Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет53/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   124
Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического анализа. 
М., 1977. С.90.


154
да ғана қолданылады. Тіпті мұны Г.О. Винокур
64
айтқандай, 
күнделікті практикалық мұқтаждық тудырады, оны белгілі 
саладағы мамандар жасайды. Осыдан байқалатындай, тер-
мин дегеніңізді саналы түрде қадағалап, қолдан жасап, 
сұрыптап отырмаса, ғалымдар бірін-бірі түсінуден
65
қалуы да 
ықтимал. Өйткені ғылымның мазмұны оның формасы-мен
яғни керісінше айтсақ, ғылым түрі оның мазмұнымен тікелей 
байланысты болмақ. Бұл – ғылым мазмұны оның формасын 
тудырады да, соған тəуелді болады деген сөз. Алайда тер-
миндер сол өзі пайда болған салада тұрақтанып, өзгерместей 
қатып қалатын категория емес. Тіл дамуына байланысты 
қасиет оған да тəн. Бір ғылым саласының əжетіне жараған 
термин екінші бір ғылым саласының да мұқтажын өтеуі 
мүмкін. Тіпті керек десеңіз, бір кезде шектеулі шеңберде ғана 
болған терминдердің жалпы əдеби тіл сөздігінің құрамынан 
орын алып жататын да кезі жоқ емес. Бірақ ол қай ғылымның 
саласында да тек терминдік сапада жұмсалуға тиіс. Ең негізгі 
шарт осы.
Сөйтіп, терминжасам дегеніңіз қоғам мүшелерінің са-
налы əрекеті нəтижесінде жасалатын құбылыс. Жалпы 
халықтық тілдегі көптеген сөздердің қашан, қалай пайда 
болғанын біле бермейміз. Ал терминдердің, тіпті бүкіл бір 
терминдік жүйенің неге байланысты, қалай, қай мезгілде 
жасалғанын дəл айтып беруге болады. Бұл жағынан тер-
миндердің ономастикалық лексикамен (кісі аттарымен) 
ұқсасатын жері бары да рас. Революция, социализм, кол-
хоз, совхоз, қызыл отау, бесжылдық, өнеркəсіп, тың жер, 
тыңгер, тиімділік, сапалық белгі, ғарышкер, жеделдету, 
бетбұрыс, қайта құру тəрізді т.б. толып жатқан сөздер мен 
тіркесімдердің қашан, қандай жағдайда жасалып, терминдік 
64
Винокур Г.О. О некоторых явлениях словообразования в русской техни-
ческой терминологии//Труды МИФЛИ, 1939. Т.5. С.24.
65
Будагов Р.А. Терминология и семиотика//Вестник МГУ. 1972. №5.


155
мəнде жұмсала бастағанын дəл айтып бере аламыз. Термин 
сөздердің бұл екінші бір ерекшелігі. 
Қазіргі кезеңнің терминологиялық келбетін бір сəт ойша 
саралап өткеннің өзінде, тілді дамытудың бұл саласының 
айрықша мол арналы көзіне айналғанын байқаймыз. 
Ғылым мен техниканың ел өміріне етене енуіне орай туын-
даған сансыз арнайы сөз легі – бұларды реттеп, сұрыптап, 
қалыптастырып отыру проблемасын күн тəртібіне қойды. 
Екі тілділік проблемасының мəні артып отырған бүгінгі 
Қазақстан жағдайында термин сөздерге деген ынта, ықылас 
пен мұқтаждық шеңбері бұрынғыдан əлдеқайда кеңімесе, 
тарылған жоқ. 
Термин қалыптастырудың бұрынғы кезеңдерінде бұл 
процесс көбіне-көп стихиялы түрде жүргізілгенін білеміз. 
Ол кезде атаулардың əртүрлі нұсқалары, жарыспалы сөздер, 
көп мағыналы сөздер саны молырақ болатын. Бұлар түрлі 
терминологиялық сөздіктер шығару барысында сараланып 
келеді. Бірақ бұл салада істелетін шаруа əлі жетерлік.
Жалпыға ортақ сөздер мен терминжасам процесін са-
лыстырып қарасақ, өзара едəуір айырмашылық бар екенін 
байқамау мүмкін емес. Алдыңғылар үшін сөз өндірудің бір 
ғана тəсілі жеткілікті болып жатса, кейінгілер үшін бұл аз, 
яғни терминдердің негізгі жасалу жолынан басқа, атаулық 
мазмұны анықталуы тиіс. Мұнысыз термин толық термин 
бола алмайды.
Терминсөздің ішкі құрылысы ешқандай қосымша, 
қоспасыз, таза атаулық жүк арқалауға тиіс. Термин болуға 
икемделіп тұрған сөздің ішкі формасы мөлдір де таза 
күйге көшпесе, оның терминдік мəнінің əлі қалыптасып 
бітпегендігі. Ал ішкі икемділік дегеніңіз кəсіби алқаға 
тікелей байланысты, яғни бұл мамандық иелерінің кəсіптік 
мұқтаждығынан (ынтызарлығынан) туындайтын терминнің 
ішкі мүмкіндігі. Терминнің ішкі түрін айқындауда əрине 
стандартты сөз біріктіру, қосымшалар тəрізді сөзжасам 


156
құралдары едəуір рөл атқаратыны даусыз. Тіпті, кейбір 
ғалымдар пікіріне қарағанда, сөзжасам морфемаларының 
қызметі жалпы əдеби тілге қарағанда терминология сала-
сында басымырақ көрінеді.
Сөзжасамның терминологиялық акті ұғымдар классифи-
кациясына (жіктелуіне) тікелей қатысты. Өйткені терминсөз 
белгілі бір ұғымның атауын ғана айқындап қоймай, сонымен 
бірге сол ұғымның мазмұнын да білдіреді. Мысалы, -лық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет