Тері ішіне инъекция мақсаты, техникасы Тері ішілік инъекция



бет4/12
Дата02.02.2022
өлшемі51.96 Kb.
#455075
түріСынақтар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Иньекция, способы иньекции

Қарсы көрсетпелері:

Ине егетін орындағы тері асты май клетчаткасының ісінуі, ине егетін орындағы тері аурулар.



Ине егуге болатын орындар:

Білектің ішкі ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы бөлігі (БЦЖ ны егу үшін)



Қажетті заттар:

1-2 мл 1-1,5 см қысқа инелер, залалсыздандырылған мақта шариктер, 70' спирт, дәрілік заттар, астауша қолданылған заттар үшін.



Іс-әрекеттер:

1. Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.

2. Ампула мойнын немесе флаконды спиртке малынған тампонмен сүртіңіз.

3. Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.

4. Шприцты қағаз пакетке немесе стерильды астаушаға салыңыз.

5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу.

6. Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен 2-3 рет сүртіңіз.

7. Шариктерді дез ерітіндіге тастаңыз. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз. Әзірленген шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып ұстаңыз ( екінші саусақпен бойлай инені канюлядан, ал басқа саусақпен цилиндрді ұстаңыз)

8. Инені теріге қатарластыра ұстап ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы тері арасынан көрініп тұруы керек) Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 -ші саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, бірінші саусақпен поршеньді итеріп дәріні жіберіңіз. Инъекция жасаған жерде кішкене (лимон тәрізді ) түйін пайда болса, сіз байқауды дұрыс жасағансыз.

9. Спиртке батырылған мақта шаригімен ақырын басып инені теріден шығарып алыңыз.

Ескерту: мақтаны инъекция орнына қатты басуға болмайды. Егер инъекция диагностикалық мақсатта жүргізілген болса, науқасқа инъекция орнына су тигізбеуді ескерту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет