«Терроризм және экстремизм оның зардаптары» Сынып жетекші



бет43/57
Дата25.02.2024
өлшемі1.11 Mb.
#493162
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Жоғары ҚМЖ тәрбие сағаты 23-24

Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Ресурстар

Кіріспе
10 мин

Негізгі бөлім
25 мин



Мұғалім: Құрметті оқушылар! Ғарышкерлер мерекесіне арналған "Ғарышқа түрен салған қыран - қазақ!" атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Бүгін Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан тура 55 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 30 жыл салып, қазақтың атын шығарып ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те көкке самғады. Осылайша Қазақстан ғарыш кіндігіне айналды.


I кезең: "Ғарышқа түрен салған қыран -қазақ!"
Мұғалім: Алпыс бірдің сәуірі адамзат баласын шырт ұйқысынан оятқан кеш болды. Оның алдында ғана әлі зерттелмей келген ғарыш кеңістігіне жердің жасанды серігі ұшырылған болатын. Енді, міне, аспанға адам ұшты. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің есімі бір сәтте жер бетіндегі адамдардың аузында жатталып қалды. Сол кезден бастап жер бетінде ғарышкер болғысы келетін балдырғандар қатары күрт көбейе түскен еді.
Аспанға ғарышкер ұшқан сайын "Ғарышкерлер қалашығы", "Жұлдызды қалашық" деген сөздер жиі естілетін, жанның бәрі шын жүректен құмартатын. "Байқоңыр" дегеннің қайда екенін Кеңес Одағының азаматтары жөнді біле де бермейтін, бәрі де жабық есік жағдайында, аса құпия түрде болды. Жасырын нысанның үстінен керек десеңіз құс та ұшыра алмайтынды.
Расында да "Миллиондаған жанның асқақ арманына айналған Байқоңыр қандай мекен өзі?" деген орынды сұрақ туындайды. Ал, шын мәнісінде, Байқоңырға барсаңыз, Төретамда болсаңыз, әсіресе жаз айында төбеңіз көкке екі елі тимей тұрғандай әсерге бөленетініңіз анық. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың былай дегені бар: "Қазіргі ғарыш айлағы орналасқан жерді сонау VII ғасырда түркінің даңқты философы, ақын әрі сазгер Қорқыт ата "жердің кіндігі" деп атаған. Сол сияқты ерте замандарда талай-талай керуен жолдары өткен киелі өңір. Сондықтан ғарышқа тұңғыш адамның дәл осы жерден ұшуы тегіннен-тегін емес!"
Расында да кезінде Циолковскийдің сұқ саусағы дәл осы жерге бекер шұқшиған жоқ. Әйтпесе Ресей Федерациясының ұланғайыр кең даласында осындай жер табылмады дейсің бе? Былайғы жұртқа ішкі сырын аша бермейтін Владимир Путиннің өзі де 2006 жылы Байкоңыр ғарыш айлағында болғанда "Әлемдік тарихтың ең бір ұлы кездері - жасанды жер серігінің, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуы, ашық ғарыш кеңістігіне шығу тәрізді қайталанбас оқиғалар осы жерден бастау алды" деп тебіреніп кеткен кезі бар.
Қазіргі уақытта жер жүзінде отызға тарта ғарыш айлағы бар. Байқоңыр соның бірі және бірегейі! Соңғы он бес жылда Қазақстан мен Ресей арасында ғарыш айлағы қызметінің барлық саласын реттейтін әрі дамытатын отыздан астам келісімшартқа қол қойылды. 2005 жылы Қазақстан Президенті Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанада "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге және "Байқоңыр" кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты ықпалдастықты одан әрі дамыту туралы меморандумдарға қол қойды. "Байқоңыр" кешенін Ресейге жалға беру 2050 жылға дейін ұзартылды. Бірақ қазақстандықтар бұдан былай қарапайым жал-ға берушінің рөлін ойнағысы келмеді. Ол жөнінде сол жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып Қасым-Жомарт Тоқаев та мәлімдеген еді.
Қазіргі кезде жер спутниктерін басқаруға Қазақстанның ғарыш саласындағы өз азаматтары тартылып отыр. Ғарыштық байланыс және навигация, баллистика, бағдарламалау және телеметрия саласы бойынша ең үздік деген мыңға жуық білікті маманның ішінен сен тұр, мен айтайын дерлік 35 адам іріктеліп алынды. Олар Ресейде оқып-үйрену курсынан өтуде. Қазірдің өзінде отандық операторлар соңынан от бүркіген зымырандарды басқару ісіне машықтанып үлгерді. Жер серіктерін ұшырып, оның жұмысын басқаруға казақтың маңдайы жарқыраған жігіттері сақадай сай отыр. Бұған қалайша қуанбайсың, қалайша марқаймайсың! Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың қатары толығатын күн де қашық емес.
Қазірде Ресейдің ғарышкерлер даярлайтын орталықтарында Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов деген екі қазақ азаматы дайындықтан өту үстінде. «Бұйырса, сол екеуінің бірі аспанға ұшып қалуы мүмкін»- деп 4 жыл бұрын айтылған еді. Иә, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкерлерінің ұшуы 2013 жылдың күзіне жоспарланған. Қазақстандық М. Аймаханов пен А. Айымбетов оқуды 2003 жылдың маусымында Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында бастады. 2005 жылдың шілдесінде екеуі де "ғарышкер-сынақшы" мамандығын алып, қазір ғарышқа ұшқан қазақ ұлдарының қатарын көбейтуге толықтай әзір.
Осыған қарап қазақтың аз уақытта ғарыштық кеңістікке ғаламат құштарлықпен қадам жасауға ұмтылуда ұлтымызды жаңа сапалық белеске көтере түскенін еріксіз мойындайсыз. Бүгінгі таңда өркендеп өсудің жаңа бағыттарын ойластырған елдердің біразы ғарышқа көз тігіп отырғаны бар. Бұл ретте біздің де ғарыштық ғылыми зерттеулерді жетілдіруге бет бұруымыз дұрысақ. Мұның өзі мемлекетіміздің қандай да болмасын күрделі міндеттерді шеше алуға қарымы да, қуаты да жетуге айналғанын айқын көрсетпек.
Өкінішке қарай, еліміздің «Каz-Sat» атты тұңғыш жер серігінің ұшырылуы аса сәтті бола қойған жоқ. Алайда "Жаңаның бәрі найзаның ұшында" дегендей, бұл аталмыш саладағы ғалым мамандарының алдағы зерттеулеріне сабақ болады әрі жігерлерінің туын еш жықпайды деп үміттенеміз.
Мемлекет басшысы алға қойып отырған бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін ғылымымыз қарышты дамуы керек. Ғарыш біле білсек ең күрделі ғылымдардың бірі болып табылады. Бұл бағытта Үкіметіміздің де атқарып отырған жұмыстарын ескергеніміз жөн. Сол азаматтардың көмегімен шетелдерде оқып білім алып жатқан болашақ кадрларымыздың бар екендігін ескерсек, бізде алдыңғы күнге деген үмітіміз молая түсетіні рас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет