Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет32/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   124
надандық да өз файдаларын білмес дей меңіреу, керектерін 
сұрай алмастай мылқау етіб ұстау қамында болыб со-
нымен ғана шұғылданады» («Мұғалім», 1919, №2, 25-б.). 
Кейінгі кезеңдерде сөздің мұндай түбір тұлғалары (ақыл, ой-
өріс, білім мағыналарында) қолданылудан біртіндеп шығып 


99
қалды. Қазіргі əдеби тілімізде бұл сөздің аңдау, аңғару 
сияқты тұлғалары байқау, пайымдау, абайлау, сезу, түсіну 
мағынасында қолданылады. Қазіргі қырғыз тілінде ғана аң 
сөзі ақыл-ой, сана мағынасында түбір күйінде сақталған.
Қарындас сөзінің «Айқап» қолданған мағынасы да өз-
геше. Көне жазба ескерткіштерде бұл сөз қазіргі қазақ 
тіліндегідей өзінен жас жағынан кіші əйел туыс қана емес, 
жалпы туыс – оған аға да, іні де, ана да, қарындас та, сіңлі 
де кіреді. «Айқап» бұл сөзді кеңірек мағынада қолданған. 
Бұлай қолдану жалғыз «Айқап» тілінде ғана емес, бұл 
кезеңдерде шыққан басқа да жазба əдебиет тілінде ұшы-
расады.
Табиг, тапуғ сөзінің мағынасы А.А. Семеновтың көрсе-
туінше, тек қызмет ету (служить, услуга) ғана емес, оның 
терминдік те мəні болған. Юсуб Баласағунның «Құтадғу 
білігінен» бастап, кейінгі дəуірлерге жататын жазбалардың 
көбінен бұл сөз кездесіп отырады. Соның қай-қайсысында 
да бұл сөз қызмет ету, қызмет көрсету дегеннен гөрі 
жалбарыншы болу, табыну, бас иіп, тағзым ету сияқты 
мағыналарында қолданылады. Табиғ (тапуғ) сөзінің тұрақ-
танған белгілі терминдік мəні жайында А.А. Семенов мына-
дай мəлімет келтіреді.
«Парсы тарихшылары Мирхонд мен оның немересі 
Хондемирдің еңбектерінде Тимурид Султан Хусейн мыр-
за Дешті қыпшақтың ханы Абулхайыр ханға барғанда 
табиғ (тапух) жасағаны көрсетіледі. Улуғхан алдында бас 
киімін алып, қолымен құлағын ұстап, еңкейіп келіп тағзым 
етеді. Бұл сөз осы дəуірде белгілі бір тұрмыстық ұғымды 
білдіретін дараланған термин болған. Сондықтан оның 
беретін мағынасы қызмет ету, қызмет көрсету емес, толық 
бағынышты, қарауында болу, бағынышты қызмет, қол 
астында болу сияқты»
40
.
40
Семенов А.А. Уйгурское «табук» (тапук) и его историко-бытовая параллель 
в языке узбеков XV в. // Белек С.Е. Малову. Сб. статей. Фрунзе, 1946. С. 55-56.


100
Бұл сөздің осы мағынасына қазақ тіліндегі онымен 
түбірлес табыну сөзі жақын. Бұнда да қызмет ету емес, 
соған берілу, сол жолда құлдық ету, құлшылық ету, жанын 
пида қылу дегенді меңзейді.
Б. Майлиннің «Шұғаның белгісіндегі» Шұғаның мына 
бір сөзі де осымен мағыналық жағынан төркіндес екенін 
көрсетеді. «Басқан ізіңді тауаб етеді дегейсің, Əбіштің 
етегінен ұстағанмын». Ал«Айқап» тілінде табиғ сөзі бұл 
мағыналарында емес, жаңа мағынасында жеке адамның 
емес, бүкіл бір елдің екінші мемлекет қол астында бағы-
нышты ел мағынасында қолданылғанын көреміз.
«Айқап» журналы жаңа сөз жасаудың морфологиялық 
жолына үлкен мəн бергендігі байқалады. Бұрыннан сөз 
жасау практикасында қолданылып келген төл жəне кірме 
жұрнақтардың жаңа сөз тудырып, сөзге жалғану өрісі 
кеңейе түскенін көреміз. Яғни «Айқап» журналы беттерінде 
жұрнақ арқылы жасалып, алғаш қолданылған жаңа сөздер-
дің көбі-ақ əдеби тілімізден берік орын алды. Ал кейбіреу-
лері сол кезең шеңберінен шықпай қалды. «Айқап» тілінде 
жаңа сөз тудыруда -шы, -ші жұрнағының қызметі арта түсті. 
Бұрын жазба тілде қолданылмаған -шы, -ші арқылы жасал-
ған туынды сөздерді «Айқап» бетінен көптеп кездестіруге 
болады. Мысалы: бұл үш тобшыны тобшылап қарағанда 
бастабғы екі тобшы (фікірі) бірыңғай болса да, Əлжанов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет