үтір, буын, əліппе, сөз аяғы, белгі, сөз басы, дауысты дыбы-
стар, сүйеніш, дəйекші деген т.б. сөздер. Бұлар қазақ тілінде
бұрыннан бар болғанмен, белгілі бір ғылыми ұғым есебінде
нақты атауға иелік жасап отыруы тұңғыш рет.
Қазақ тілі терминдерін жасауды осындай алғашқы мақала
пікірлерінде бастаған А. Байтұрсынұлы өзінің үш бөліктен
тұратын айтулы еңбегі «Тіл – құралда» мейлінше дамытып,
ұластырып алып кетеді.
Оның бұл еңбектерде пайдаланған терминдері жайында
əңгіме қозғамас бұрын, мына бір тұсқа назар аударғымыз
келеді. «Тіл – құралдың» дыбыс жүйесін талдайтын бірінші
бөліміне ол алдымен алғы сөз (сөз басы) жазып, кітаптың
мəнін, мақсатын түсіндіреді. Тұңғыш рет ауызша сөйлеу
мен жазып сөйлеудің маңызын ғылыми тілмен баяндай келе:
33
«Əр жұрт баласын əуелі өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын
танытып, балалар əбден дағдыланғаннан кейін басқаша
оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек,
өзгелерше əуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша
оқытуға тиіспіз», – деген болжауы қазіргі кезеңде де мəнін
жоғалтпай тұрған жоқ емес пе?
Небары 38 беттен тұратын шағын еңбектің мағыналық
салмағында шек жоқ. Айқын ой, нақты сөз арқылы сон-
шама қарапайым жазылған бұл еңбек оқушының ұғымына
соншалықты жеңіл. Оның себебі қазақ тілін көзбен көріп,
қолмен ұстап анық байқайтындай етіп, белгілі бір жүйеге
салып саралап, əрқайсысына нақты ат беріп, түсіндіруінде.
Мəселен, түсіндірілетін құбылысқа дөп түсіп жататын, оның
ішінде пəн ретінде оқылатын тілдің түрлі категорияларына
лайықты жаңа сөз тауып, жасап, оларды қалыптастырудың
тіпті де оңай болмағанын тек ойша шамалауға болар.
Ол қазақ тілінің бұдан былайғы жерде негізгі жұмыс
құралына айналуға тиісті сөз, сөйлеу, сөйлем, буын, ды-
быс, таңба, əріп, тұлға, түбір, жалғау, жұрнақ, қосымша
тəрізді толып жатқан сөздерді тауып, орын-орнына қойып
қалыптастырады, əрқайсысына нақты қызмет береді.
Дыбыстардың не екенін, оның құрамын, түрлерін
анықтай отырып, олардың, ең алдымен дауысты, дауыссыз
делініп, одан əрі қарай жарты дауысты дыбыстар, қатаң
дыбыстар, ұяң дыбыстар, ымыралы дыбыстар, ымырасыз
дыбыстар деп түр-түрге бөлінетінін айтып, əрі қысқа, əрі
нұсқа түсіндіреді. Əрбір дыбыстың айтылу ерекшелігіне,
сөз материалы есебіндегі ішкі, тысқы ажарына соншама
зергерлікпен үңіліп, əрқайсысының өзіне лайықты ат тауып,
шатастырмай саралап шығуы нағыз білімдарлыққа, тілдің
небір нəзік тініне дейін үңгіп ене алуы, қабілет-дарыны зе-
рек лингвистің болмысына тəн еді. Қазақ тілінің дыбыстық
жүйесін саралауға байланысты туған бұл терминдік ұғымның
бəрі дерлік тұрақты қалыптасты, тек ымыралы, ымырасыз
деген тəрізді сөздердің қолданысы ғана онша өрістей алма-
34
ды. Оның есесіне жеті септік – атау, ілік, барыс, табыс, жа-
тыс, шығыс, көмектес деген терминдер өзінің дəлдігімен,
өміршеңдігімен мəңгі тұрақтанып қалды.
Жалпы, термин жасау дағдысында А. Байтұрсынұлы
ұстанған ең басты екі принципті анық аңғарамыз. Оның
бірі жəне ең негізгісі – термин жасауда қазақ тілінің өз
мүмкіндігін барынша сарқа пайдалану. Термин жасау
принципінде ана тілдің ішкі сырын жете пайдаланды де-
генде де, біз А. Байтұрсынұлының өзге озық ел тілдерінің
грамматикалық категориялар түзудегі тəжірибесін терең
меңгергенін байқамай тұра алмаймыз. Əсіресе, тілді фоне-
тика, морфология, синтаксис деген дəстүрлі жүйеге бөліп
қарауынан бастап, соның əрқайсысының өзіндік құрылымын
саралауда да, əрине, ең алдымен, орыс тілі грамматикасының
əсері жоқ емес.
Мəселен, сөздерді түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы
сөз, қосымшалар деп тұлғасына қарай беске бөліп қарауы,
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу,
жалғау, одағай деп мағынасына қарай тоғызға бөліп сарала-
уы бəрі сол қалпында тілімізге сіңіп, қалыптасып кетті.
Бұл келтіріліп отырған мысалдар «Тіл – құралдың» фо-
нетика жəне морфология бөлімдерінен алынып отыр. Ал
1924 жылы Орынборда басылған «Тіл – құралының» сөй-
лем жүйесін (синтаксиске) талдауға арналған бөлімінде
орын тепкен терминдердің өзін өз алдына жеке-дара зерт-
теуге тұрарлық. Мұнда ол сөйлем мүшелерін соншама бір
көрегендікпен саралайды. Алдымен оны тұрлаулы жəне
тұрлаусыз деп екіге бөліп алады да, олардың əрқайсысына
жеке-жеке тоқталады.
Жоғарыда əңгіме болғандай, оның термин жасау ісінде,
ең алдымен, қазақ тілінің өз мүмкіндігіне көбірек сүйенгенін
байқаймыз. Ол жасаған терминдердің бəрі дерлік ана тілдің
өз байлығы, өз сөздері. Ал оны іске жарату барысын-
да əртүрлі амалдар қолданған. Ол əуелі заттық, атаулық
ұғымын берерлік сөздерді іріктейді ( əріп, сөз, сөйлем) не-
35
месе оларға терминдік қызмет жүктейді, екіншіден, сөздерді
тіркестіре қолдану арқылы терминдер жасайды ( түбір сөз,
туынды сөз, сұраулы сөйлем, тұрлаулы мүше), сондай-ақ
түрлі қосымшалар көмегін пайдалана отырып, сан алуан тер-
миндер жасайды ( бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, бо-
лымды, болымсыз, жалаң, жайылма, үстеу, одағай, есімдік,
етістік т.т.).
Сонымен бірге өзінің ертелі-кеш жазған мақалалары
мен «Тіл – құрал», «Тіл – жұмсар» тəрізді еңбектерінде
кездесетін программа, фонетика, морфология, синтаксис,
синод, дума, школа, председатель, министерство, петиция
сияқты сөздерге қарағанда, ол реті келген жерде өзге тілдің
(əсіресе орыс тілінің) сөздік қорындағы керекті сөздерді
пайдаланудан да қашпаған тəрізді. Сондай-ақ ана тіліміздің
сөздік құрамына баяғыда еніп, байырғылардың қатарына
қосылған оқу, білім, мектеп, кітап, өнер т.б. тəрізді толып
жатқан араб сөздерінде терминдік материал есебінде жиі
пайдаланып отырады.
Сайып келгенде, оның термин жасаудағы өнегелік үлгісі
күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Əсіресе, тілдің
бар қатпар-қыртысын, бар амал-тəсілін сарқа пайдалана
білуде А. Байтұрсынұлы үлгісі – таптырмайтын үлгі. Осы
қысқаша үзіктің өзіненде қазақ тіл білімінің, соның ішінде
қазақ терминологиясының негізін салған А. Байтұрсынұлы
деп түйін жасауға əбден болады.
А. Байтұрсынұлының термин жасаушы ретіндегі өне-
гесінен де нақты сала, яғни лингвистика ілімі бойынша
тереңірек талдауды мақсат етіп отырмыз. Сонда ғұламаның
сөзжасам əлеміндегі ішкі лабораториясын анық танып білуге
болады.
|