Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, шығармашылық көрініс. Көрнекілігі



бет12/14
Дата31.10.2023
өлшемі1.53 Mb.
#481974
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Абай іс шара 2 а

VІІ. «Білгеніңді пайдалан» (Сабақты бекіту)
А) Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:
Туған ... түтіні де ыстық.
... өзегі талмас.
Ас - ... арқауы.
... шиесін шын шығарады.
Қажетті сөздер:  Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің
Ә) Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.
VІІІ. Үйге тапсырма:
29-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу.

Сәйкестендір.
Емен - ның
сауысқан - тің
құндыз - дың
шебер - нің
ат - тың
сүт - дің

Сабақтың тақырыбы: Абай-дана,Абай-дара қазақта!
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
4. Дамытпалы поэзия сабағы.
Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, шығармашылық көрініс.Көрнекілігі: Абай Құнанбаев, А.С. Пушкиннің портреттері, интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ән- әуез
Сабақтың барысыҰйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
1.«Ата толғау» күйі қосылып тұрады.
Біреулерге болғанмен айдала,
Басын иіп тәу етеді бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
Құдіретіңнен айналайын, сардала.
2.Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,

3 . 1-оқушы. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет