Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, шығармашылық көрініс. Көрнекілігі



бет11/14
Дата31.10.2023
өлшемі1.53 Mb.
#481974
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Абай іс шара 2 а

Психологиялық дайындық.
«Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Ізетпенен біз!»
І. «Көршіңді тексер» (Үй тапсырмасын тексеру)
Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағаланады.
ІІ. «Өткенге шолу».


Септік атаулары

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? Не? 




Ілік септік

Кімнің? Ненің?

-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің,.

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

-ға, -ге, -қа, -ке.

Табыс септік

Кімді? Нені?

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

Жатыс септік

Кімде? Неде?

-да, -де, -та, -те.

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

-мен, -бен, -пен.

Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде бастауыш болады. Қар қалың жауды.
ІІІ. «Оқулықпен жұмыс»
А) 25-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, ілік септіктегі сөздерді табу, олардың сөйлемде қандай мүше болып тұрғандарын айту.
Ә) 26-жаттығу.
« Абай» топтастыру стратегиясын құру.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатадай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Тапсырмалар: 1-топ: Өлеңді жатқа жазу.
2-топ: Топтастыру стратегиясын құрайды.
3-топ. Ілік септіктегі сөздерді тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
IV. Көру диктанты



Суретке жалғаулардың тиістісін жалғау арқылы ілік септікте сөз жасау. Жалғаулардың сөздерге әр түрлі жалғану себебін дәлелде. Ілік септіктегі сөздердің әрқайсысын өзі байланысатын сөзбен тіркестіріп жаз.
Үлгі: Шыршаның түсі, жұлдыздың бұрышы, ...
V. Ақпараттық ізденіс.
Мәтінмен жұмыс.
28-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінге ат қой. Мәтіннен ілік септіктегі зат есімдерді тап.
Қ алталылар, қалталы жануарлар, төменгі сатыдағы аңдар (Metatherіa) – сүтқоректілердің бір класс тармағы. Солтүстік Америкада төменгі бор кезеңінен, ал Еуропада эоцен – миоцен дәуірлерінен белгілі. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея, Үлкен Зонд аралында, Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америкада кездеседі. Жаңа Зеландияда жерсіндірілген. Қалталы жануарлардың дене құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Көптеген түрінің бауырында қалтасы болады. Қалтасы жоқ түрлері де кездеседі.
VI. «Демалыс» (Сергіту сәті)
«Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он,
Ал, қанеки, қон!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет