98
нор (ұяң) дыбыстан басталатын түрлерінің қолданылуы осы-
ны көрсетеді:
қарттар емес – қартлар я қартдар, халыққа
емес – халығғе; бастырушы емес – басдырушы, облыста
емес – облусда, білікті емес – біліклі т.б. Басқаша сөзбен
айтқанда, «Айқап» журналы сөздің жазылуында ортаға-
сырлық түркі əдеби тілі дəстүрлерін сақтауға тырысқан.
Бұл жеке лексемалардың қолдануынан да байқалады. Бір-
неше мысалдар:
Мен бұл сөздерді дуспандықменен жа-
зыб отырғаным жоқ, замандастарымның анасыздығына
көңілім ренжігеннен жазыб отырмын («Айқап», 1914, №22,
205-б.).
Һəркешінде татар қарындастарымыздың көздері
ашылуб, файда-зарардың арасын айырарлық адамдардың
жетісуб дін, дүния оқуының керегін түсінген кісілері көбейі
бастады (Сонда. 1913, №9, 194-б.).
Сондай закон біздің Рус-
сияда да тузулуб жатыр (Сонда. 1912, №2, 198-б.).
Біздің
қазақ Руссияға табиғ болғаннан бері, бұрыннан да Оралдың
тауынан күншығысқа қарай Қытай границиясына шейін
жайылған, мал асырауымен күн көріб, көшіб жүрген халық
еді (Сонда. 1912, №2, 42-б.).
Аң сөзі осы түбір жалғасында көне жазба нұсқаларының
көбінда-ақ
ой-өріс, білім, ақыл мағыналарында жұмсалған.
Мысалы: Махмұд Қашқари сөздігінде ол сөз түсіну, білу,
ортаазиялық тəфсір, Сейф Сараи шығармасында, «Қосырау
мен Шырын» тілінде, Абу-Хаянның грамматикасында, «Құ-
тадғу білік» дастанында Əбілғазы мен Қыдырғали Жала-
йыри еңбектерінде т.с. бірде ақыл-ой, бірде білім, ес, бірде
еске түсіру, ойлану, ақыл қорыту, пайымдау мағынасында
қолданылған. Атау тұлғасында жəне -сыз (аңсыз) қосым-
шасы жалғанған аң сөзі қазақ баспасөзінде 1920 жылдарға
дейін қолданылып келді.
«Һəм миллиондаған халықты
əсіресе шет ұлттарды қалайша караңғылықпен аңсыз
Достарыңызбен бөлісу: