртүрлі мөлшердегі тапсырыстың жиынтық құнының кестесі көмегімен, графикалық немесе формула көмегімен анықтауға болады.
Осы үш тәсілді бір мысалмен қарастырайық.
Мысал, компания сыртқы жабдықтаушыдан бірлігіне 5000 теңге багамен шикізат сатып алады. Осы өнімге жалпы жылдық қажеттілік- 40000 бірлік және келесідей қосымша ақпарат берілген.
Тауарлы-материалдық құндылықтар қорларына
салынған инвестицияларға қажетті
жылдық табыс (10% *5000) 500
Қорлар бірілігін сақтаудың басқа да шығындары 100
Қор бірілігін сақтау құны 600
Бір тапсырысты жеткізуге жұмсалатын
шыәындар (кеңселік, тұрақты, пошталық,
телефон және т.б.) 1200
Тапсырыстың оңтайлы мөлшерін анықтау қажет.
Кестелік әдіс. Әртүрлі мөлшерлі тапсырыстар үшін жылдық релевантты шығындар кесте көрсетілген. Бұл кесте бойынша 400 бірлікке тапсырыс экономикалық тиімді. Мұндай көлемде жиынтық жылдық релевантты шығындар минималды болады.
Кесте - Әртүрлі мөлшерлі тапсырыстар үшін релевантты шығындар.
Көрсеткіштер
|
Тапсырыс көлемі, бірлік
|
100
|
200
|
300
|
400
|
500
|
600
|
800
|
1000
|
Орташа қор, бірлік1
|
50
|
100
|
150
|
200
|
250
|
300
|
400
|
5000
|
Жабдықталатын тапсырыстардың саны2
|
400
|
200
|
133
|
100
|
80
|
67
|
50
|
4
|
Қорларды сақтаудың жылдық құны, мың теңге3
|
30
|
60
|
90
|
120
|
150
|
180
|
240
|
3000
|
Тапсырысты орындаудың жылдық құны, мың теңге
|
480
|
240
|
169,9
|
120
|
96
|
80,4
|
4,8
|
60
|
Жиынтық релевантты шығындар, мың теңге
|
510
|
300
|
249,6
|
240
|
246
|
260,4
|
300
|
3004,8
|
1Егер тапсырысты қабылдау сәтінде қорлар болмаса және алынған материалдар бірқалыпты пайдаланылатын болса, орташа қор
тапсырылған көлемнің жартысына тең болады. Егер резервтік
қор болса, тапсырыс көлемі туралы шешімге сәйкес құрылған, орташа
қор, тапсырылған көлемнің жартысына тең болады. Өйткені қордың
ең аз мөлшері әрбір тапсырыс үшін өзгерусіз қалады.
2Жабдықталатын тапсырыстың санын 40000 бірлікке тең,
қажетті жылдық көлемді тапсырыс мөлшеріне бөледі.
3Сақтаудың жылдық құны орташа қорды қордың бір бірлігін
сақтау құнына көбейту арқылы табады.
Графикалық әдісте кесте келтірілген мәліметтер сызба түрінде суретте көрсетілген. Тік осьте - қорларға салынған инвестицияларға жылдық релевантты шығындар, ал көлденең осьте - тапсырыстар көлемі немесе қорлардың орташа деңгейі белгіленген. Көлденең осьте - іс жүзінде екі шкала, бұл тапсырыстар көлемін және қорлар деңгейін көрсету үшін жасалған.
Графиктен көріп отырғанымыздай, егер қорлардың орташа деңгейі немесе тапсырыс мөлшері өссе, онда сақтау құны да өседі. Басқа жағынан, тапсырысты орындау құны қорлар деңгейі мен тапсырыс мөлшерінің өсуіне қарай азаяды. Жиынтық шығындар сызығымен тапсырысты сақтау мен орындау құнының сомасы белгіленеді.
Жиынтық шығындар сызығы 400 бірлік көлеміндегі тапсырыс үшін минимумда орналасқан, және тапсырысты орындау құны мен қорларды сақтау құнын көрсететін қисықтардың қиылысу нүктесінен өтетінін көріп отырмыз. Осылайша, сақтау құнының тапсырысты орындау құнына тең екенін көрсететін нүктеде тапсырыс мөлшері анағұрлым үнемді.
теңге
|
|
|
420000
|
|
|
360000
|
|
|
300000
|
|
Жиынтық шығын
|
240000
|
|
|
180000
|
|
Сақтау құны
|
120000
|
|
|
60000
|
|
|
0
|
200 400 600 800
|
Тапсырысты орындау құны
|
Тапсырыс көлемі
100 200 300 400
Қордың орташа деңгейі
Сурет -Тапсырыстың оңтайлы мөлшерінің сызбасы.
Жиынтық шығындар сызығы 400 бірлік көлеміндегі тапсырыс үшін минимумда орналасқан, және тапсырысты орындау құны мен қорларды сақтау құнын көрсететін қисықтардың қиылысу нүктесінен өтетінін көріп отырмыз. Осылайша, сақтау құнының тапсырысты орындау құнына тең екенін көрсететін нүктеде тапсырыс мөлшері анағұрлым үнемді.
Графиктегі жиынтық релевантты шығындар тапсырыс мөлшерінің өзгеруіне аса сезімтал еместігі ерекше көңіл аударарлық. Мысалы, тапсырыс мөлшерінің 25% өзгеруі- 400 бірліктен 300-ге дейін немесе 500 бірлікке дейін- жылдық жиынтық шығындардың 240000 теңгеден 246000 теңгеге не 249600 теңгеге дейін, яғни 2,5 не 4% өсуге әкеледі. Тапсырыстың 50% өсуі - 400 бірліктен 600 бірлікке дейін- жылдық шығындардың 240000 теңгеден 260400 теңгеге не 8,5% өсуіне өкеледі.
Тапсырыстың оңтайлы мөлшерін сақтау құны, тапсырысты орындау құны және оның мөлшері арасындағы негізгі қатынастарды ескеретін, формула көмегімен анықтауға болады. Бұл қатынастар келесіде болуы мүмкін: кезеңде қорлардың бір статьясына жалпы қажеттілікті бейнелейтін, кезең бойынша тапсырыстар санын (D) тапсырылған бірлік санына (Q) бөлгенге тең. Тапсырысты орындау құны келесі формуламен анықталады:
Кезеңдегі жалпы қажеттілік Бір тапсырысты DО
Тапсырылған көлем * орындау құны Q
Қор бірлігін сақтау құны тұрақты деп алсақ, кезең бойынша жалпы сақтау құны кезеңдегі орташа қорды (ол тапсырылған көлемді екіге бөліп анықталған (Q /2)), қор бірлігін сақтау құнына (Н) көбейткенге тең.
Жалпы сақтау құны келесі формуламен есептеледі:
Тапсырылған көлем Бір бірлікті QН
2 * сақтау құны = 2
Кез келген мөлшердегі тапсырыстар үшін жиынтық релевантты шығындар (ТС) келесідей анықталады:
Жоғарыда келтірілген формуланы Q бойынша диффиренциалдай отырып және туындыны нөлге теңестіргенде жиынтық шығындар функциясы үшін ең аз мөлшерді анықтай аламыз.
нөлге теңестірсек,
Мұндағы Q - тапсырыстың оңтайлы мөлшері, D - кезең бойынша жалпы қажеттілік, О - бір тапсырысты орындау құны, Н - қор бірлігін сақтау құны.
Осы формула арқылы келтірілген мысалды шығаратын болсақ,
бірлік
Қосымша қорларды (яғни қайталап тапсырыс жасау сәті) алуға тапсырысты қай уақытта жасау керектігін анықтау үшін тапсырысты құжаттаудан тапсырысты іс жүзінде жабдықтауға дейін қанша уақыт өтетіндігін білуіміз қажет. Бұл период тапсырыс циклы деп атайды. Белгілі бір жағдайлардағы тапсырысты қайталау уақыты тапсырыс циклындағы күндер (апталар) санын қорлардың күндік (апталық) шығынына көбейту арқылы табылады. Материалдар, бөлшектер және қосымша материалдар үшін тапсырысты қайталау уақыты болып сатып алуға тапсырыс жасалып және тапсырыс жабдықтаушыларға жіберілетіндегі уақыт табылады. Өз өндірісінің жартылай фабрикат қорлары үшін тапсырысты қайта жасау уақыты жартылай фабрикаттар қорлар деңгейінің өнімді өндіретін бөлімшелерге тапсырыс жасау қажет болғандағы қалыптасатын қор деңгейіне сәйкес келу уақыты болып табылады.
Егер жылдық шикізат шығыны 6000 бірлік құрайды, ал апталық шығын тұрақты деп алсақ, онда егер жылда 50 жұмыс аптасы бар болса, апталық шығын 120 бірлікке тең болады. Егер тапсырыс циклі – 2 апта болса, онда қор 240 бірлікке дейін түскенде тапсырыс қайта жасалу қажет. Тапсырыстың оңтайлы мөлшері бойынша қорларды қашан толықтыру қажет болатынын анықтауға болады. Мысалы, егер тапсырыстың оңтайлы 600 бірлік, ал жылдық сұраныс 6000 бірлікке тең болса, онда жыл ағымында 10 тапсырыс жасалады. Жылдағы 50 жұмыс аптасында тапсырыс әрбір 5 жұма сайын жасалады. Алайда тапсырыс циклі – 2 аптаға тең болғандықтан, фирма бірінші жабдықтаудан кейін 3 жұма өткен соң ғана, қор 240 бірлікке дейін азайғанда тапсырыс жасайды ((600 бірлік тапсырыстың оңтайлы мөлшері) – (120 бірлік апталық шығын)*3 апта)). Осылайша, тапсырыстың оңтайлы мөлшер моделі белгісіз сұраныс жағдайында, қорларды қашан және қандай мөлшерде толықтыру керектігін анықтауда пайдаланылады.
Тапсырыстың оңтайлы мөлшері және оны өндірісте не жабдықтаушыларда орналастыру сәті сақтандыру қорының шамасынан тәуелді. Жоғарыда айтылып кеткен есептеулердің формулалары белгілі бір анық жағдайда: болжамдардың дұрыстығы, жабдықтау мерзімдерін уақытылы қайта қарау, тапсырыстың қайталау мүмкіндігін болдырмау, сақтандыру қорларын жабдықтаушыларда сақтау кезінде іске асырылады.
Ал егер жабдықтау шарттарында іркілістер байқалса, бұл есептеулерге әсер ететін өзге де факторлар туралы қосымша ақпарат жинауды талап етеді. Кәсіпорын мұндай жағдайда тапсырысты қайталау сәтін бағалаудың сандық әдістерінен бас тартып, арнайы жағдайларды көңілге алады. Олар: жабдықтау мерзімдерінің ұзартылуы, қорларды пайдалануды жеделдету, болашақта бағалардың өсуі, материалдардың ескіруі белгісіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |