Термодинамика –ағзадағы энергия, жылу және зат алмасу процестері жөніндегі ғылым


Термодинамика заңдарының жалпы сипаты бар және атомдық деңгейдегі заттардың құрылымдық бөлшектеріне тәуелді емес



бет2/20
Дата18.04.2024
өлшемі4.82 Mb.
#499127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Лекц 8 Термодинам 24

Термодинамика заңдарының жалпы сипаты бар және атомдық деңгейдегі заттардың құрылымдық бөлшектеріне тәуелді емес.

  • Термодинамика заңдарының жалпы сипаты бар және атомдық деңгейдегі заттардың құрылымдық бөлшектеріне тәуелді емес.
  • Термодинамика – ғылым мен техникада: энергетика, теплотехника, химиялық реакция, фазалық өтулер т.б.; физика және химияда, химиялық технологияда, аэрокосмостық техникада, машинақұрылысында, клеткалық биологияда, биомедициналық инженерияда т.б. кеңінен қолданылады.

Термодинамика зерттейді


Энергиялардың бір формадан екінші формаға, жүйенің бір бөлігінен екінші бөлігіне өтуін
Әр түрлі физикалық және химиялық процестер кезінде түзілетін және осы процестердің жүру жағдайларына тәуелді энергетикалық эффектілерді
Жүйеде энергияның өздігінен өту процесстерінің мүмкіндігін, бағытын және шектерін

Термодинамика қандай шектеулерге ие:


Термодинамика дененің ішкі құрылысын және ондағы процестердің өту механизмін қарастырмайды
Термодинамика тек макроскопиялық жүйелерді ғана қарастырады
Термодинамикада "уақыт" деген түсінік мүлде болмайды

Тарихы:

  • Ерте заманда адам суық пен жылуды сезетін, дене жылуы арқылы температураны өздерінше түсінетін.
  • Тек 16 ғасырда Галилей алғашқы термометрді енгіздіргенде ғана жылу жайында ғылыми ілім дами бастады.
  • Термодинамика – механикалық жұмысты орындауға жұмсалатын ішкі энергияның қалыптасуын зерттейтін ғылым. 18 ғасырдың 2-ші жартысында бірінші пар машинасының пайда болуымен өндірістік революция басталды. Ғалымдар мен инженерлер мұның эффектілерін күшейту мақсатында ізденістер жүргізді, 1824 ж Сади Карно «О движущей силе огня и о машинах, способных развивать эту силу» шығармасында жылу машинасының максимады пайдалы әсер коэффициентін анықтады. Осы кезден термодинамика бастамасы басталды.
  • 19 ғасырдың 40 жылдары Майер және Джоуль механикалық жұмыс пен жылу арасындағы сандық байланысын анықтады, энергияның сақталу және айналу заңдарын қалыптастырды.
  • 50-жылдары Клаузиус және Кельвин жинақталған ілімдерді жүйелей отырып энтропия және абсолютті температура түсініктерін енгіздірді.
  • 19 ғасырдың соңында термодинамикалық потенциалдар методын ұсынған, термодикамикалық тепе-теңдіктің жалпы күйін зерттеген, фазалар мен капиллярлық құбылыстар тепе-теңдік заңдарын ұсынған Гиббс жұмыстарында термодинамика дами түсті
  • 1906 жылы Нернст теоремасы қалыптасты, ол ғалым атымен аталады және термодинамиканың 3-ші бастамасы болып табылады.
  • 1909 жылы Каратеодори еңбектерінде алғаш рет термодинамиканың аксиомалық негіздері қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет