Сүйелдер / VERRUCAE /
Сүйелдер 4 түрге бөлінеді:
1)жай немесе қарапайым / v.vulgaris /
2)табандық/ v.plantaes /
3)жалпақ немесе жасөспірімдік / v.planaeseujuvenilis /
4)үшкір/ v.acuminata /
Жай сүйелдер көбінесе саусақтардың сыртында, кейде алақанда, бетте, шашты бөлігінде, еріннің қызыл жиегінде, ауыз қуысының шырышты қабатында орналасады. Беті тегіс емес, көлемі тары дәнінен ірі бұршаққа дейін, сары – сұр түсті эпидермалық түйіншекті сүйелдер бір жерде шоғырланып немесе бір – бірімен қосылып кедір –бұдырлы табақша түзеді. Субъективті сезім болмайды.ағымы ұзақ, созылмалы.Кейде өздігінен жазылуы мүмкін.
Жасөспірім сүйелдер жалпақ, беті тегіс, дөңгелек немесе көпбұрышты, көлемі түйреуіш басындай эпидермалық түйіншектер. Аз уақыт ішінде көптеп шығып саусақтардың, білезіктің сыртында, маңдайда, иекте орналасады. Түсі қызғылт, білезіктің сыртында көгілдір болуы мүмкін. Субъективтік сезім болмайды.
Табан сүйелдері көп қысылатын жерлерде болады. Олар сары түсті, көтеріңкі, көлемі 10 тиынға сәйкес, тығыз мүйізденген. Табан сүйелі жүргенде ауырады.Саны 2-3тен аспайды.
Үшкір сүйелдер жіңішкелеу, емізікшелер түсті, капуста тәрізді немесе әтеш айдарына ұқсас. Беткейлі қабаты ақжемделген ақ немесе ақшыл қызыл түсті және сәл қанталаған эрозиялы. Ең көп тараған және орналасатын жерлері: жыныс мүшелері, еркектерде күпектің ішкі бетінде, әйелдердің сүт безінің астында, қынап кіреберісінде, артқы тесіктің аймағында болады. Ол келе көлемі үлкейіп, ісік тәрізді бөлектенеді. Бөліктердің арасында жиналған ұйыма іріңді жалқық шіріп, жаман иіс шығарады.
Ажырату диагнозында мерездің вегетациялық түйіншектерін (жалпақ кандиломалар) есте ұстау керек. Үшкір сүйелдер шоғырланбайды, жұмсақ, бірнеше бөлімдерден тұрады.
Этиопатогенезі. Қоздырғышы адамның фильтрлеуші вирусының кейбір түрлері. Тікелей қатынастан немесе заттардан жұғады. Инкубациялық кезеңі 3 аптадан 9 айға созылады. Дамуына бірқатар себептер әсер етеді: жарақаттар, жалаң аяқ жүру, ванна, бассейнде шомылу, терінің бір жерін қайта – қайта тітіркендіру. Сүйелдер жыныстық қатынастанда жұғуы мүмкін.
Емі. Сұйық азотпен күйдіруге болады, 5% фторурацил майы, диатермокоагуляция, гальванакаустика қолданылады. Гипнозбен сендіру жақсы нәтиже береді. Табан сүйелдерін алдымен кераталитикалық дәрілер мен мүйізденген қабаттан босатып, кейін криотерапия немесе новокаин блокадасын пайдаланады, өткір Фолькман қасығымен емізікшелерін қырып алуға болады. Үшкір сүйелдерді де Фолькман қасығымен қырып алуға болады, гальванокаустика, диатермокоагуляция жасайды. Сыртқа 70% спирт пен ацетон араласқан подофилиннің 20% ерітіндісін жағады, резорцин опаларын қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |