«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап күшіне енеді)
Құрастырылу мақсаты: Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға түсу емтиханы үшін құрастырылған.
Міндеті
М002 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша түсушілердің білім деңгейін анықтау.
Тест мазмұны мен жоспары: Тест қазақ тілінде типтік оқу бағдарламасының төмендегідей тақырыптарына сәйкес «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі» бойынша оқыту материалы енгізіліп құрастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |