Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет48/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   124
Сыздықова Р.Ғ. Вопросы развития казахского правописания // Қазақ 
филологиясының мəселелері. Алматы, 1964. 89-б.


137
сөздер діни адамдарға арналса, араб, парсы тіліндегі түрі 
қатты сақталады екен де, жай азаматтық əуенде қарапайым 
нəрселер жазылатын болса, қазақ тіліндегі естілу нұсқасын 
сақтайды. Осындай жайтты өзге де зерттеушілер байқайды. 
Ертеректе – С. Аманжолов, Қ. Жұбанов, Х. Басымов т.т., 
кейінірек Б. Əбілқасымов, С. Исаев еңбектерінен
53 
араб, пар-
сы сөздерінің жазылуы жайында мағлұматтар кездестіруге 
болады. Жоғарыда аталған мақаласында Р.Ғ. Сыздықова 
төңкеріске дейінгі жазу жүйеміздің біраз кемшіліктерін атап 
көрсеткен. Араб алфавиті дауысты дыбыстарға бай емес. 
Қазақ аффикстерінің жуан, жіңішкелік белгілерін бере ал-
мады; дауыстыдан басталатын сөз алдында сүйеніш таяқ – 
алиф босқа тұратын еді. Дауыссыз дыбыстардың жазылуын-
да да жүйе болған жоқ. Ы – і дыбыстарын таңбалайтын бола 
тұра, ол жазуда көрсетілмейтін – бір; септік жалғауы өзіне 
тиісті сөзден бөлек жазылатын. Ал шылаулар сөздермен 
бірге жазылады.
Қысқасын айтқанда, қазақ орфографиясы XX ғасырдың 
басына дейін жүйесіз, қалай болса, солай жазылып келді 
деген пікірге əбден қосылуға болады. Өйткені оңай нəрсе-
лердің өзін жүйелеп беруге араб жазуының мұршасы 
болмағанын байқаймыз. Сондықтан да араб жазуына бай-
ланысты қазақ орфографиясының сол кездегі сыңайын 
П.М. Мелиоранский өте дəл байқаған. Ол былай дейді: 
«Қырғыздар (қазақтар – Ө.А.) орфографиялық ережені жеке 
адамдардың көрсетуі бойынша ұстанып отырған, ал олар-
дың негізгі көпшілігінің сауаты шамалы болғандықтан
жазуларында түсінікті қиындататын əр алуан қателер көп 
болатын»
54

53
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966; Аманжо-
лов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мəселелері. Алматы, 1957; 
X. Басымовтың «Еңбекші қазақ» газетіне жарияланған мақалаларын қараңыз.
54
Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. СПб., 
1894, Ч.І. С.13.


138
Араб жазуының осындай кемшіліктеріне байланысты 
1914 жылы арабшылдар Орынборда қазақ-қырғыз оқыған-
дарының съезін шақырып, алфавитке біраз жаңалықтар 
енгізеді. Бұл жерде кейін негізгі үлгіге айналған А. Бай-
тұрсынұлы өзгерістерін ерекше атау керек. Мұнда біраз 
əріпті қысқартып жазу ережелері жүйеленді. Шынында, бұл 
үлгі латын жазуына дейінгі мұқтажымызды өтеген, едəуір 
прогрестік мəні бар жазу болатын. Бұл үлгіні күні бүгінге 
дейін Қытай, Моңғол қазақтары тұтынып отыр. Осының 
өзінен-ақ А. Байтұрсынұлы жасаған жазудың əлдеқайда 
өміршеңдігін көреміз.
XІX ғасырда қазақ арасына орыс оқымыстылары мен 
ойшылдарының келе бастауының нəтижесінде, халқымыз-
дың мəдени өмірінде елеулі өзгерістер бола бастайды. 
Негізінен, патша үкіметінің тапсырмасын орындай келген 
бұлар қазақтың тілін, тарихын, ауыз əдебиетін зерттейді. 
Жер-жерде орысша мектептер ашылып, онда қазақ балала-
ры да оқиды. Енді қазақтар арабша оқумен қатар орысша 
да оқи бастайды. Қазақтардың өз ішінен Ы. Алтынсарин
Ш. Уəлиханов тəрізді орысша білім алған, озық ойлы аза-
маттары жетіле бастайды. Жоғарыда есімдері аталған 
орыстың ориенталист-оқымыстылары қазақ тілінің факті-
лерін орыс графикасына түсіріп, орыс тілін үйренетін 
қазақтар үшін жəне керісінше қазақ тілін оқитын орыс жəне 
басқа ұлт өкілдері үшін оқу құралдарын жазумен айналыса-
ды. Сөйтіп, бұл кезең орыс оқуы мен араб жазуының астыр-
тын айқасқа түскен тұсы болатын. 
Алайда орыс оқымыстыларының қазақтарға орысша 
үйретіп, олармен араласа бастағанына қарап, патша үкіметі 
саясатының астарын көрмей кетуге болмайды. Патша мен 
орыс буржуазиясының мұндағы көксегені – бұратана елді 
билеуге тікелей жəрдемдесетін қолшоқпар дайындау бо-
латын. Расында да, Ыбырай мен Шоқан сияқты жарқырап 
шыққан жұлдыздар болмаса, ол кездегі орыс мектебі ең ал-
дымен, өз елін тізе бүктіретін толып жатқан қазақ чинов-


139
никсымақтарын берді. Олардың өз жұртына деген бар 
жақсылығы бірінің үстінен бірі ұйымдастырған арыз-
шағымдарды орысшалап, ұлықпен екі арадағы итіс-тартыс-
та өз басына пайдалы, шашылған мүлікті қағып түсіп, 
қылғыта беруден əрі асқан жоқ. Төңкеріске дейінгі халқы-
мыздың тарихында болған екі түрлі үлгінің пайдасы мен 
зияны қысқаша айтқанда осындай.
Жазу – адамзат қауымы тапқан мəдени мүліктің ең асыл-
дарының бірі. Жазу əліппеге (алфавитке) тəуелді. Мəдени 
өрлеуге себепші болған жазудың негізі алфавит деп тани-
тын болсақ, əліппені асқан даналықтың туындысы деп 
қарауымыз керек. Мəдени прогрестің айқын бір белгісі ең 
алдымен ғылым-білімнің өркендеуінен көрінеді. Білімнің, 
ғылымның дамуы қай елді болса да мəдени өрлеуге же-
телейді. Егер кеңес өкіметі мəдени төңкерістің маңызды 
бір тармағы – тіл қозғалысын, сауаттылық мəселесін қолға 
алмаған болса, дəл бүгінгідей дəрежеге ешқашан да жете 
алмаған болар еді. Біздің еліміз ешқандай саяси-əлеуметтік 
өзгерістер мен экономикалық жетістіктерді көре алмаған 
болар еді. Бұл тұста патшалы Ресей кезіндегі империализм 
идеологтарының мына бір сорақы пікірін еске түсіру қажет: 
«Олар тілдердің грамматикалық ережесін жазып, оған азда-
ған əдеби өң беріп, жазумен жабдықтап мектепке енгізуді, 
сөйтіп соған лайықты халықтар тобын жасауды»
55 
мақсат 
еткенін жасырмай айтады. Ол кездегі «қамқорлықтың» сиқы 
осындай екенін кезінде ұққан В.И. Ленин бастаған больше-
виктер партиясы ə дегенде жаңа жəне көне əдеби тілдердің 
қай-қайсысын да қалыпқа түсіріп, дамытуды тарихи қысқа 
мерзімде іске асыруға кірісті. Сауатсыздықты жою үшін 
сауаттылардың сапасын анықтап, саналы əрекетке көшу ке-
рек болды. Осы мəнді мəселеде арқа сүйеріміз ғалымдар мен 
алдыңғы қатарлы зиялылар болғаны мəлім. Солардың ішінде 
озық ойлылары мен жоғары білімділерін жетекке алып, жаңа 
55
Журнал Министерства народного просвещения. 1887, февраль. С.37.


140
дүние жаңалықтарының жаршысына айналдыра білді. Ұлт 
жəне тіл мəселесі жөнінде 1921 жылы өткен партияның 
X съезі нақты тұжырымға келді.
...Оның жалпы мазмұны өз сөзімізбен айтқанда, былай 
болып шығады. Алға кеткен орталық Ресейді қуып жету 
үшін орыстан өзге халықтардың еңбекші бұқарасына жəр-
дем ету. Мəселен, сол халықтардың ұлттық болмысына 
сəйкес келетін кеңестік мемлекеттіліктің түрі, ана тілінде 
жұмыс істейтін жергілікті тұрғындар тұрмысы мен мінез-
құлқын жақсы білетін адамдардан тұратын сот, əкімшілік, 
шаруашылық, өкімет органдарын дамытып тұрақтандыру 
қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, ана тілінде баспасөзді, мек-
тепті, театрды, клуб пен мəдени-ағарту мекемелерінің 
жұмысын жандандыру, басқару жүйесімен əсіресе, оқу-
білім саласы бойынша жергілікті жерде партия, кеңес қыз-
меткерлерін, білікті маман жұмысшыларды жеделірек 
даярлау үшін жалпы жəне кəсіптік-техникалық білім беретін 
мектептер мен курстар тармақтарын (əсіресе, қырғыз (қазақ), 
башқұрт, түрікпен, өзбек, тəжік, əзірбайжан, татар, дағыс-
тандықтар үшін) ашып, дамыту
56
жөнінде нақты шаралар 
жүргізілді. 
Сол мамандарды əзірлеп, өркениеттен кенжелеп қалған 
шет аймақтар жұртшылығын социалистік экономикамен 
мəдениетке қосу үшін əрбір ұлттың өз ана тілінде көпке 
ортақ жазу жүйесі жасалуы тиіс болды. 
Бұл игі іспен айналыспаған адам кемде-кем: басшы 
қызметте отырған кісілер, алдыңғы қатардағы интелли-
генция өкілдері т.т. Əсіресе, тіл білімпаздары төңкеріс 
алдындағы жылдардағыдай тиіп-қашып факті жинаумен 
ғана шектелмей, еліміздегі барлық тілдердің бүгінгі жайы 
мен даму, жетілу мүмкіндігін жоспарлы түрде жүйелей 
зерттеумен шұғылданды.
56
КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов. М., 
1953. С. 559.


141
Мемлекетіміз жергілікті ана тілінде оқу құралдарын 
жəне аударма кітаптарды көптеп шығара бастады. Ал га-
зеттер мен журналдардың халық игілігіне қызмет етуі 
мəдени жетістігіміздің бір парасы болып табылады. 
Алғашқы бесжылдықтар тұсында оқу-ағарту ісінде қыр-
уар жұмыстар істелді. Кеңес Одағы жаппай сауатты мемле-
кетке айналды. Халқымыздың жасампаз еңбегінің нəтиже-
сінде бұл жылдары шынында да капиталистік мемлекеттер-
дің ешқайсысының өңі түгілі түсіне де кірмейтін ғажайып 
мəдени өрлеу жасалды. Осы мақсатты орындауға бірден-
бір себепкер болған іс – тіл проблемаларының дұрыс жолға 
қойылуы деп білеміз. 
Қазан төңкерісінен бергі жердегі жазу мəдениетіміздің 
тарихын үш кезеңге бөліп қарастырған жөн. Негізінен араб 
жазу үлгісін пайдаланған 20-жылдарды – алғашқы кезең деп 
қарасақ, латыншаны əжетке жаратқан 30-жылдарды екінші 
кезең деп білеміз. Ал 40-жылдардың басынан біз жап-
пай орыс үлгісін пайдалана бастадық. Содан бері қарайғы 
уақытты – үшінші кезең есебінде қарастыру дұрыс.
Аталған үш кезеңде халқымыз үш түрлі жазу үлгісін 
пайдаланған екен. Үш топқа бөліп қарауымыздың мəнісі де 
осыған байланысты. 
Бұл үш жазудың сауат ашу ісінде қилы мінез танытқа-
нын жасыруға болмайды. Ол жөніндегі қайсыбір ойлары-
мызды айтпас бұрын, мына жайға мəн бере кетейік. 
В.И. Ленин 1919 жылы 26 желтоқсанда РСФСР тұр-
ғындары ортасында сауатсыздықты жою жөніндегі декретке 
қол қойды.
Қазақстан үкіметі елді жайлаған аштық пен жалаңаш-
жалпылыққа қарамастан бұл жылдары көптің сауатын 
ашуда орасан зор жұмыстар жүргізді. Ол 1921 жылғы 
26 шілдеде сауатсыздықты жою туралы арнайы қаулы қа-
былдап, нақты шаралар белгіледі. Мемлекеттік мəні ерекше 
мəселені жүзеге асыра аларлық қабілеті бар 16 мен 50-дің 
арасындағы сауатсыз азаматтардың бəрі еңбекке тартыл-


142
ды. Еңбекші бұқараның ынтасымен партия басшылығы 
жүргізген жұмыстарының нəтижесінде 1920-21 жылдары 
Қазақстанда 2412 сауатсыздықты жою пункттері ашылған 
екен. Онда 72232 адам оқыпты. Жаппай сауаттану кезінде 
кездескен қиындықтардың ең бастысы ана тілінде оқыта-
тын оқу құралдарының жетіспеуі жəне сапасының төмен-
дігі еді. 
Алайда жыл өткен сайын жұмыс жандана түсті. Егер 
1923 жылы 3000 адам сауаттанып, 90270 адам оқытатын 
1003 пункт ашу көзделсе, 1924–25 оқу жылында мұндай 
пункттердің саны 6677 болған екен. 
1921–22 жылы тұңғыш рет қазақша оқу құралы басылып 
шықты. Оның біразы Қазан қаласында басылған. 
Ал 1925–26 оқу жылында республика бойынша 3344 мек-
теп жұмыс істей бастаған. Оның 111-і ғана жеті жылдық 
жəне екінші басқыш (вторая ступень) мектеп болған. Бұларда 
сабақ оқыған 17720 баланың 3048-і қазақ екен. 215142 бала 
оқитын 3233 бастауыш мектепте 67769 қазақ баласы
57
білім 
алған. 
Сөйтіп, 1920 жылы республика бойынша сауаттылар 
санын процентке шаққанда 14,4 болса, оның ішінде қазақ-
тар қалада 13,9 процент те, ауылды жерлерде 2,9 процент 
болған. Ал 1926 жылғы санаққа жүгінсек, сауаттылығы-
мыздың едəуір арта түскенін байқаймыз. Мəселен, 17 мен 
35 жастағылардың сауаттылығын əртүрлі ұлт өкілдері бо-
йынша салыстырып қарасақ, республика бойынша сауатты 
қазақтар саны 10 процентке, орыстар 57 процентке, укра-
индар 50,9, татарлар 67,5 процентке
58
жеткен. Сонда 1920–
1926 жылдар арасында республикамызда сауаттылардың 
саны 244 мың адамнан асқан. 
Баспа орындары ашылып, онда қазақша кітаптар шығару 
ісі жолға қойылды. Жаңадан пайда болған газет, журналдар 
57
Директивы ВКП(б) и постановления Сов. правительства о народном 
образовании за 1918–1947 гг. М., 1947.
58
ҚазССР Орт. мемл. мұрағаты. 81-қ., І т., 1513-іс.


143
мəдени шаруашылығымыздың жандана түсуіне сеп болды. 
Бұлардың біразы қазақ тілінде шықты. Мысалы, 1925 жылы 
республика бойынша 31 газет, соның 13-і қазақша екен. Ел 
сауаттана бастаған соң жергілікті тілшілер саны да көбейе 
бастады. 
Міне, осы аталып өткен шаралардың бəрі – баспа жұмысы, 
ісқағаздары, газет, журналдар, қаулы-қарарлар т.т. қай-
қайсысы да хатқа араб алфавитінің негізінде түсіпті. Түркі 
тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ тілінің дыбыстық 
жүйесін толық бере алмайтын араб жазу үлгілерінің 
кемшіліктерін көре отырып, неге тағы да оншақты жыл 
бас қатырдық, бірден неге латын немесе орыс графикасына 
көшіп алмадық деген сұрақ тууы мүмкін. Мұның бірнеше 
тарихи себептері бар. Қазақ халқының негізгі көпшілігі 
сауатсыз болды деп келдік. Алайда кемшілігі бола тұра 
олар пайдаланып келген арабша жазу үлгісін есепке алсақ, 
жұртшылықтың біразының осы жазу арқылы едəуір са-
уат ашқанын мойындау керек. Бұл – факт. Тарихи, діни 
қиссаларды заулатып оқып, сəл де болса көптің көкейіне 
шырағдан жаққан молла-дамыллаларды былай қойғанда, 
өзара хат жазысып, хабар алысарлық халде болған жұртты 
тарихтан білеміз. Ескерілген бір жайт осы. Екіншіден, елдің 
көпшілігі там-тұмдап қара танығанмен əлі санасы жетіле 
қоймаған кезі. Сондықтанда жаңа өмірдің жаңалықтары мен 
ескі өмірдің етекбасар ескі əдет-ғұрып, наным-сенімдері 
арасындағы күрестің жеңісе алмай, арбасып тұрған 
шағында халықтың көзі үйренген жазуды тастап, бірден 
басқа алфавитті қабылдай қою қиындықтар əкелер еді. 
Үшіншіден, осындай шақта еңбекші бұқараға жаңа дəуірдің 
жарқын істерін байқататын, партияның қаулы-қарарлары 
мен шешімдерін, əзірше өзіне түсінікті жазу үлгісін пай-
далана отырып жеткізу жағы көзделді. Міне, осындай бір-
неше объективті себептерді ескерген сол кездегі үкімет 
бірден-бір дұрыс шешім тапты деуге болады. 


144
Уақытша болса да көптің қажетін өтеп отырған бұл жа-
зуды енді қазақ тілінің заңдылықтарына орай жақсарта, 
жандандыра түсудің амалы қарастырылды. Бұл істе, 
əсіресе, қазақтың оқыған зиялы азаматтары атсалысты. 
Олар орыс оқымыстыларының, мамандарының теориялық 
еңбектерін зерттей отырып, қазақ жазуын ғылыми жүйеге 
түсіруге əрекеттенеді. Сол кездегі газет, журналдарды 
қадағалап қарағанда, осы мəселеге арналған материалдар-
ды кездестіруге болады. Алайда араб жазуын жақсартуға 
арналған ауыз толтырып айтарлық мақаланы айта қою қиын. 
Араб алфавитіне дəйекші енгізіліп, қайсыбір əріптердің қыз-
меті сараланды: 1924 жылы оған реформа жасалып, оны қазақ 
тілінің ережелеріне үйлестіру бағытында біраз нəтижелі 
жұмыстар жасалғаны мəлім. Қайсыбір басы артық əріптерді 
алып тастап, ана тілімізге бейімдеу жағы қарастырылды. 
Осы əрекеттің басы-қасында А.Байтұрсынұлы тұруы жа-
зуымыздың саралана түсуіне зор əсерін тигізді. Сөйтіп, бұл 
алғашқы Реформаның нəтижесінде ұлттық жазуымыз бен 
алфавитімізді біршама жөнге келтірдік. Осындай алғашқы 
əрекеттер ұлттық мəдениетімізді өркендету саласына септігі 
тиген алғашқы кезең ретінде бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет