Дәрілік затты бұлшық етке енгізу. Бұлшық еттерде қан және лимфа тамырларының кең жүйесі бар, сондықтан дәрінің түгел әрі тез тарауына мүмкіндіктер мол. Бұлшық етке спирт пен гипертониялық ерітінділерді егуге болмайды, себебі олар қатты тітіркендіреді, ауыртады, ұзақ уақыт сіңбестен инфильтратқа айналып түйдектеліп тұрып алады, кейде іріңдеп жәберуі де мүмкін. Бұлшық етке арналған инъекцияны дененің белгілі бір жеріне: бөксе, іш және ұршық бұлшық еттеріне, жауырынға және т.б. егеді.
Бұлшық етке инъекция жасау техникасы.
Сыртқатты төсекке етпетінен жатқызады. Ойша бөксені төртке бөліп, оның жоғарғы сыртқы шаршы төрт бұрышына дәрілік заттарды құяды. Ірі тамырлар мен нерв талшықтарының өте аз бөлігі, сыртта жатқан жоғарғы бөлігі болып саналады. Алдымен осы жер терісін 1-2 % йод тұнбасымен сүртеді. Мейірбике сол қолымен ине шаншатын жердің терісін жан-жақты кере тартып тұрып, оң қолындағы, ішіне дәрі толтырылған шприцтің инесін бөксеге тік ұстап, жылдам, батыл қимылмен енгізеді. Баланың жасына, толықтығына қарай, инені қаншалықты тереңдікке кіргізу қажет екенін мейірбикенің өзі шешеді. Инені кіргізген соң, поршеньді сәл өзіне тартып, иненің қан тамырына түспегеніне көз жеткізеді егер шприцте қан болмаса, дәріні жайлап енгізеді. Шығарған кезде де, инені тез тартып алады да, орнына йод тұнбасын жағады.
Инъекциядан кейінгі асқынулардың бәрі дәріні бұлшық етке енгізудің тәртібін бұзуға байланысты. Егер мұндай асқыну болса, сырқат аяғы нерв жолы бойымен қатты ауырып, мазасы кетеді, тіпті аяғы тартылып жүре алмай қалады. Кейде инені тереңге кіргізіп жіберсе сүйекке барып қадалып ұшы сынып кетеді. Мұндай асқыну болса мейірбике дереу емдеуші дәрігеріне хабарлауы керек. Иненің сынығын, рентген теледидар көмегімен іздеп жүріп, операция жасап алады. Иненің ұшы қан тамырына кіріп тоқтаса, енгізген дәрі бұлшық етке емес қан арқылы бүкіл денеге бірден тарап ктеді. Егер дәрі майлы болса, қан тамырына түскен соң, көптеген майлы эмболиялардың (қан тымырларының қуысының маймен тығындалып бітеліп қалуы) дамуына себеші болады. Дәріні еккен жер қаттыланып түйдек (инфильтрат) пайда болуы мүмкін. Инфильтраттың пайда болуының себетері әртүрлі:
а) етке енгізілуге тиісті дәріні қателесіп теріасты майына енгізсе, оның тезарада сіңбейтіндігінен ол жерді тітітркендіріп, майын өлі еттендіріп, реактивті қабындыруға ұшыратады. Сондықтан да антибиотиктерді тек қана етке немесе венаға шаншу қажет,
б) иненің ұшы мұқалып қалса, етке кіргізген кезде, қан тамырын жыртып кетеді, қанның ұюына себепші болады;
в) антисептиканың қағидаларын дұрыс сақтамаса, инемен бірге бұлшық етке микробтардың енуі мүмкін, сөйтіп іріңді соқтаның пайда болуына себепші болады.
Дәрілік затты венаға енгізу. Венаға дәрі енгізу арқылы емдеу, ең тез іске асатын, әрі ең тиімді, әрі өте жиі қолданатын әдістердің бірі.
Егер дәріні венаға бір-ақ рет қана кіргізу қажет болса, онда ол венепункция арқылы іске асырылады. Инені аесептиканың барлық қағидаларын сақтай отырып, сыртқатты жатқызып қойып шаншиды, себебі венаға дәрілік затты тездетіп енгізгенде, оның басы айналып, есінен танып қалуы ықтимал. Инені ұзындығы 5 см, қуысы кең, ұшы өткір, қиғаштығы 45Ә болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |