30
Ол 1896–1907 жылдар аралығында Қарқаралыда оқы-
тушылық қызмет атқара жүріп, қалада оқып, көздері ашыла
бастаған жастарды жəне жергілікті жердегі бірен-саран са-
налы, ойлы азаматтарды төңірегіне жинайды. Олардың ара-
сына ағартушылық рухын тарата бастайды. Осының көрінісі
ретінде ол сол кездегі Ресей Империялық министрлер Кеңесі
Төрағасының атына петиция (арыз-тілек) жазып, жолдай-
ды. Бұл өз кезеңінде айрықша батыл қадам болатын. Онда,
негізінен, қазақ халқының жағдайлы өмір сүруіне қажетті
деген басты-басты мəселелерді тізіп жазған: жер мəселесі,
қазаққа земство беру, қазақты мүфтиге қарату туралы жəне
ең бастысы – «Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға
қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша
сауат
ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін» деген
жолдар еді.
Мектептерде оқу ана тілінде жүргізілу үшін бұрын
болмаған тың жол салынуы керек екенін Ахаң өте жақсы
түсінеді. Сондай үлкен жауапкершілікті өзіне сенгендіктен
де мойнына алып, əлгіндей хат жазған болатын. Ол хат жа-
зумен ғана тынбай, енді сол қазақ
балаларының өз тілінде
сауат ашуына арнап тұңғыш əліппені жазады. Оны «Оқу
құралы» деген атпен 1912 ж. Орынбор қаласында бастырып
шығарады.
Бұған дейінгі қолданылып келген «Букварь», «Само-
учитель» (кейде оны «Жазуға үйрететін кнеге» деп те атап
келген) дегендер қазақ балаларының сауатын орыс графи-
касы негізінде орысша ашатын құрал болатын. 1892 жылы
Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген осындай
құралға А.Е. Алекторов «Əрпі орысша, сөздері, мəтіндері
таза қазақша» («Буквы русские, фразы, тексты начисто ка-
захском языке») деп анықтама беріпті.
Сонымен, А. Байтұрсынұлының 1925 жылға дейін 7 рет
басылған бұл «Оқу құралы» қазақ халқының тұңғыш əліппесі
болып табылады.
31
Осыдан көп ұзамай, ол енді қазақ тілін мектепте пəн
ретінде оқытуды жоспарлап, оқулық жазуға кіріседі. «Тіл –
құрал»деп аталатын бұл оқулықтың фонетикаға (ды-
быс жүйесі) арналған І бөлімі 1915 жылы
тұңғыш рет
жарық көреді. Мұның 1927 жылы Қызылордадан шыққан
нұсқасыңда «7-ші» деп көрсетілуіне қарағанда, бұл оқулық
та осы екі аралықта осыншама рет жарық көргенге ұқсайды.
«Тіл – құралдың» морфологияға (сөз жүйесі) арналған
ІІ бөлімі бұдан бір жыл бұрын – 1914 жылы баспадан шық-
қан. Ол да 1927 жылға дейін 6 рет басылып үлгерген.
«Тіл – құралдың» синтаксиске (сөйлем жүйесі) арналған
ІІІ бөлімі де көп ұзамай жұртшылық қолына тиеді. Бұл еңбек
те бірнеше рет басылым көрген. Мысалы, Қызылорда –
Ташкенттегі «Казгосиздаттан» 1928 жылы басылып шыққан
данасында «6-ншы басылым» деп көрсетілген.
Ғалым тіл үйретуде бұл еңбектермен ғана шектеліп
қалмай, енді қолданбалы грамматиканы жазады. Оны ол «Тіл
жұмсар» деген атпен 1928 жылы Қызылордадан шығарады.
Сондай-ақ тіл үйретудің таза əдістемесі – «Баяншы» деген
кітабын жұртшылыққа ұсынады.
Байқап отырсақ, бұл тұңғыш қазақ лингвисі өзінің ал-
дына жүйелі мақсат, айқын бағдарлама түзіп,
сол бой-
ынша өз бетімен жұмыс істеген тəрізді. Мəселен, оның
бірінші мақсаты – қазақ баласының сауатын ашу болса,
осыдан барып «Оқу құралы» пайда болады, содан кейін
қазақ тілінің грамматикалық құрамын ана тілінде талдап
беруді мақсат етеді де, «Тіл – құралды» жазады. Тілді дұрыс
жұмсай білу тəртібіне байланысты ойға қалады да, «Тіл
жұмсарды» ұсынады,
сауат аштыру, тіл оқыту əдістемесін
жасау мақсатында «Баяншыны» береді. Кезінде əлденеше
қайталанып басылуының өзі бұл еңбектердің зəрулігі мен
бағасының қаншалықты дəрежеде болғанын аңғартса керек.
Осы еңбектерді жазып, жарыққа шығармас бұрын
ғалымның қазақ жазуымен түбегейлі айналасуына тура
келеді. Неге десеңіз, ол сол кезде пайдаланып жүрген араб
32
жазуының көптеген дыбыстық жүйесіне сəйкестендіріл-
меген болатын. Соның салдарынан арабша хат таныған
адамның көбі сауаты шамалы боп шығатын. Міне, сондықтан
А.Байтұрсынұлы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттері-
нің беттерінде араб жазуының қазақ тіліне лайықтап икем-
делген жаңа нұсқасы туралы жұртшылыққа түсіндіріп,
мақалалар жазады. Ол жасаған жаңа жазу үлгісі ел көңіліне
бірден ұялайды да, қабылданады.
Міне, осы тұста ғалым əрбір пəннің, əрбір
ғылым са-
ласының өз жүйесі, сол жүйесіне лайықты ұғым, түсініктері
болуы тиіс екеніне көзі жетеді де, қазақ тілінің терминдік
атауларын тыңнан жасауға кіріседі. Онсыз елдің сауатын
ашарлық, білімін көтерерлік оқу құралдарының қандайын
болса да жасаудың қиынға түсерін ұққан жанның тек осы
саладағы еңбегінің өзі-ақ ол туралы мақтанышпен əңгіме
қозғауға негіз болар еді.
Жоғарыда айтылған «Айқап» журналы мен «Қазақ»
газетіндегі қазақ жазуы
жайындағы мақалаларында
А. Байтұрсынұлы қазақ ұғымына əлі жат, бірақ тіліміздің
ішкі жүйесін түсіндіруге қажет кейбір сөздерді жаңаша
қолдана бастайды. Олар –
дыбыс, əріп, емле, ноқат (нүкте),
Достарыңызбен бөлісу: