Сабақтың тақырыбы: Баланың қандай құқықтары бар?
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;
2) Дамытушылық: ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту;
3) Тәрбиелік:оқушылардың бойына құқықтық,патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру; құқықытық мәдениетін көтеру.
Әдіс-тәсілдер:баяндау, сұрақ-жауап, ойландыру
Көрнекі-құралдар:интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, плакат
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық даярлық.
ІІ Негізгі бөлім
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2. «Бәріміз бірге» ойыны (Басталған сөйлемдерді барлық оқушы бірге хормен аяқтайды.)
- Біздің мемлекетіміз – Қазақстан
- ҚР мемлекеттік тілі – Қазақ тілі
- Мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Әнұран, Ту
- Біздің елордамыз – Астана
- Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев
2. Кіріспе сөз: - Мінекей, балалар, біздің барлығымызға ортақ қаншама нәрсе бар! Сондай-ақ біздің бәрімізге ортақ ережелер мен тәртіп бар. Ол ережелер мен тәртіптер жиынтығы Заң деп аталады. Яғни біз барлығымыз бір заңға бағынамыз.Ол Конституция деп аталады. Бұл заңда біздің құқықтарымыз және міндеттеріміз көрсетілген. Құқық – бізге рұқсат етілген, істеуге болатын нәрселер, ал міндет – біз істеуге, орындауға тиіс нәрселер. Мысалы сендер қазір мектепте білім алып жүрсіңдер, бұл – сендердің құқықтарың, оған ешкім шектеу қоя алмайды. Сонымен қатар сендер орта білім алуға міндеттісіңдер. Міне осындай біздің көптеген құқықтарымыз бен міндеттеріміз жинақталған заң - Конституция болып табылады. ҚР Конституциясы - заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол 1995ж. 30 тамызда қабылданды. Заң – жалпы тәртіптік шара. Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.Конвенция – балалар құқығы туралы шарт. 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ «Бала құқығы туралы» Конвенция қабылдады. Бұл құжат бала-ның жан-жақты өсіп жетілуіне,болашағына жол ашатын бірден-бір құжат. Осы ұйымға мүше болған Қазақ елі де осы құжатқа қол қойды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін , балалар туралы түрлі мәселелерді шешу мақсатында 2002 жылы 8 тамызда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |