Ақынның шығармашылық әлемі.
Ақын,ойшыл,философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150жыл.
Биылғы жылы отандық ғылым мен өнердің,тарих пен танымның аясында ерекше аталып өтіп жатқан мәдени-әдеби оқиғаның бірі-ойшыл гуманист Шәкәрім Құдайбердіұлының 150жылдық мерейтойы.Көп жылдар ардақты есімі мен мол мұрасы қапаста ұстлаып,қоғамдағы оң өзгерістердің нәтижесінде XX ғасырдың соңында ғана ақталған данышпан тұлғаны алаштың басқа да алыптарымен бірге халықпыз айрықша қуанышпен қарсы алғаны күні бүгінгідей көз алдымызда.
Қай ақын болмасын өз дәуірінің перзенті,өз заманының жемісі. Шәкәрім да сондай.Күрделі тарихи кезеңде ғұмыр кешті.Туған халқының басындағы экономикалық және рухани, мәдени ауыртпалықтарды, заман проблемаларын көзімен көрді, көңілімен саралады.
Қай халық болсын өзінің заңғар тұлғаларынан тараған ұрпаққа, олардың да тағдыр –талайына бейжай қарай алмауы әлдебір заңдылық болса керек.Ұлыларымыздан ұрпақ қалса екен,асылдан көз алтыннан сынық арамызда болса екен деген риясыз арманды тілек те әркез көкейде тұрады.Сол себепті Шәкәрімнің өлеңдері болсын,өзге туындылары болсын философиялық тереңдігімен, ойының салмақтылығымен ерекше көзге түседі.
Тұтастай алғанда,Шәкәрімнің әдеби мұрасы –аса бай қазына.Ол әдебиеттің барлық жанрларында қалам тербеді.Туған халқының мәйекті ойы мен маржандай тілі негізінде ғажайып сұлу, мазмұны терең кестесі көркем лирикалық өлеңдер қалдырды.Ұлы Абай үлгісін өлшем ете отырып ”Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек”, “Нартайлақ-Айсұлу” атты тамаша поэмалар жазды.Көркем проза үлгісіндегі Шәкәрімнің шығармалары XXғасырдың басындағы ұлттық прозаға өз үлесін қосып қана қойған жоқ, оның орнығы, ілгерілуіне елеулі ықпал жасады.Әсіресе жазуышының “Әділ –Мария” романы қазақ топырағына жаңа қалыптасып келе жатқан көркем роман дәстүрін көркемдік мазмұнмен байыта түсті.
Сонымен қатар, кезінде өз тарапынан ізденіп, мол білім жинаған Шәкәрім өлең әдебиетінің үздік үлгілерін қазақ арасына тартуда да бірқатар еңбек атқарды.Атап айтқанда,орыс ақыны А.С.Пушкиннің”Дубровскийі “мен “Боранын” Л.Толстойдың әңгімелерін Хафиздің өрнекті жырларын аударуы.
Шәкәрімнің мұрасының тағы бір саласы- оның тарихи,философилық сипатта жазған трактат үлгісіндегі туындылары.Кезінде ұлы Абай ұстазының ақыл –кеңесімен дүниеге келген Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі,”Үш анық”секілді еңбектері Шәкәрімнің жан-жақты білімдаралығын дәлелдейтін дүниелер. Шәкәрімнің ақындық жаңашылдығы тыңнан қосқан өлең өлшем -өрнектерінен, өлеңдеріне шығарған әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады.Бұл жағынан алғанда,Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес,дүние-жүзі әдебиетінде өте сирек құбылыс деп айта аламыз,”-деп алып ақынның шығармашылығы туралы лайықты бағасын берген еді.
Бүгінге дейін Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы оны таныстыру бағытында, жалпы қасиеттерін саралау,ақынның ұлттық әдебиеттегі орнын айқындау мақсатында зерттеліп келеді.Ендігі жерде,Шәкәрім мұраларын тереңдей зерттеу кезеңі туды.Бұдан былайғы уақытта біз оның әр шығармасының ,әрбір өлеңінің, әр ойының түкпіріне үңіліп, тереңде жатқан дәнін аршып,нәрін айқындау міндетін басты мақсат етуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |